- Тау-кен ісі және геоғылымдар
- Металлургия
- Машина жасау
- Автоматтандыру және басқару. Робототехника. Мехатроника
- Энергетика
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
- Құрылыс
- Көлік
- Экономика және менеджмент
- Әлеуметтік-педагогикалық ғылымдар
- Фундаменталды ғылымдар
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің қызметіндегі басты басымдық мамандарды даярлау және цифрлық технологиялар мен «Индустрия 4.0″элементтерінің негізінде ҒЗТКЖ-ны өндіріске енгізу бойынша өңірдің жетекші кәсіпорындарымен өнімді өзара іс-қимыл болып табылады.
Университеттің ғылыми қызметінде халықаралық ынтымақтастықты дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Қазіргі уақытта Кошице қаласындағы (Словакия), техникалық университетімен, Лотарингия университетімен (Мец, Нанси, Франция), Гедемина атындағы Вильнюс техникалық университетімен (Вильнюс қаласы, ЛитваД. Ф. Устинов, Ұлы Петрдің Санкт-Петербург политехникалық университетімен, «МИСиС» ҒЗУ, «ТПУ» ҒЗУ, ИрНИТУ (Ресей Федерациясы) университеттерімен және әлемнің басқа да жетекші техникалық және технологиялық университеттермен ), бірлескен жобалар жүзеге асырылуда.
Университетте жыл сайын ғылыми конференциялар өткізіледі, оның ішінде ең маңыздылары:
- «Ғылым, білім және өндіріс интеграциясы-Ұлт жоспарын жүзеге асырудың негізі» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция (Сағынов оқулары);
- «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асырудағы жастар ғылымының үлесі» атты республикалық студенттік конференция;
Университет 3 республикалық ғылыми журнал шығарады: «Университет еңбектері», «Автоматика және информатика», «Мaterial and Mechanical Engineering Technology».