Қорытынды аттестациялау — бұл мектеп бітіру емтиханы, ал ҰБТ — ЖОО-на түсу емтиханы


Естеріңізге салайық, қорытынды аттестация – мектептегі қорытынды емтихан болса, ҰБТ – ЖОО-ға түсу үшін тапсырылатын емтихан.

11 сынып оқушыларының қорытынды аттестациясы 5 пән бойынша, оның ішінде 4 міндетті (өз ана тілі, екінші тіл, алгебра және анализ бастамалары, Қазақстан тарихы) және бітірушінің таңдаған 1 пәні (ӘГБ — әлеуметтік-гуманитарлық бағыт, ЖМБ – жаратылыстану-математикалық бағыт) негізінде тапсырылады.

Барлық емтихандар, оның ішінде тестілеулер мектеп базасын негізге ала отырып жүзеге асырылатын болады.

Емтихандар қалай жүргізіледі:
1. Өз ана тілі мен әдебиетінен эссе түріндегі жазбаша емтихан (мектептің оқыту тіліне байланысты), оған 3 сағат (180 минут) беріледі.
Оқушылар берілген үш тақырыптың біреуін таңдайды. 250-300 сөзден тұратын эссе жазылуы шарт. Тақырыпты таңдап алған соң, эссенің негізгі идеясын анықтап алу, мәселені тұжырымдау, дәлелдер жазуы, тілдік құралдар мен тілдік әдістерді пайдалану (салыстыру, эпитет, метефора, риторикалық сұрақ, кірме сөздер мен сөйлемдер), эссені жалпы қорытындылаулары қажет.

Орыс тіліндегі эссе тақырыптарының үлгісі:
— Туристер қыдырып келген елінің салт–дәстүрін сақтаулары керек пе?
— Ғылыми-технологиялық прогресстің адаамдарға тигізер әсері бар екеніне келісесіз бе?
— Әртүрлі кинофильмдердің жастарға тигізер әсері үлкен екенісен келісесіз бе?
Барлық жұмысқа бағалаудың бірыңғай өлшемдері қолданылады, бағалау үшін нұсқаулар Білім басқармасына жіберіледі.

  1. Алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан (5 сағат, 300 минут уакыт беріледі) 5 тапсырмадан тұрады.
    Функционалдық сауаттылық деңгейін, ұғымдар мен әдістемелерді пайдалана отырып логикалық жаттығулар мен қосымшалапды шеше білуін, математикалық фактілерді меңгеру дәрежесін анықтауға бағытталған тапсырмалар.
  2. Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан (билет бойынша).
    Әр билетте 3 сұрақтан болады, оның ішінде 2 сұрақ теориялық тұрғыдан болмақ. Үшінші сұрақ – шығармашылық сипаттағы тапсырма (тарихи карталар, кескіндер, хронологиялық тапсырмалар, суреттер және т.б. қолданылады).
  3. Орыс, өзбек, ұйғыр, тәжік тілдерінде оқытатын мектептердегі қазақ тілінен тестілеу немесе қазақ тілінде оқытатын мектептегі орыс тілінен тестілеу(80 минут уақыт беріледі, 40 сұрақ – 40 балл), оның ішінде:
    «лексикалық-грамматикалық» блок – 20 тест тапсырмасы, әр сұрақта бір жауап дұрыс;
    «Тыңдау» блогы – 10 тест тапсырмасы (200-250 сөзден тұратын 2 мәтін);
    «Оқу» блогы – 10 тест тапсырмасы (200-250 сөзден тұратын 2 мәтін).
  4. 1 таңдау пәні бойынша (физика, химия, биология, география, геометрия, шетел тілі (ағылшын тілі, француз тілі, неміс тілі), информатика) тестілеу.
    Барлығы 40 тест тапсырмасы (80 минут уақыт беріледі, 40 сұрақ – 40 балл):
    • 20 тест тапсырмасы, әр сұрақта бір жауап дұрыс (20 балл);
    • 20 тест тапсырмасы, әр сұрақта бірнеше жауап дұрыс (40 балл).

Мектепте екі пән бойынша тестілеу бір күн өтеді.
Емтиханнан алған бағалау нәтижесімен келіспеген жағдайда, оқушы емтихан балының шыққан уақытынан 13 сағат ішінде аудандық және облыстық білім беру департаменті құрған комиссия мүшелеріне апелляциялық шағым түсіреді.

Аттестацияның қорытынды мерзімі министрліктің «2016-2017 оқу жылын аяқтау туралы» (2017 жылдың 30 сәуіріне дейін) бұйрығы арқылы белгіленеді – шамамен 2017 жылдың 29 мамыры мен 9 маусым аралығы.

Аттестацияның қорытындылары туралы барлық материалдарды Ұлттық тестілеу орталығы білім басқармаларына тапсырылады. Білім басқармалары, өз кезегінде, құжаттарды мектептерге дейін жеткізеді. Жазбаша және ауызша емтихандар, сонымен қатар, тесттің жауап парақтары мектептердегі пән бойынша емтихан комиссиясы дұрыс жауаптар кодтары арқылы тексеріліп, бағалайды.

Жазбаша және ауызша емтихандар, сонымен қатар, тесттің жауап парақтары мектептердегі пән бойынша емтихан комиссиялары дұрыс жауаптар кодтары арқылы тексеріп, бағалайды.

Қорытынды аттестациялау материалдары (жауап парақтары, сұрақ кітапшалары және т.б.) бір оқу жылы бойы мектепте сақталады.
Түлектердің мектеп бітіру кештері 2017 жылдың 15 маусымына дейін өткізіледі.

ҰБТ-ға қатысты Бақытжан Сағынтаев, дайындық жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізу қажеттігін баса айтты. Кеңес кезінде ЖОО-на түсу емтиханы ретінде ұсынылған тестілеудің жаңа форматы көрсетілді.

2017 жылғы ҰБТ форматы бойынша 120 сұрақ болмақ, 120 сұрақтың барлығы толық саналады. Ең жоғарғы балл – 140 балл болып табылады, себебі олардың құрамында 2 балл саналатын сұрақтар бар. Яғни, ҰБТ біртіндеп АБТ (академиялық бағалау тестіне) қарай аяңдауда.   Тестілеуді өткізу уақыты сол қалпында қалды – 3 сағат 30 минут, тестілеуден өту ұпайы – 50 балл, ол да өзгерген жоқ.  Сұрақтар 5 пәнге қатысты, яғни, 3 міндетті және 2 бағыт бойынша пәндер бойынша  беріледі», — деді БжҒ министрі Ерлан Сағадиев.

Ол сондай-ақ мекеме қорытынды аттестациялауды ҰБТ-дан ажырату жұмыстарын жүргізгенін де атап өтті, енді қорытынды аттестация – мектептегі қорытынды емтихан, ал ҰБТ – ЖОО-ға түсу үшін тапсырылатын емтихан болмақ. Қорытынды аттестация да 5 пән бойынша: 4 – міндетті, және 1 таңдау пәні түрінде өткізіледі. Ерлан Сағадиев міндетті пәндер қатарынан Қазақстан тарихы пәнінің алынып тасталуы турасында да түсініктеме берді:

«Шындығында, бұл пән қазір екі рет тапсырылады: мектепте және ҰБТ-да. БжҒМ көпшіліктің пікірімен келісіп, Қазақстан тарихы – маңызды пән болғандықтан оның мектепте де, ҰБТ-да да тапсырылуы дұрыс деп шешті. Екінші, «Алтын белгі» және түрлі олимпиадалар, байқаулар,  ғылыми жобалар жеңімпаздары емтиханнан босатылады. Бұқараның бұл пікірін біз де қолдадық» – деді.

 

 

 

 

 

 

Без рубрики