ОПОӘК 5В070900 Құю цехтарының жабдықтары


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті

Бекітемін

Бірінші проректор

____________Исағұлов А.З.

«____» _________ 2014 ж.

ОҚЫТУШЫ ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ELPD 4313 Құю цехтарының жабдықтары пәні бойынша

5В070900 – Металлургия мамандығының студенттері үшін

Машина жасау факультеті

ММ және Н кафедрасы

2014

Алғы сөз

Оқытушы пәнінің оқу-әдістемелік кешенін әзірлеген:

т.ғ.д. ММ және Н кафедрасының доценті Күзембаев С. Б.

 

 

 

ММ және Н кафедрасы отырысында талқыланған

№ _______ хаттама  «____»______________20____ж.

Кафедра меңгерушісінің міндетін атқарушы ____________ В.Ю. Куликов      «____»__________20____ж.

 

 

 

 

Машина жасау факультетінің оқу-әдістемелік бюросымен мақұлданған

№ ________ хаттама  «_____»_____________20____ж.

Төрағасы ___________________ К.Т. Шеров   «____»_________ 20___ ж.

 

1 Оқу жұмыс бағдарламасы

1.1 Оқытушы туралы мәліметтер және байланыстық ақпарат

Күзембаев Серік Бапай-ұлы, т. ғ. к., ММ және Н кафедрасы доценті

ММ және Н кафедрасы ҚарМТУ-дың бас корпусында (Қарағанды қаласы, Мир Бульвары, 56), 313 аудиторияда орналасқан, байланыс телефоны 8 -(3212)-56-59-35, қосымша 1024, электрондық адресі ksb_mlp@mail.ru.

1.2 Пәннің еңбек сыйымдылығы

Семестр

Кредиттер саны

Сабақтардың түрі

СӨЖ сағаттар саны

Жалпы сағаттар саны

Бақылау түрі

 

Қосылған сағаттар саны

ОСӨЖ сағатта-рының саны

бар-лығы сағаттар саны

 

дәрістер

практикалық сабақтар

зертханалық сабақтар

ECTS

7

5

45

15

15

75

150

75

225

КЖ,

емтихан

7,5

 

1.3 Пәннің сипаттамасы

Құю цехының жабдықтары пәні құю цехының технологиялық құрылғылары туралы негізгі мәліметтер қарастыратын «бейінді пәндер» циклінің таңдауы бойынша құрауышысы болып табылады.

1.4 Пәннің мақсаты

Пән мақсаты: құю цехының негізгі технологиялық құрал-жабдығының конструкциясы мен жұмыс процесін оқып білу және көрсеткіштерін есептеуді меңгеру болып табылады.

1.5 Пәннің міндеттері

Пән міндеттері келесідей:

Студентерді технологиялық құрал-жабдықтың тағайындалуы мен қолдану салаларымен және жобалау мен жоба есебінің принциптерімен таныстыруы болу керек.

Берілген пәнді зерделеу нәтижесінде студенттердің:

– құю цехының технологиялық құрал-жабдығының негізгі типтері туралы, сондай-ақ жадығат сақтау және беру құрылғылары туралы түсінігі болуы керек.

– технологиялық құю машиналары негізгі түрлерінің жалпы құрылысын, конструкция өзгешеліктері мен пайдалану салаларын, негізгі параметрлер таңдау әдістемесін білуі керек.

– құрал-жабдықтың құрылысы мен жұмыс істеу ерекшеліктерін талдай алуы, негізгі конструкциялық-техникалық көрсеткіштерін анықтай алуы, түйіндер мен механизмдер жобалау үшін есепті-графикалық жұмыстар орындала алуы, есептеудің қазіргі заман құралдар мен әдістерімен колдана алуы керек.

– машина зерделеудің, жұмыс сызбалары мен жоба есептерін (оның ішінде дербес компьютермен пайдалана отырып) орындаудың практикалық дағдыларын иеленуі керек.

1.6 Айрықша деректемелер

Берілген пәнді зерделеу үшін келесі пәндерді меңгеру қажет:

Пән

Бөлімдердің (тақырыптардың) атауы

1 Сызба геометрия және инженерлік графика Бөлшек сызбасы
Құрастыру сызбасы және спецификация
2 Құю өндірісінің технологиясы Толық курс
3 Құюдың арнайы түрлері Толық курс

1.7 Тұрақты деректемелер

Құю цехының жабдықтары пәнін зерделеу кезінде алынған білімдер «Құю машиналарының және технологияларының АЖЖ», «Жобалау негіздері және металлургиялық объекттерді жобалау» меңгеру барысында және арнайы пәндер бойынша курстық жобалар мен семестрлік жұмыстар орындау кезінде, сондай-ақ дипломдық жобалауда пайдаланылады.

1.8 Пәннің мазмұны

1.8.1 Сабақтардың түрлері бойынша пәннің мазмұны және олардың еңбек сыйымдылығы

 

Бөлімнің (тақырыптың) атауы

Сабақтардың түрлері бойынша еңбек сыйымдылығы, сағ.

дәріс-тер

практи-калық

зертха-налық

ОСӨЖ

СӨЖ

1

2

3

4

5

6

1 Кіріспе. Курс мақсаты мен міндеттері. Құю цехы құрал-жабдықтарын жіктеу және белгілеу

1

2

2

2 Жаңа қалыптау материалдар дайындау құрал-жабдығы. Кептіргіштер. Ұсатқыштар. Диірмендер

1

1

1

2

2

3 Пайдаланылған қоспа өңдеу құрал-жабдығы. Елеуіштер. Темір айырғыштар. Жаңғыртқыштар. Ауаландырғыштар

1

1

2

2

2

4 Шанақтар. Типтері, конструкциясы және жоба есебі. Жүк ілініумен куресу шаралары

1

2

2

5 Шанақтан жадығат беру құрылғылары. Жапқыштар. Қоректендіргіштер. Мөлшерлеуіштер

1

1

2

2

2

6 Қоспа дайындайтын құрал-жабдық. Катокты жүгіргіштер. Үздіксіз жұмыс істейтін және басқа араластырғыштар

1

1

2

2

2

7 Жаншу машиналары. Процестің геометриялық түсініктері. Жаншу механизмдері типтері

1

1

2

2

2

8 Жоғары жылдамдықты жаншу (ЖЖЖ) құрылғылары. ЖЖЖ мәні. Машинаның жалпы құрылысы мен жұмысы. Процесс талдауы

1

2

2

9 Сілку машиналары. Сілку механизмдерін жіктеу. Конструкциялық өзгешеліктері

1

1

2

2

2

10 Құм үрлеуіш машиналар. Құм үрлеу бүршігінің принципиалды нобайы. Конструкция дамуы

1

2

2

11 Құм атқыш механизмдер. Жалпы құрылысы. Пайдалану саласы. Конструкция ерекшеліктері

1

1

2

2

12 Жоғары импульсті агрегаттар. Процесс мәні. Жоғары импульсті бүршік құрылысы

1

2

2

13 Төмен импульсті құрылғылары. Қалыптау тәсілдері мен машина түрлері. Клапан конструкциялары

1

1

2

2

14 Газ импульсті қондырғылар. Процестің мәні. Машинаның жалпы құрылысы. Конструкциялық элементтер

1

2

2

15 Қоспа лақтырғыштар. Қоспа лақтыру бүршігінің құрылысы. Машина типтері.

1

2

2

2

16 Арнаулы және құрастырылған қалыртау машиналар

1

2

2

17 Құйма босатқыш құрал-жабдық. Дірілдеуіш құрылғылар. Механикалық торлар. Барабандар. Престер

1

1

2

2

2

18 Өзекшені құймадан босататын құрал-жабдық. Дірілдеуіш құрылғылар т.б.

1

2

2

19 Құйма кесу құрал-жабдығы. Кескіш балғалар. Кесіп алатын станоктар. Жалынмен кесу құрал-жабдығы

1

2

2

20 Құйма тазалау құрал-жабдығы. Галтов барабандары. Ағындық және импульсті тазалау құрал-жабдығы

1

1

2

2

21 Тазартқыш құрал-жабдық. Түрпілі сайман мен құрал-жабдық. Ажарлауыш сайман таңдау ережесі. Жалынмен тазарту құрал-жабдығы

1

2

2

22 Құюды механикаландыру мен автоматтандыру. Құю шөміштері. Құюды механикаландыру. Автоматтандыру принциптері

1

2

2

23 Құюды автоматтандыру мен роботтандыру. Автоматты құю құрылғыларға (АҚҚ) қойылатын талаптар. АҚҚ және РТК

1

1

2

2

24 Өзекше жасайтын РТК. Өзекше жасау, өңдеу, қалыпқа орнату РТК-лары

1

2

2

25 Финиш операциялары РТК-лары. Кесу, тазалау, тазарту РТК-лары

1

2

2

26 Қысыммен құю РТК-лары

1

1

2

2

27 Құю арнайы түрлерінің РТК-лары

1

1

2

2

28 Құю цехы автоматты тізбектерінің жалпы сипаттамасы. Жіктеуі. Типтік АҚТ құрамы

1

2

2

29 АҚТ негізгі технологиялық элементтері. Қалыптау, қалып құрастрыру т.б. құрал-жабдығы

1

1

2

2

30 АҚТ қосалқы элементтері. Құю конвейеры. АҚТ көлік элементтері

1

2

2

БАРЛЫҒЫ:

15

15

15

60

60

1.8.2. Курстық жобалар тақырыптамасы

1 Қалыптау құм кептіргіш түйіндері мен механизмдерінің конструкциясын жобалау.

2 Пневматикалық кұм кептіргіш түйіндері мен механизмдерінің конструкциясын жобалау.

3 Кесекті зат сақтау жүйесі қоңдырғы түйіндері мен механизмдерінің конструкциясын жобалау.

4 Барабанды елеуіш түйіндері мен механизмдерінің конструкциясын жобалау.

5 Білікті ұсатқыш түйіндері мен механизмдерінің конструкциясын жобалау.

6 Мөлшерлеуіш құрылғысы механизмдерінің конструкциясын жобалау.

7 Сусымалы зат түйіршектеу қондырғы түйіндері мен механизмдерінің конструкциясын жобалау.

8 Балқыту пешінің бұру механизмі түйіндері мен механизмдерінің конструкциясын жобалау.

9 Вагранкаға шихта салу құрылғысының түйіндері мен механизмдерінің конструкциясын жобалау.

10 Қалыптау қоспасын дайындайтын катокты құрылғысының түйіндері мен механизмдерінің конструкциясын жобалау.

11 Өзекше қоспасын дайындайтын қалақшалы құрылғысы механизмдерінің конструкциясын жобалау.

12 Үлгісі 2Б83 типті өзеше жасау қоңдырғы түйіндері мен механизмдерінің конструкциясын жобалау.

13 Қалыптау жаншу машина түйіндері мен механизмдерінің конструкциясын жобалау.

14 Үлгісі ПФ-5 типті қалыптау машина түйіндері мен механизмдерінің конструкциясын жобалау.

15 Қалыптау сілку-жаншу машинасы түйіндері мен механизмдерінің конструкциясын жобалау.

16 Қоспа лақтырғыш құрылғысы түйіндері мен механизмдерінің конструкциясын жобалау.

17 Қалыптан құйма босату жүйесінің түйіндері мен механизмдерінің конструкциясын жобалау.

18 Құйма кесу РТК түйіндері мен механизмдерінің конструкциясын жобалау.

19 Үздіксіз әрекетті құйма тазалау барабан түйіндері мен механизмдерінің конструкциясын жобалау.

20 Құйма тазалайтын бытыра атқыш барабан түйіндері мен механизмдерінің конструкциясын жобалау.

1.9 Негізгі әдебиеттер тізімі

1. Аксенов П. Н. Оборудование литейных цехов. – М.: Машиностроение, 1977.

2. Аксенов П. Н., Орлов Г. М., Благонравов Б. П. Машины литейного производства: Атлас конструкций. – М.: Машиностроение, 1972.

3. Немировский Р. Г. Автоматические линии литейного производства. – М.: Машиностроение, 1981.

4. Беликов О. А., Каширцев Л. П. Приводы литейных машин. – М.: Машиностроение, 1971.

5. Күзембаев С. Б., Кипнис Л. С., Боқанов Ж. Ө. Құю цехының құрал-жабдықтары, роботтары және манипуляторлары пәні бойынша лабораториялық сабақтар өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар. – Қарағанды: ҚарМТУ, 2003.

6. Сафронов В. Я. Справочник по литейному оборудованию. – М.: Машиностроение, 1985.

 

1.10 Қосымша әдебиеттер тізімі

7. Матвеенко И. В., Тарский В. Л. Оборудование литейных цехов. – М.: Машиностроение, 1985.

8. Горский А. И. Расчет машин и механизмов автоматических линий литейного производства. – М.: Машиностроение, 1978.

9. Кузембаев С. Б., Кипнис Л. С., Исагулов А. З. Машины литейного производства: Учебное пособие. – Караганда: КарГТУ, 2002.

10. Күзембаев С. Б., Кипнис Л. С., Исағұлов А. З. Құю цехының құрал-жабдықтары: машиналар мен механизмдер есептеу негіздері: Оқу құралы. – Қарағанды: ҚарМТУ, 2001.

1.11 Студенттердің білімдерін бағалау критерийлері

Пән бойынша емтихан бағасы межелік бақылау бойынша үлгерімнің барынша үлкен көрсеткіштерінің (60 % дейін) және қорытынды аттестацияның (емтиханның) (40 % дейін) қосындысы ретінде анықталады және кестеге сәйкес 100 % дейінгі мәнді құрайды.

 

Әріптік жүйе бойынша бағалау

Балл-дар

%-тік құрамы

Дәстүрлі  жүйе бойынша бағалау

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-89

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

Z

0

0

30-49

0-29

Қанағаттанарлықсыз

 

Аралық бақылау оқытудың 7-ші және 14-ші апталарында жүргізіледі және бақылаудың келесі түрлерінен алғанда қалыптасады:

Бақылау түрі

%-тік құрамы

Оқытудың академиялық кезеңі, апта

Барлығы, %

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Сабаққа қатысушылық

0,2

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

3

Практикалық сабақтар

1,0

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

15

Зерт.жұмыстар

1,0

*

*

*

*

*

*

*

7

Бақылау модулі (ат-ция)

3

*

*

6

ОСӨЖ

0,3

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

3,0

СӨЖ

0,6

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

6,0

Курстық жоба

20

*

20

Барлығы (аттестация бойынша)

30

30

60

Емтихан

40

40

Барлығы

100

 

1.12 Саясаты және процедуралары

Құю цехтарының жабдықтары пәнін зерделеу кезінде келесі ережелерді сақтауды сұраймын:

1. Сабаққа кешікпей келуді.

2 Дәлелді себепсіз сабақ босатпауды, ауырған жағдайда анықтама, ал басқа жағдайларда түсініктеме хат ұсынуды.

3 Студенттің міндетіне барлық сабақтарға қатысу кіреді.

4 Оқу процесінің күнтізбелік жоспарына сәйкес бақылаудың барлық түрлерін тапсыру.

5 Жіберілген практикалық және зертханалық сабақтар оқытушы белгілеген уақытта қайта тапсыру.

6 Сағыз резеңкені шайнамау.

7 Ұялы телефонды сөндіру.

 

1.13 Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілгендігі

Автордың

Аты-жөні

Оқу-әдістемелік әдебиеттердің атауы

Баспасы, шыққан жылы

Даналар саны

кітапханада

кафедрада

Негізгі әдебиеттер

1. Аксенов П. Н. Оборудование литейных цехов

М.: Машиностроение, 1977

93

2. Аксенов П. Н., Орлов Г. М.,

Благонравов Б. П.

Машины литейного производства: Атлас конструкций

М.: Машиностроение, 1972

83

10

3. Немировский Р.Г. Автоматические линии литейного производства

М.: Машиностроение, 1981

10

4. Беликов О.А.,

Каширцев Л.П.

Приводы литейных машин

М.: Машиностроение, 1971

10

5. Күзембаев С. Б.,

Кипнис Л. С.,

Боқанов Ж. Ө.

Құю цехының құрал-жабдықтары, роботтары және манипуляторлары пәні бойынша лабораториялық сабақтар өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар.

Қарағанды: ҚарМТУ, 2003

10

25

6. Сафронов В.Я. Справочник по литейному оборудованию

М.: Машиностроение, 1985

30

2

Қосымша әдебиет

7. Матвеенко И. В., Тарский В. Л. Оборудование литейных цехов

М.: Машиностроение, 1985

1

8 Горский А. И. Расчет машин и механизмов автоматических линий литейного производства

М.: Машиностроение, 1978

9

1

9. Кузембаев С. Б., Кипнис Л. С., Исагулов А. З. Машины литейного производства: Учебное пособие

Караганда: КарГТУ, 2002

20

10 Күзембаев С. Б., Кипнис Л. С.,

Исағұлов А. З.

Құю цехының құрал-жабдықтары: машиналар мен механизмдер есептеу негіздері: Оқу құралы

Қарағанды: ҚарМТУ, 2001

25

5

 

2 Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі

Бақылау түрі

Тапсырманың мақсаты мен мазмұны

Ұсынылатын әдебиеттер

Орындау ұзақтығы

Бақылау түрі

Тапсыру мерзімі

№ 1-6 практикалық жұмыстар Теориялық білімді тереңдету

[1, 2, 6, 7]

7 апта

ағымды

1-7-ші аптада

СӨЖ бойынша есеп беру Тиісті тақырыптар жөнінде білімді тереңдету

[1, 2, 6, 7]

7 апта

ағымды

1-7-ші аптада

№ 1-4 зертханалық жұмыстар Теориялық білімді тереңдету

[1, 2, 6, 7]

7 апта

ағымды

1-7-ші аптада

№ 1-бақылау жұмысы Өткен тақырыптар білімдерінің деңгейін тексеру

[1, 2, 6, 7]

1 біріккен сағат

аралық

7-ші аптада

№ 7-14 практикалық жұмыстар Теориялық білімді тереңдету

[1, 2, 6, 7]

7 апта

ағымды

8-14-ші аптада

СӨЖ бойынша есеп беру Тиісті тақырыптар жөнінде білімді тереңдету

[1, 2, 6, 7]

7 апта

ағымды

8-14-ші аптада

№ 5-8 зертханалық жұмыстар Теориялық білімді тереңдету

[1, 2, 6, 7]

7 апта

ағымды

8-14-ші аптада

№ 2-бақылау жұмысы Өткен тақырыптар білімдерінің деңгейін тексеру

[1-3, 6, 7]

1 біріккен сағат

аралық

14-ші аптада

Курстық жобасын қорғау Пән материалының меңгерілу деңгейін тексеру

[1-10]

15 апта

аралық

15-ші аптада

Емтихан Пән материалының меңгерілу деңгейін тексеру

Негізгі және қосымша әдебиеттің жалпы тізімі

2 біріккен сағаттар

қорытынды бақылау

сессияда

3 Дәрістердің қысқаша жазбасы

1-тақырып Кіріспе (1-сағ)

Дәрістер жоспары

1. Курс мақсаты мен міндеттері.

2. Құю цехы құрал-жабдықтарының жалпы сипаттамасы.

3. Технологиялық құю машиналарын белгілеу.

1 Курс мақсаты мен міндеттері

Курс міндеттері – құю цехы көтергіш-тасымалдағыш және технологиялық құрал-жабдығының негізгі түрлері мен жадығат сақтау және беру қондырғылары туралы, олардың конструкциялық өзгешеліктері мен жұмыс істеу принциптері және тағайындалуы мен пайдалану салалары жөнінде, жобалау және конструкциялау негіздері туралы түсінік беру. Соңғы мақсат – студентті құйма заты мен құю технологиясына сүйеніп тиісті тасымалдағыш не технологиялық машина сұрыптап алып оның негізгі конструкциялық-технологиялық параметрлерін анықтауға үйрету.

 

2 Құю цехы құрал-жабдықтарының жалпы сипаттамасы

Құюдың технологиялық процесі көп операциялар керек қылады, және олар бірталайы өте нашар экологиялық жағдайда өтеді (көп шаң, газ және жылу бөлінеді). Бұған қоса машина жасаудың басқа процестерден айырмашылығы – заттың бір ғана агрегаттық қүйімен емес бүкіл үш түрімен (сұйық, қатты, газ тәрізді) айнылысу керек. Сол себепті құю өндірісінде машина мен механизмдердің көпшілік типтері қолдануда. Олар шартты түрде екі топқа айыру мүмкін:

– жалпы пайдаланатын құрал-жабдық, бұған жататындар – көтергіш-тасымалдығыщ құрылғылар (КТҚ – түрлі крандар, көтергіштер, конвейерлер т.б.), пештер (балқығыш, кептіргіш, термиялық т.б.), желдету және суыту құрылғылары т.с.с.

– арнайы технологиялық құрал-жабдық, яғни құюға тән өзгеше операцияларды орындауға арналған машиналар. Олар конструкциясы көбінесе ерекше болады.

 

3 Технологиялық құю машиналарын белгілеу

Басқалармен салыстырғанда құю машиналары пайдаланудың едәуір нашарлау жағдайда болады: температура жоғары, күшті вибрация, түрпілі тозу т.б. Сондықтан олардың алуан түрлері өте көп. Жіктеу мақсатымен бүкіл құрал-жабдық міндет артуы бойынша он технологиялық топқа бөлінген:

1 – қалыптау жадығаттар өңдеу мен қалып және өзекше қоспаларын дайындау үшін арналған құрал-жабдық;

2 – құю қалыптары мен өзекшелерін жасау құрал-жабдығы;

3 – құйманы қалыптан және өзекшені құймадан босататын құрал-жабдық;

4 – құйма тазалауға және тазартуға арналған құрал-жабдық;

5 – қабыршақты қалыпқа құю құрал-жабдығы;

6 – балқығыш үлгілер арқылы құю үшін құрал-жабдық;

7 – қысыммен құю құрал-жабдығы;

8 – кокильге құюға арналған құрал-жабдық;

9 – ортадан тепкіш құюдың құрал-жабдығы;

10 – құю қорытпасын түрлендіру, мөлшерлеу және құю үшін қолданатын құрал-жабдық.

Құю машиналары осы топтастыруы арқылы белгіленеді. Ауелде үш санды, кейін бес санды белгілеу әзірленді. Бірінші сан құрылғының технологиялық тобын, екіншісі – технологиялық тобын, үшіншісі – конструкциялық типін, екі ақырғы сан өлшемтүрін анықтайды.

Ұсынылатын әдебиеттер: [6], С. 3-6, [3], С. 5-22.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары:

1. Құю техникасы даму тарихы.

2. Құю құрал-жабдығын белгілеу.

3. Құю машиналарының үш сандық және бес сандық белгілеуі.

 

2-тақырып Жаңа қалыптау материалдар дайындау құрал-жабдығы (1-сағ)

Дәрістер жоспары

1. Кептіргіштер.

2. Құю ұсатқыштары.

3. Диірмендер тағайындалуы мен жұмыс процесі.

1 Кептіргіштер

Құю цехында құм, көмір, құю өзекшелері мен қалыптары кептіріледі. Құм үшін әдеттегідей бір немесе көп жүрісті барабанды кептіргіште, балшық үшін көп оттықты кептіргіш қолданады. Көмірді үгіткен кезде ақырын кептіреді, себебі құрамындағы өте пайдалы ұшқыш заттардың ұшып кетуі мүмкін. Қалыптар мен өзекшелерді камералық және өтпелі кептіргіште кептіреді.

 

2 Құю ұсатқыштары

Құю цехында балшықты, көмірді, пайдаланылған өзекшелерді, құрғақ қалыптар қалдықтарың т.с.с. майдалау керек болады. Әдетте ұсақтату процесі екі сатымен орындалады: басында дөрекі уату, содан соң жұқа үгіту. Ұсату ұсатқыш, үгіту диірмен жәрдемімен өткізіледі.

Ұсақтайтын орган пішініне байланысты ұсатқыштардың жақты, білікті, балғалы, конус тәрізді т.б. түрлерін айырады.

Жақты ұсатқыш жақтар деген екі плитадан тұрады. Оның бір плитасы қозғалмайды, екіншісі жылжымалы. Жылжымалы плита қисық тиек арқылы топсалы тіректе теңселіп материал кесектерін қозғалмайтын жаққа қысып езеді. Жақ қозғалысы қарапайым және күрделі болуы мүмкін. Жадығат жақтар арасында үйкеліс күші әсерімен ұсталынады. Сондықтан ұсатқыштың негізгі көрсеткіштері ретінде қармау бұрышы мен қисық тиектің айналу жиілігі болып табылады.

Білікті ұсатқыш екі бір-біріне қарсы және синхронды айналатын біліктен тұрады. Ұсақтату дәрежесі біліктер арасындағы саңылаумен байланысты. Оны реттеу үшін бір білік жылжымалы етіп бекітіледі. Біліктер беті тегіс, тұтқырландырылған немесе тісті болуы мүмкін. Тегіс біліктер жадығатты езеді. Тісті біліктер материал кесектерін шағады, сондықтан олар морт сынғыш заттар ұсақтауға ұсыныланады.

Балғалы ұсатқыш материалды тез айналып тұрған балғалармен ұрып майдалайды. Балғалар роторға шарнирлер жәрдемімен бекітіледі. Ұсатқыштың ішкі жағы тозуға төзімді болат плиталармен (сауытпен) қапталады. Дайын өнім ұсатқыштың астыңдағы оттықтың торы арқылы түсіп шығады. Кемістігі – балғалар мен қаптауы өте тез қажалады.

 

3 Диірмендер тағайындалуы мен жұмыс процесі

Диірмендер затты жұқа үгітуге арналады. Олар шарлы яғни барабанды, балғалы және кресс, дірілдеуіш немесе вибрациялы, ағынды диірмендер, үгітетін жүгіргіштер т.б. түрлері болып бөлінеді.

Шарлы диірмен ішіне көп ауыр шар салынған айналмалы барабан болып көрінеді. Барабан айналғанда оның қабырғасымен еліктірілген шарлар кейбір биіктікке көтерілген соң қабырғасынан үзіліп кетіп құлап жадығатты соғып ұсақтайды. Диірмен жұмысының тиімділігі шар үзіліп кеткен нүкте биіктігі мен үзіліп кету α бұрыша байланысты.

Егер шар барабанның қабырғасынан үзіліп кетпей оған жапсырылып тұрса, диірмен жұмыс істемейді. Сондықтан шеткі шарты мынадай:

Рц = G.

Одан n айналу жиілігі анықталады. Ол n кр кризистік жиілігін аспау керек:

n < n кр =                                                          (2.1)

бұндағы R, D – барабанның ішкі радиусы мен диаметрі, м.

Диірменді өнімділігін ең жоғары етіп немесе энергия пайдалануын ең үнемді етіп екі тәртіппен жүргізуге мүмкін.

Өнімділігі ең үлкен тәртібі үшін шар құлау биіктігі ең жоғары болу керек. Бұл шарт αmax = 54°40′ болғанда қамтамасыз етіледі және айналымдар қажетті саны мынадай:

n = .                                  (2.2)

Диірмен өнімділігіне бұкіл шар қабаттарының арасында сыртқы қабат әсері ең манызды, себебі онда шарлар саны ең көп. Алайда диірмен жұмысының үнемділігі толық жүктемесімен байланысты. Демек, барлық шарлар қолайлы жағдайда жұмыс істейтін болуға тиісті. Яғни олардың бәрі де amax = 540 40′ бұрыш астынан ұшатын болу кажет. Сонда энергияның салыстырмалы жұмсалуы ең төмен болады.

Бұл ең үнемді тәртіпті анықтау мақсатымен барлық шарларды бір шартты қабатымен ауыстырып қоямыз. Ол редуцияланған қабат деп аталады. Оның радиусы барабанға тиелген шар жүктемесінің инерциясы радиусына тең:

,                                                                  (2.3)

осындағы R – барабан ішкі радиусы (шар жүктемесінің ең үлкен радиусы), м;

R1 – жүктеменің ең кіші радиусы, м:   R1 = 250 / n 2.

Редуцияланған қабатты қолайлы жағдайға келтіреміз. Сонда (2.2) өрнек арқылы:

.

R0 мен R1 (2.3) өрнекке ауыстырып қойып, үнемді тәртіптің айналу жиілігін анықтаймыз:

 

Диірменді шармен тиеу коэффициенті былай анықталады:

 

мұндағы Ғш – барабандағы бүкіл шарлардың қима ауданы, м2.

Диірмен ең үлкен абсолют өнімділігімен жұмыс істегенде φ = 0,4; жұмыс тәртібі ең үнемді болса φ = 0,54. Бірінші жағдайда шарлар диаметрі dшR /9 болуы ұсынылады. Екіншісінде dшR /12 болуы жөн.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1], С. 284-312, [6], С. 6-30, [8], С. 72-74.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары:

1. Кептіргіштер түрлері мен конструкциясы.

2. Шарлы диірмен жұмыс процесі.

3. Түрлі диірмендер кұрылысы мен жұмысы.

 

3-тақырып Пайдаланылған қоспа өңдеу құрал-жабдығы (1-сағ)

Дәрістер жоспары

1. Елеуіштер.

2. Темір айырғыштар.

3. Жаңғыртқыштар.

 

1 Елеуіштер

Елеуіш деп сусымалы заттарды торлар арқылы өткізе елеп түйіршіктер ірілігі бойынша бөлуге арналған тетікті атайды. Тор беті полотно деп, тор тесігі көз деп аталады. Пішіні арқылы елеуіштерді жазық және барабанды деп, орналасуы арқылы горизонталь және көлбеу деп ажыратады.

Пішіні арқылы елеуіштерді жазық және барабанды деп, орналасуы арқылы горизонталь және көлбеу деп ажыратады.

Теңселмелі елеуіштер қисық тиек арқылы қозғалысқа келтірілетін тор болып табылады. Зат бөлшегі елеуіш полотносы бойымен инерция күші ықпалымен сырғанайды. Елеудің қолайлы жылдамдығы былай табылады:

υ опт = 2,36 ,                                                          (3.1)

бұндағы  – еленетін жадығаттың ең үлкен өлшемі, м.

Егер елеуіш жылдамдығы осы шамадан басқа болса, елеу жұмыс нәтижелігі кішірееді.

Көлбеу елеуіштің жоба есебі ұқсас, тек α көлбеу бұрышы есепке алынады:

.                                                      (3.2)

α көлбеу бұрышы заттың науа бойында φ үйкеліс бұрышынан кіші болу қажет, әйтпесе ол өзі-өзімен төмен қарай сырғанап кетеді: αφ. Көлбеу елеуіштердің елеу жылдамдығы горизонталь елеуіштердікінен кішірек. Теңселме елеуіштер қазіргі заманда аз қолданылады, көбінесе шағын құю цехтарында құрғақ құмды елеу үшін ғана.

Пайдаланылған қоспаны көбінесе барабанды елеуіштермен елейді. Барабанды елеуіштер бүйір беті тор сияқты айналмалы барабан болып көрінеді. Жадығат бір ұшынан үздіксіз салынады. Барабан айналғанда тиелген жүк тор беттері арқылы өтіп еленеді. Еленбеген ірі кесектер елеуіштің екінші ұшынан төгіліп түседі. Барабан цилиндр немесе конус тәрізді, дөңгелек немесе көп қырлы болады. Елеуіш көлденең немесе көлбеу орнатылады. Ең жақсы түрі пирамида тәрізді көп қырлы көлбеу елеуіш болып табылады. Және де ол үлкенірек жағынан тиелінетін болуы дұрыс, өйткені бас жағында жүк мөлшері көбірек болып, барабан бойымен біртіндеп азаяды.

Көп қырлы елеуіштер өнімділігі теңсемелі електер өнімділігін артады, себебі жадығаттың вертикал жылдамдығы жоғарырақ.

 

2 Темір айырғыштар

Темірді қоспадан айыру үшін тек тұрақты электр магнит қолдаланылады. Құю цехында айырғыштардың мынадай түрлері кездеседі: магниттік шкивтер мен барабандар және ленталы немесе дискілі сеператорлар.

Шкивті темір айырғыш немесе магниттік шкив ленталы конвейер ұшында жетекші шкив ретінде орнатылады. Беймагнит материал лентадан еркін түсіп кетеді. Феррмагнитті енулер магнит өрісімен лентаға тартылып, шкивті өткеннен кейін ғана лентадан үзіліп арнаулы ыдысқа түседі. Электр магнит бірнеше өзек темірден және оған кигізілген орауыштардан тұрады. Магниттер полюстылығы кезектес болу үшін олардың ораушы орамдарының бағыттары қарама-қарсы етіп орындалады.

Барабанды темір айырғыш немесе магниттік барабан. магнит емес материалдан, мысалы, жезден жасалған айналмалы барабан ішінде орналасқан қозғалмайтын электр магниті болып көрінеді. Оның орауышы барабанның өсіне параллел немесе перпендикуляр болуы мүмкін. Екінші жағдайда магнит өрісі күштірек. Бұл темір айырғыш шкивті айырғыштан сенімділеу, бірақ өнімділігі азырақ.

Ленталы және дискілі сеператорлар, немесе аспалы темір айырғыштар пайдаланылған қоспа конвейерінің үстінде 150…250 мм-дей биіктікке ілінеді.

Ленталы сеператор қоспа конвейері осіне перпендикуляр орналасады. Осы темір айырғыш ортасында қозғалмайтын жазық электр магнит орнатылған қысқа ленталы конвейер болып табылады. Магнитті енулер лентамен конвейердің шет жағына тасымалданады. Ол үшін темір айырғыштың лентасында бойлық магнит емес қырлар жасалады.

Дискілі айырғыш пайдаланылған қоспа конвейеріне параллель орнатылады. Ол айналмалы жалпақ беймагнит дисктен және оның үстіндегі қозғалмайтын электр магниттен тұрады.

Басқа темір айырғыштарға қарағанда аспалы сеператорларға күштірек магнит керек, себебі конвейерден магнитке дейінгі ара қашықтығы көбірек.

Іс жүзінде дискілі немесе ленталы темір айырғыштар барабанды немесе шкивті темір айырғыштармен қатар қолданылады. Біріншілер конвейер ортасында, ал екіншілер конвейер шетінде орналасады. Ол үшін пайдаланылған қоспаны конвейерден конвейерге аударыстырады.

 

3 Жаңғыртқыштар

Жаңғырту – пайдаланылған жадығатты қайтадан пайдалануға жарамды ету мақсатымен қалпына келтіру. Пайдаланылған қоспадағы құмды жаңғырту процесі бөлшектер бетінен инертті болған байланыстырғыш қабыршағын алу мен келесі шаңсыздатудан яғни сеперациядан тұрады. Құмды ылғалды және құрғақ жолмен жаңғыртуға болады. Оған сәйкес жаңғырту тәсілдері ылғалды және құрғақ болып бөлінеді.

Ылғалды жаңғырту көбінесе өзекшелерді құймадан сумен шығарғанда қолданылады. Су ағыны өзекше қоспасын шайып кесіп жырады. Сонымен балшық қабыршақтары құмнан шайылып жуылады. Пульпа гидравликалық сұрыптауыштар жүйесіне жіберіледі. Онда құм түйіршіктері ірілігі бойынша бөлініп сұрыпталынып балшықтан босатылады. Сұрыптауыштың конус тәрізді және спиральді түрлері бірге қолданылады. Олар бір-біріне жүйелі бірізді орналасады. Конус тәрізді сұрыптауышта құм жуылып тазаланады, кейін спиральді сұрыптауышта судан ажыратылып қоюландырылады.

Конус тәрізді сұрыптауышта пульпа ұстінен кіргізіледі. Ауыр құмшықтар конустың астынғы жағында жиналады. Ал олардан жуылып алынған балшық қабыршақтары, басқа жеңілірек бөлшектері және шаң су ағынымен тұндырғышқа айдап әкетіледі. Жиналған таза құм спиральді сұрыптауышқа жіберіледі.

Спиральді сұрыптауыш көлбеу шнек болып көрінеді. Жуылған таза құм үстіне қарай көтеріледі, саз бен су төмен құйылып кетеді. Сұрыптауыштан шыққан құмның ылғалдылығы 30 % болады. Онымен қайтадан пайдалануға болады, тек алдын ала сусыздандырып кептіру керек. Сөйтсе де оның сапасы жаңа құм сапасынан нашарлау, себебі бірталай түйіршіктер бетінде қатты жабысқан байланыстырғыш қабыршақтар жуылмай қалады. Сондықтан оларды ысқылап тазалау дұрыс болар еді. Құмды кәдімгі жүгіргіштер жәрдемімен тазалауға болады, бірақ арнайы машинамен пайдалануы дұрыстау болып келеді.

Құмды ысқылап тазалауға арналған машина екі камерадан тұрады. Екеуі де астынғы және үстінгі импеллері (айдауышы) бар тік тұрған осьпен жабдықталады. Импеллердің қалақшалары оське әртүрлі бұрыш астында көлбеу бекітілу себебімен тиелген заттың айдауыштар арасында қарама-қарсы бағытталған қатты ағындары пайда болады. Құмшықтар бір-біріне соғылып және үйкелісіп тазаланады. Тазаланған құмды таза сумен жуып қайтадан бірнеше спиральді сұрыптауышпен қоюландырып дренаждық қамбаларға жібереді. Онда құм 5…10 % дейін сусыздандырылады. Пайдаланудың алдында құмды барабанды кептіргішпен немесе басқа әдіспен кептіреді. Осындай құм сапасы бойынша құрамында 0,5…1 % балшығы бар байытылған құмға сәйкес келеді.

Процестің шаңсыздығы оның маңызды артықшылығы болып саналады. Гидравликалық жаңғырту ең нәтижелі алайда өте көп су жұмсалады: құмның 1 м3-ке 15 м3-ге дейінгі су керек. Және де барлық құрал-жабдықты орнату үшін көп орын керек. Кәдімгі ылғалды (гидравликалық) жаңғырту тек суда еритін байланыстырғыш негізіндегі қоспалар үшін тиімді.

Қазіргі уақытта сұйық шыны және жасанды (синтетикалық) байланыстырғыш негізінде істелінген қоспаны химиялық ылғалды тәсілмен жаңғыртуға арналған жұмыстар жүргізіледі. Олар мәні инертті қабыршақты қышқылмен немесе сілтімен ерітіп содан кейін құмды бейтараптындыру.

Термиялық жаңғырту май, шайыр және сұйық шыны байланыстырғышы негізіндегі қоспалар үшін орынды. Қоспаны 60..1000 °С-пен біраз қыздырған соң суытып шаңсыздатады. Қыздыруды түрлі пеште істеуге болады: барабанды, көп оттықты (шахталы), қайнаумалы қабаты бар т.б. Соңғы жағдайда құм жылумен өңделіп қоса шаңсыздатылады.

Инертті байланыстырғыш қабыршағын келесі машиналармен ажыратып алып құмды механикалық жаңғыртуға болады.

Құмның бетін ысқылап тазалау үшін дөңгелектері резенкемен қапталған жүгіргіштер, шарлы диірмендер және білікті ұсатқыш тәрізді тетіктер пайдаланылады.

Механикалық соққымен жаңғыртуға арналған құрылғыда қоспа ағыны тез айналып тұрған ротор қалақшаларына беріледі. Түйіршіктер центрден тепкіш күштер әрекетімен шапшаңдатылып құрылғының тұрқы қабырғасына соғылады. Құм бөлшектері бір-біріне және қалақшаға үйкеліскенде және тұрқыға соғылғанда олардың қабыршақтары бұзылып бөлінеді. Пайда болған қоспаны шансыздатады. Осы жұмыс жабық камераның ішінде немесе басқа жерде өткізіледі.

Құмды ауа соққымен жаңғырту ең кеңінен таралған тәсіл болып табылады. Ауа ағыны сопло арқылы жоғары жылдамдықпен құрылғы ішіне енгізіледі. Ол құмшықтарды тік тұрған түтікке тартып әкетіп қозғалтып тездетеді. Түтіктен жоғары жылдамдығымен ұшып шыққан бөлшектер тойтару-езуші қалқанға соғылады. Қозғалыс бойы бір-біріне үйкеліскенде және кейін қалқанға соғылып үйкеліскенде түйіршік беті тазаланады. Бөлініп қалған байланыстырғыш пен басқа майдалықтарды ауа ағыны сүзгішке әкетеді. Төмен түскен құм жартылай тысқа ағып шығады, жартылай қайта өңдеуге кетеді. Мынадай жаңғырту тетігінің көп бөлікті болуы мүмкін. Сонда ол бірнеше (8-ге дейінгі) біз ізді орналасқан дәл осындай құрылғыдан тұрады.

Инфра дыбысты жаңғырту былай жүргізіледі. Пайдаланылған қоспаның пульпасы иілгіш мембранамен жабдықталған құбырға енгізіледі. Мембраналар құбыр бойымен жиілігі 8-15 Гц инфра дыбысты өрісті таратады. Сол өріс пульпа ішінде күшті акустикалық тербелісті қоздырады. Тербеліс арқасында пульпа қарқынды сапырып араластырылады, сонымен құм түйіршіктері бетіндегі қабыршақтардан айырылып қалады. Бірақ осындай және онан кіші жиілікті инфра дыбысты тербеліс адамға өте зиянды болуын ескеру қажет.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1], С. 312-326, [6], С. 37-52, [8], С. 59-62.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары:

1. Жадығаттың елеуіш арқылы өту шарты.

2. Темір айырғыштың жұмыс процесі.

3. Пневматикалық және электр сеператорлары жұмыс істеу негізі мен конструкциясы.

 

4-тақырып Шанақтар (1-сағ)

Дәрістер жоспары

1. Шанақ типтері.

2. Шанақ конструкциясы мен жоба есебі.

3. Жүк ілінуімен күресу шаралары.

1 Шанақ типтері

Шанақ теп заттар сақтауға арналған төбесінен тиеленіп астынан босатылатын құрылғыны айтады. Ол негізінен сусымалы және ұсақ кесекті не даналық заттар сақтауға арналады.

Шанақтар пішіні, сыйымдылығы және міндет артуы бойынша жіктеледі. Әдетте шанақтар сыйымдылығы келесі шеттерінде алынады:

— өзекше жасайтын машиналардың: 0,3…1 м3;

— қалып жасайтын машиналардың: 2…12 м3;

— араластырғыштардың: 10…25 м3;

— тұндырғыш шанақтар: 50…120 м3.

Шанақтар пішіні тікбұрышты не төртбұрышты, пирамида және дөңгелек әлде сопақ конус тәрізді болуы мүмкін. Құю цехында екі бөлікті құрама шанақтар жиірек қолданылады, және де олардың үстінгі жағының қимасы көбінесе тұрақты етіп жасалады.

 

2 Шанақ конструкциясым мен жоба есебі

Шанақ пісірілген болат қабырғалары мен түбінен тұрады. Шанақ қабырғаларын (шанақ қаптауын) темір парақтардан жасайды және сыртқы қаңқамен күшейтеді. Қаңқа үшбұрыштан немесе басқа жұқартылған (прокатталған) профильден істелінеді.

Шанақ қабырғаларының ең кіші көлбеу бұрышы құрғақ құм үшін 45°, ылғалды қоспа үшін 60° және пайдаланылған қоспа үшін 50° тең. Шанақ биіктігі жоспарындағы ең үлкен өлшемінен 2…2,5 есе көбірек болып алынады. Шанақтың астындағы шығар тесігі жапқышпен, қоректендіргішпен немесе дозалауышпен жабдықталады.

Егер жадығатты керегіне қарай кез-келген мөлшермен жеке үлестермен беру қажет болса, сонда жапқыш пайдаланылады. Қоректендіргіш шанақтағы материалды уақыт бойы біркелкі үздіксіз ағынымен жібере береді. Мөлшерлеуіш затты белгілі үлестермен оқтың-оқтың шығару үшін қолданылады.

 

3 Жүк ілінуімен күресу шаралары

Шанақтан байланысқан зат ағып шыққанда оның сыналасуы мүмкін, түйірлі және даналы жадығат ағып түскенде шанақ ішінде күмбез түзілу (сводообразование) мүмкін. Оны болдырмау мақсатымен шанаққа тиісті пішіні мен өлшемдерін береді; іргелерін өте тегіс етіп өңдейді немесе ішінен тозуға төзімді әлде антифрикциялық затпен қаптайды; ағуды жеңілдететін құрылғылар пайдаланады. Олар механикалық, дірілдеуіш, акустикалық, пневматикалық болады.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1], С. 254-263, [3], С. 369-393.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары:

1. Шанақ міндет артуы мен конструкциясы.

2. Шанақ парақтарының жоба есебі.

3. Шанақтағы жүк ілінуге қарсы шаралар.

 

5-тақырып Шанақтан жадығат беру құрылғылары (1-сағ)

Дәрістер жоспары

1. Жапқыштар.

2. Қоректендіргіштер.

3. Мөлшерлеуіштер.

 

1 Жапқыштар

Жапқып (затвор) дегеніміз – бұл материалдың керек мөлшерін мезгіл-мезгіл жіберетін тетік. Затвордың шиберлі, секторлы, жақты, жалюзи тәрізді т.б. түрлері бар.

Шиберлі жапқыш бағыттауыштар немесе роликтер бойынша жылжитын жалпақ сұқпа жапқыш болып көрінеді. Әдетте тісті рейка мен шынжырлы блоктан тұратын қол жетегі қолданылады. Шиберлі затвор шанақпен сирек пайдаланған кезде немесе жерді үнемдеу үшін орнатылады. Негізгі кемшілігі – ақырын жұмыс істейді.

Секторлы жапқыш өз осі айнала бұрылатын цилиндрлі жапқыштың бір түрі. Ол рычаг пен тартқыш арқылы қолмен немесе пневматикалық цилиндрмен ашылып жабылады. Затвор қарсы салмақ арқасында жабылады. Кемістігі – жапқышты ашып-жапқанда жадығат ағыны ортадан шетке қарай ығысып кетеді. Жүк ағынын ортаға келтіру мақсатымен осы затвор бұрылып қисаятын науамен жиі жабдықталады.

Жақты (жақтар тәрізді) жапқыш тісті секторлар көмегімен өзара байланысқан екі бұрылатын цилиндрлік ысырмадан (жақтардан) тұрады. Бір жағы оган бекітілген рычаг арқылы қолмен немесе механикалық жетекпен ашылып жабылады. Оған қоса қарсы салмақ қолданылады. Мынадай жапқышпен қалып жасайтын машиналар шанақтары өте жиі жабдықталады, себебі опоканың тік бағытта және орталық толтыруын қамтамасыз етеді. Басқару рычагының жүрісі секторлық затвор рычагынікінен екі есе кішірек. Кемшілігі – конструкциясы қиынырақ.

Жалюзи тәрізді жапқыш бірнеше айналмалы жазық жапқыштан тұрады және пневматикалық, механикалық немесе электр механикалық жетекпен жүргізіледі. Жадығат шанақтан тік бағытта біркелкі ағынымен шығады.

 

2 Қоректендіргіштер

Қоректендіргіш – затты біркелкі үздіксіз ағынмен жіберуге арналған құрылғы. Құю цехында ең жиі кездесетін түрлері мыналар:

а) қысқа конвейер тәрізді: ленталы, пластиналы, шнекті, науа секілді т.с.с.

б) барабан тәрізді: қалақшалы немесе жұлдыз секілді;

в) жазық: дискілі қоректендіргіш.

Ленталы, пластиналы және трактармен қоректендіргіштер нобайы бірдей. Шексіз лента жетектеуші мен керуші барабандарды айнала қоршайды. Лента резинаның бірнеше қабатынан, жазық металл пластиналардан немесе трактардан тұратын болуы мүмкін. Лентадағы жатқан материал қабатының қалыңдығы яғни жүктің шығыны шанақтың алдынғы қабырғасындағы жапқышпен реттелінеді.

Ленталы қоректендіргіштің жылдамдығы 1…2 м/с, лента ені 1,0…1,2 м дейінгі болады. Пластиналы қоректендіргіш жылдамдығы бірталай аздау – 0,1…0,2 м/с, металл полотносының ені 0,3…1 м. Пластиналар көбінесе биіктігі 0,12 м-ге жететін бүйір ернеулермен жабдықталады.

Дірілдеуіш немесе науа тәрізді қоректендіргіш. Серіппелі пластиналарда немесе рессорда көлбеу тұрған науа дірілдеткіш арқасында 50 Гц жиілігімен және 2 мм-дей аплитудасымен теңселеді. Жүк шығыны жапқышпен және науа амплитудасы өзгертуімен реттеледі.

Бұрандалы (шнекті) қоректендіргіш түтік тәрізді науа ішінде айналып тұрған винттен немесе шнектен тұрады. Материал науа түбіндегі тесік арқылы шығады. Шығар тесігі бітіліп қалмау үшін бұранданың бірнеше соңғы айналымдарын бағыты теріс. Жүк шығыны бұранда айналу жиілігімен реттелінеді. Кемістіктері: шнек пен науа қатты қажалады, жұмыс істегенде көп энергия жұмсалады.

Дисклі немесе табақшалы қоректендіргіш шанақтың шығар тесігінің дәл астында орнатылған жалпақ дисктен тұрады. Диск тұрақты жылдамдықпен вертикаль осьті айнала үздіксіз айналады. Шанақ тесігінен ағып жатқан жадығат дискке түсіп оның бетінен қырғышпен алынады. Зат шыққан кезде қатты шашілмасын деп шығар тесігіне манжета деген ерекше сақина кигізіледі. Жүк шығыны манжета орналасу биіктігімен және қырғыш орын ауыстырумен реттелінеді.

Қалақшалы немесе жұлдыз тәрізді қоректендіргіштің цилиндрлік тұрқы ішінде қалақшалар бекітілген білік бірқалыпты айналып тұр. Қалақшалар тұрқының ішкі көлемін бірнеше жеке бөліктерге айырады. Жадығат олардан өтіп өте жоғары дәлдікпен өлшеніп шығады. Жүк шығыны білік айналу жиілігі өзгеруімен реттелінеді.

 

3 Мөлшерлеуіштер

Мөлшерлеуіш (дозалауыш) – затты белгілі үлестермен кезеңді жіберетін тетік. Дозалауыш үздіксіз және оқтын-оқтын жұмыс істей алады. Бірінші жағдай оны қоректендіргіш ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.

Материалдың қажетті мөлшерін оның көлемі және салмағы бойынша өлшеп алуға болады. Оған сәйкес мөлшерлеуіштер көлемдік және салмақтық болып бөлінеді.

Салмақ бойынша регізінен қатты заттарды дозалайды. Салмақтық мөлшерлеуіштер рычагты немесе серіппелі таразы болып көрінеді. Көлемдік мөлшерлеуіштермен салыстырғанда дәлдігі жоғарырақ, бірақ сенімділігі төменірек. Шихта заттарды өлшеуге және қалыпқа металл құюды реттеу үшін қолданылады.

Көлемдік мөлшерлеуіштермен қатты, газ тәріздес және сұйық заттар өлшеп алу мүмкін. Қатты жадығаттар мөлшерлеуіштерінің ең кеңінен таралған түрлері: шанақты, қорапты, шиберлі және барабанды.

Шанақты мөлшерлеуіш көлемі белгілі аралық шанақ болып табылады. Ол негізгі шанақтың астына бекітіледі және әдетте жақтар тәрізді жапқышпен жабдықталады. Шанақ пен мөлшерлеуіш жапқыштарының жұмысы үйлеседі: біреуі ашық болғанда, екіншісі жабық болуы керек.

Қорапты мөлшерлеуіш көлемі белгілі түбісіз қорап немесе арбаша болып көрінеді. Қорап қозғалмайтын плита бойымен шанақтың шығар тесігінен жүктен босатылу орынға дейін арты-алға жүреді. Көбінесе қорап пневматикалық жетекпен жүргізіледі.

Барабанды немесе бұрылмалы мөлшерлеуіш пневматикалық цилиндрмен бұрылатын өзгеше пішінді қорап екен. Айналғанда қораптың артқы қабырғасы шанақтың шығар тесігін жауып қояды. Басқаруы қарапайым, мөлшерлеу дәлдігі жоғары, бірақ жасауы қиынырақ.

Шиберлі мөлшерлеуіш белгілі ара қашақтықта бекітілген екі жазық жапқыштан тұрады. Олар арасы қажетті көлем құрайды. Жапқыштар кезекпен жұмыс істейді.

Сұйық заттарды көлемі бойынша өлшеуіш бакпен немесе поршенді дозалауышпен өлшеп алады.

Өлшеуіш бак деп көлемі белгілі ыдысты айтады.

Поршенді дозалауыш пневматикалық немесе гидравликалық цилиндр болып табылады. Сұйық зат мөлшері цилиндр қақпақтарының арасындағы көлеммен анықталады. Көлемді штоктағы гайкамен реттеуге болады.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1], С. 263-269, [3], С. 388-393, [7], С. 417-440.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары:

1. Жапқыш ашу күшін есептеу.

2. Салмақ және көлем бойынша мөлшерлеуіштердің кемшіліктері және артықшылықтары.

3. Түрлі қоректендіргіштер пайдалану аймақтары.

 

6-тақырып Қоспа дайындайтын құрал-жабдық (1-сағ)

Дәрістер жоспары

1. Катокты (аунақты) жүгіргіштер.

2. Үздіксіз жұмыс істейтін араластырғыштар.

3. Араластырғыштардың басқа түрлері.

1 Аунақты жүгіргіштер

Катокты араластырғыштарды жүгіргіштер деп айтады. Құю цехында Симпсон конструкциясының жүгіргіштері немесе кәдімгі жүгіргіштер ең жиі кездеседі. Олар қозғалмайтын тостағаннан, жетектің орталық білігінде бекітілген тік айналатын қос дөңгелектен (аунақтан, катоктардан) және екі немесе үш қалақшадан (түреннен) тұрады. Катоктың металл құрсауы көбінесе тегіс. Катоктар тостаған түбінен жоғарырақ орналасады және де сол саңылауды реттеуге болады. Орталық білікті айналдырғанда катоктар тостаған түбіндегі жадығат қабаты арқылы домалайды. Түрендер қоспаны қопсытып катоктар астына бағыттайды. Дайын қоспаны түбіндегі есік арқылы тысқа жіберіледі.

Жүгіргіштер кез-келген құм-балшықты қалып және өзекше қоспаларын дайындауға келеді. Жұмысты істеу тәртібі үзік,яғни қоспа жеке үлестермен жасалады . Бір илеме дайындау уақыты қоспа түріне байланысты және көбінесе 2-5 минуттан (толықтырғыш қоспа) 10-15 минутқа дейін (беттік қоспа) келеді.

Кәдімгі жүгіргіштегі қоспа араластыруы үш процестін қосарлануымен жүзеге асады:

1. Қоспа қабатын кезектесіп катоктармен езу және қалақшалармен борпылдату;

2. Қоспаны қалақшалармен араластыру;

3. Катоктар сырғанауы арқасында қоспаны ысқылау, сол себепті қоспа түйіршіктері айналады және байланыстырғыш қабатымен қапталады.

Центрден тепкіш немесе маятникті араластырғыштар тостағаннан және тез айналатын ротордан тұрады. Ротор айналу жылдамдығы кәдімгі араластырғыштікін (жүгіргіштердің) 3-4 есе асады. Ротордың бетінде әрбір биіктікте 2-3 каток орналасады. Бүйір жағында оларға сәйкестірілген көлбеу қалақшалар бекітіледі. Олар қоспаны тостаған түбінен теріп алып катоктар астына лақтырып шашады. Қоспа центрден тепкіш күш әсерімен бір-біріне және тостаған қабырғасына үйкелісіп байланыстырғышпен қапталады.

 

2 Үздіксіз жұмыс істейтін араластырғыштар

Автоматты құю тізбегі үшін қоспаны үздіксіз жасау мақсатымен қосарланған араластырғаш немесе «жүгіргіш-восьмерка» (8 сан тәрізді) ойлап шығарылған. Ол жалпы тостағанда орналасқан екі аунақты жүгіргіштен тұрады. Жүгіргіштер қарама-қарсы бағытта айналады. Қоспа құраушыларын үздіксіз бір шетінен беріп екінші шетінен дайын қоспа алады.

Тез қатаятын қоспаны шнекті және қалақшалы араластырғашта дайындайды. Оның құрылысы винтті конвейерге өте ұқсас.

 

3 Араластырғыштардың басқа түрлері

Құю цехында тостағаны айналмалы жүгіргіштер, бір немесе үш катогы бар жүгіргіштер, барабанды араластырғаштар мен басқа түрлері кездеседі.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1], С. 326-338, [6], С. 52-60, [7], С. 42-82.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары:

1. Қоспаны жүгіргіште дайындау операцияларының тәртібі.

2. Ортадан тепкіш жүгіргіштің жұмыс процесі.

3. Қос жүгіргіштің құрылысы мен жұмысы.

 

7-тақырып Жаншу машиналары (1-сағ.)

Дәрістер жоспары

1. Процестің геометриялық түсініктері.

2. Жаншу кезіндегі опокадағы қоспаның кернеуленген-деформацияланған күйі.

3. Жаншу механизмдері түрлері

1 Процестің геометриялық түсініктері

Тығыздағанда технологиялық кеңдікте (опока мен толықтырғыш рамкада) жатқан қоспаның массасы өзгермейді. Демек, жаншу кезінде қоспа бағанасының орташа тығыздығы сол бағана биіктігі кемуіне пропорционал өзгереді. Бұдан қоспа орташа тығыздығына баға беру мүмкін. Опока үлгісіз болса қоспаны бір көлем ретінде қарастыруға болады. Сонда масса сақталу заңы былай жазылады:

Fоп (Ноп + h) ρ0 = Fоп Ноп ρ,                                          (7.1)

мұндағы: Fоп – опока көлденең қимасының ауданы;  Ноп, h – опока мен толықтырғыш рамка биіктігі;  ρ0, ρ – қоспаның бастапқы және ақырғы тығыздығы.

Одан                                                                                      (7.2)

және

.                                                             (7.3)

(7.3) өрнекпен үлгісіз опока үшін толықтырғыш рамка биіктігін есептейді.

Үлгі бар опокадағы қоспа көлемін үлгі пішініне сәйкес үлгі манайындағы I және үлгі үстіндегі II аймақтарына бөлу мүмкін. Әр аймағын жеке вертикал бағана ретінде қарастырып және қоспаның бір аймақтан басқа аймаққа ағуын есепке алмай бағананың орташа тығыздығын табуға болады.

Үлгі манайындағы I аймағы үшін жоғарыдағы есеп пайдалануы мүмкін:

.                                                         (7.4)

Үлгі үстіндегі II көлем үшін масса сақталу заңы:

 

Fм (НопНм + h) ρ0 = Fм (НопНм)ρ II,                     (7.5)

содан:                                                                                (7.6)

бұндағы Fм, Нм – үлгі көлдеңен қимасы ауданы мен биіктігі.

(7.2) және (7.4) өрнектерден түрлі аймақтардағы қоспа бірдей тығыздалмайтындығы айқын, және де

.                                                   (7.7)

Сонымен, үлгі үстінде қоспа артық тығыздалады. Неғұрлым үлгі биігірек болса, соғұрлым артық тығыздалуы күштірек болады, өйткені опока мен үлгі биіктер айырмашылығы азаюымен (1.7) қатынас үлкееді.

 

2 Жаншу кезіндегі опокадағы қоспаның кернеуленген-деформацияланған күйі

Опока үлгісіз жағдай. Қоспа жоғары жаншу арқылы қатты жазық плитамен қысылады деп санайық. Қоспаға келесі күштер әсер етеді: жаншу плитасы қысымы – Рп, бүйір қысым – Рб, сыртқы үйкеліс күші – R, ол бүйір Rб және тік Rт болып ажырайды. Бүйір қысым құм бөлшектері бір біріне сыналасу арқасында пайда болып тік күш мөлшеріне байланысты:

Рб = ξ Рп,                                                                    (7.8)

осындағы ξ – бүйір қысым коэффициенті.

Осы бүйір қысым қоспаның опока мен үлгі тік қабырғаларына үйкелісті (Rб бүйір үйкелісті) тудырады. Rт тік үйкеліс жаншу мен үлгі плиталары бетінде және үлгінің горизонтал беттерінде байқалады.

Қоспадағы сығу кернеулерін бағалау мақсатымен жаншу плитасынан z ара қашықтығында жатқан қалындығы dz тең қоспаның қарапайым қабатын қарастырайық. Оған Pz тік қысу қысымынан түзілген сығу күші, (Pz + dPz) қарсы қысымнан пайда болған қарама-қарсы кедергі күші және бүйір үйкеліс Тб = ƒРб = ξƒРz (мұндағы ƒ – қоспаның сыртқы үйкеліс коэффициенті) әсер етеді. Қарапайымдық үшін барлық күштер тиісті аудандарда біркелкі таралған деп санайық. Алынған қабат үшін тепе-теңдік теңдеуі мынадай:

Pz Fоп – (Pz + d Pz) FопξƒРz Fоп Uоп d z = 0,     (7.9)

осындағы Uоп – опока периметрі.

Интергал алып және бастапқы дерек (z = 0 болғанда Рz = Рn) қойған соң, жаншу плитасынан z ара қашықтағы σz кернеуіне баға беретін өрнек табамыз:

.                                        (7.10)

Осы әдістемесінің кемшілігі – тік үйкеліс есепке алынбайды.

Үлгі бар опока. Қалып қоспасының аққыштық қасиетіне ие болуы мәлім. Сондықтан қоспа кысу кернеуі үлкен ауданынан кішірек кернеуленген жерге орын ауыстырады. Бұл құбылыс опоканы үлгімен тығыздағанда әсіресе жақсы көрінеді.

Үлгісі бар қалыпта үлгі үстіңдегі І көлемде қоспа тығыздығы жоғары. Бұл көлемде қысу кернеулері де ІІ және қалып қалтасы деп аталатын үлгі мен опока қабырғасы арасындағы ІІІ көлемдегі кернеулерден жоғарырақ болады. Қалып қоспасы шеткі тепе-теңдік күйіне тезірек келеді. Деформация көбінесе ығысу арқылы өтетін болуымен ағу қасиеті арқасында қоспаның кейбір бөлшектері қысу кернеуі жоғары І көлемнен кернеуі төменірек ІІ көлемдерге ағып ауысады. Одан әрі тығыздығында қоспа ІІ көлемнен ІІІ көлемге орын ауысады. Қоспа бір көлемнен екіншісіне ағып ауысқанда қосымша тығыздалады.

Қоспаның көлемдер арасында бірізді ағым ауысқан көземелін пайдаланып ең төмен кернеуленген ІІІ көлемнің тығыздығын технологиялық қажетті маңызға жеткізу үшін керекті жаншу күшін бағалау мүмкін. І көлемде қоспаға жаншу плитасынан таралған σ1 вертикаль қысымы әсер етеді: σ1 = f (Рп). Ол σ2 = f (σ1) бүйір қысым қоздыруын туғызады. Қоспа σ2 бүйір қысымы арқылы І көлемнен ІІ көлемге ағып ауысады. Содан соң σ2 әсерімен ІІ көлемде σ3 = f (σ2) бүйір қысымы пайда болады. Ол қоспаның ІІ көлемнен ІІІ көлемге ауысуына себеп болады. σ3 қысымы үлгі плитасына әсер ететін σ4 вертикаль қысымын түзеді.

Оны (1.10) өрнекпен есептеуге болады:

,                               (7.11)

 

мұндағы F – қалып қалтасы ауданы, ол опока Fоп мен үлгі Fм аудандары айырмашылығына тең, демек F = FопFм;

U – опока Uоп мен үлгі Uм периметрлері қосындасы: U = Uоп + Uм.

Сөйтіп:   σ4 = f (σ3)           σ3 = f (σ2)              σ2 = f (σ1)                 σ1 = f (Pп)

Мына жолмен қысу күші жаншу плитасынан құю қалыбының қалтасына беріледі.

σ4 қосымша қысымды бағалау үшін басында бізге σ3 күшін есептеу қажет. Жаншу күші І және ІІ көлемдердегі вертикаль күштерге, ІІ және ІІІ көлемдердегі үйкеліс күштерін қосқанда есептеледі.

Қажетті жаншу күші келесі теңдеу арқылы анықталады:

Рп = σ1Ғм + σ3(ҒопҒм) + σ2 f Uоп(НопНм) + σ3 ξ f (Uоп + Uм) Нм.    (7.12)

(7.12) теңдеудің үшінші мүшесі ІІ көлемдегі қоспаның опока қабырғасына үйкелісу күшін, ал төртінші мүшесі ІІІ көлемдегі қоспамен опоканың және үлгі арасындағы үйкеліс күштерін білдіреді.

Есептеу тәсілінің кемшіліктері:

– карапайым пішінді үлгілер үшін ғана жарайтындығы;

– үйкелістің горизонталь түрлерінің (қоспаның жаншу плитасына және үлгі плитасына) есепке алынбауы.

 

3 Жаншу механизмдері түрлері

Жаншу механизмінде жетектердің бүкіл түрлерін, оның ішінде ерекше түрін де пайдалануы мүмкін. Қалыпқа қойылатын шарттарға қарай үстінгі, астыңғы, екі жақты немесе бірізді жаншуды іске асыруға болады. Жаншу күшін жұмыс қысымын жоғарылату арқасында немесе қысым күшейткіштері (мультипликаторлар мен рычагты механизмдер) көмегімен көбейтеді. Тығыздықтың біркелкілігін пішінделген немесе серпімді жаншу колодкаларын, жаншу диафрагмалары мен торларын, активті және пассивті көп плунжерлы жаншу бүршіктерін қолдануымен қамтамасаз етеді.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1], Б. 28-73, [9], Б. 86-107, [2, 8-10].

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары:

1. Жаншу құрылғылары гидр жетегінің өзгешелектері.

2. Опокада қоспа тығыздығы таралуын жақсарту тәсілдері және керекті құрал-жабдық.

3. Жаншу цилиндрінің жұмыс процесі.

 

8-тақырып Жоғары жылдамжықты жаншу (ЖЖЖ) құрылғылары (1-сағ.)

Дәрістер жоспары

1. ЖЖЖ мәні.

2. ЖЖЖ машинасы жалпы құрылысы мен жұмысы.

3. Жұмыс процесін талдау.

1 ЖЖЖ мәні

Жоғары жылдамдықты жаншу немесе ЖЖЖ-процесі маңызы шамамен 6…10 м/с тең жылдамдығымен қозғала жатқан жаншу плитасы не колодкасы соғумен қалыптау қоспаны тығыздау. Үлгі бекітілуі орнына байланысты – машина үстелінде не жаншу плитасында – жаншу жоғарғы не төменгі болып келеді. Соққылар саны бірнеше болуы мүмкін.

 

2 ЖЖЖ машинасы жалпы құрылысы мен жұмысы

Жаншу колодкасы жетегін пневматикалық, құрама гидр пневматикалық гидравликалық аккумулятормен, электр магнитті және импульсті алуға болады. Бірінші түрі ең кеңінен таралған болып табылады. Оларда көбінесе пневматикалық жаншу цилиндрі ауа ресиверімен қатысады. Гидравликалық шығындар кемиту және жұмыс тиімділігін көтеру мақсатымен әдеттегідей цилиндрдің поршень үстіндегі қуысын ашық етіп жасайды. Машина габаритін кішірейту үшін цилиндрді ресивер ішіне орнатуға болады. Поршень штогында жаншу (соққы) плитасы бекіледі. Бастапқы (үстінгі) күйінде ол технологиялық кеңдікте жатқан қоспаның бос бетінен Нх ара қашығында орналасады. Бұл аралықты плитаның бос (зая) жүрісі деп айтады. Плитаны үстінгі күйінде арнаулы бекіткіштер ұстап тұрады.

Опоканы толықтырғыш рамкамен машина жұмыс үстеліне қойып қоспа салады. Ресиверді сығылғын ауамен қажетті қысымға дейінгі толтырады және бекіткіштер ашады. Ауа қысымы мен өз салмағы әсерімен соққыш плита құлайды. Бос жүрісі учаскесінде колодка шапшандатылып керекті жылдамдығына ие болады. Сол жылдамдығымен қалып қоспасына соғып оны тығыздайды. Бұдан кейін плита бастапқы күйіне көтеріледі және тағы да онда бекітіледі.

 

3 Жұмыс процесін талдау

Ресивердегі алғашқы қысымның әсері. Ол жоғары болуымен процестің пайдалы жұмысы де үлкееді. Соққыш плита ие болған күш қысымы мен оның үдеуі де көбееді. Қалыптау процесі интенсивтілеу өтеді, тығыздау сапасы жақсарады.

Ресивердегі ақырғы қысымның әсері. Негұрлым ол кішірек болса, соғұрлым поршень көтеру қарсы қысымының жұмысы кішірек.

Соғу плитасының массасы. Бұның әсері қос (екі жақты). Бір жағынан ол өсуімен поршень көтеру жұмысы де көбірек. Басқа жағынан, колодка массасы үлкеюымен оның үдеуі жоғарылайды және тығыздау жұмысы көбееді.

Зая жүрістің әсері. Оның ұзаруымен пайдалы жұмыс көбееді. Алайда сонымен қатар плита көтеру шығыны де, қарсы қысым жұмысы де жоғарылайды. Сонымен процесс реттеуді бос жүріс үлкейту орнына ресивердегі бастапқы қысым өзгеру арқасында жасау дұрыстау болып келеді.

Ұсынылатын әдебиеттер: [9], [13], Б. 28-31.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары:

1. ЖЖЖ-құрылғылары қолдану саласы, артықшылықтары мен кемшіліктері.

2. ЖЖЖ-бүршіктерінің түрлері мен жетектері.

3. Индикаторлық диаграмманы құру және талдау.

 

9-тақырып Сілку машиналары (1-сағ.)

Дәрістер жоспары

1. Сілку механизмдерінің жіктелуі.

2. Сілку құрылғылары конструкциялық өзгешеліктері.

3. Жұмыс процесі мен оны талдау.

1 Сілку механизмдерінің жіктелуі

Сілкіндіру қалыптау машинаның негізгі торабы сілкіндіру механизмі болып табылады. Сілку механизмдері келесі белгілер бойынша бөлінеді: жетек түрі; соққылар амартизациясы дәрежесі; жұмыс процесінің сипаттамасы; ауа тарату түрі бойынша.

Жетек түрі кез келген болу мүмкін. Ең жиі пневматикалық жетек кездеседі. Пневматикалық сілку механизмі поршенді қалыптау құрылғылардың ең қарапайым түрі болып көрінеді, өйткені екі-ақ негізгі бөліктен тұрады: сілку цилиндрі мен сілку поршенінен. Бірақ оның жұмыс процесі жаншу механизмінен күрделілеу.

Сілку цилиндрі ауа енгізер және ауа шығар тесіктерімен жабдықталады. Ауаның таратылу поршеннің, клапанның және золотник механизмдері болады. Поршеннің ауа таралуы сілку механизмдерінде поршень жұмысымен арқылы болады. Поршень жұмыс кезінде ауа жіберу және шығару тесіктерін ашады немесе жабады. Механизмдер осындай ауаның топтастырылуымен жұмыстағы қарапайымдылығына, сенімділігіне қарай жиі қолданылады. Кемшілік: сілкіндіру биіктігін реттеуге болмайды.

Пневматикалық механизмде қысылған ауаның энергиясы тек қана қоспа тығыздау жұмысына ауысады. Энергияның үлкен бөлігі үстелдің соғу кезінде станинамен, табанымен және т.б. жойылады. Сілку механизмдер соққы табанға беріледі, оларды соғу амортизациясыз машиналар деп атайды. Ең көп пайдаланылатын соққы амартизациялы машиналар.

Жұмыс процесі сипаттамасына қарай, сілку механизмдері ауа беру үзілімді және көлемі ұлғаюсыз, ауа беру үзілімді және ауа көлемі ұлғаюымен, ауа беру үздіксіз және ауа ұлғаюсыз болады.

 

2 Сілку құрылғылары конструкциялық өзгешеліктері

Ауа беру үздіксіз механизмдеріне тән ерекшелігі – сілку цилиндрі әрқашан ауа қысымы астында болады, себебі шығар тесігі жабылмай ауа цилиндр қуысына үздіксіз беріле береді.

Ауа көлемін ұлғайтпай ауаны мезгіл мезгіл беру үшін екі ершікті клапан ең тиімді қамтамасыз етеді. Шығар тесігі енгізер тесігі жабылуымен бір мезгіл ашылады. Ал поршень төмен түскенде клапан шығар тесігін ұзақ мерзім бойы ашық етіп ұстап тұрады. Ауа толығыран шығу арқасында соққы күштірек болады.

Соғу амортизациясы қоспа тығыздауға жұмсалмаған соққының қалдық энергиясын жұтуға арналады және машина табаның мерзімсіз бұзылудын сақтайды. Ол үшін серпінді элементтер қолданады, мысалы, серпінділер, пневмобалондар, олардың ауаны жібергенде сығылу кезінде энергия жиналады, ал ауаны шығару кезінде соққы жұмысына ауысады. Нәтижесінде сілку механизмі қуаты жоғарылайды.

 

3 Жұмыс процесі мен оны талдау

Сілку механизмі жұмыс процесі индикаторлық диаграмма жәрдемімен зерттеледі. Диаграмма салу мен зерделеу әдістемесі [1] оқулықта жеткілікті мөлшерде берілген.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1], Б. 75-148, [9], Б. 108-127, [2, 3, 8, 10].

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары:

1. Сілку механизмі индикаторлық диаграмма түсіру және талдау.

2. Соққыштар бар сілку құрылғының конструкциясы мен жұмысы.

3. Поршенді және клапанды ауа таратумен механизмдері.

 

10-тақырып Қоспа үрлеу машиналары (1-сағ.)

Дәрістер жоспары

1. Қоспа үрлеу бүршігінің принципиалдық нобайы.

2. Қоспа үрлеуіш конструкциялардың дамуы.

3. Қоспа тығыздау факторлары.

1 Қоспа үрлеу бүршігінің принципиалдық нобайы

Қоспа үрлеуіш машинаның негізгі элементі – қоспа үрлеу бүршігі. Ол үрлеуіш клапаны мен үрлеуіш плитамен жабдықталған қоспаның конус тәрізді резервуары болып көрінеді. Плитада саны мен орналасуы өзекше конструкциясына байланысты үрлеуіш тесіктер жасалады. Қоспа үрлеуіш бүршіктің бастапқы конструкциясы беріктігі аз (бсығу ≤ 10 кПа) жеңіл қозғалатын сұйық байланыстырғыш негізіндегі қоспалар үшін ойлап шығарылған. Сондықтан онда жоғарғы үрлеу мен бір қабатты үрлеуіш плита қарастырылған екен. Өзекше жәшігі қуысынан ауа кетіру мақсатымен онда міндетті түрде венталар болу керек. Үрлеуден кейін резервуарда қалған ауа артығын ерекше клапан арқылы атмосфераға жібереді.

 

2 Қоспа үрлеуіш конструкциялардың дамуы

Қоспа үрлеуіш бүршігінің жаңа конструкциясы беріктеу (бсығу ≈ 50 кПа) және жылжымалығы нашарлау құм-балшықты қоспалар тығыздауға жарамды. Онда қоспаны борпылдату мақсатымен ауа ресивер астынғы жағына жан жақтан беріледі. Бүршікті қоспа ілінуінен сақтау үшін механикалық қопсытқышпен жабдықталады. Үрлеуіш плита екі қабатты, астыңғы плитада өзекше жәшігін желдетенін венталар орналасады. Сол себепті жәшікте венталар саны ең аз болу мүмкін (жәшіктің астыңғы жағында ғана). Тіпті вентасыз жәшік пайдалануға да болады.

Бұл конструкциясының ары қарай дамуы қоспа атқыш құрылғыға әкеп соқты.

 

3 Қоспа тығыздау факторлары

Қоспа үрлеу арқылы қалыптау екі кезеңнен тұрады:

1 Сығылған ауамен қоспаны резервуардан технологиялық кеңдікке тасымалдау және қоспаны алдын ала тығыздаумен оны толтыру;

2 Кеңдікте қоспаны қосымша тығыздау.

Бірінші сатыда негізгі тығыздау фактор ауа мен қоспаның ағынының кинетикалық энергиясы болып табылады. Ағын жылдамдығы 18…25 м/с жетеді. Кенет тоқтағанда ағынның кинетикалық энергиясы тығыздау жұмысына аусады.

Екінші сатыда кендікті толтырған қоспа біраз уақыт үрлеу астында болады. Бұл кездегі тығыздауыш фактор ауаның қоспа арқылы сүзілуі болып табылады. Сүзу тиімділігі жәшік желдету әдісіне байланысты.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1], Б. 149-165, [9], Б. 134-137.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары:

1. Қоспа үрлеуіш машина жұмыс істеу принципі мен конструкциясы.

2. Қәзіргі заман қоспа үрлеуіш құрылғылары.

3. Қоспа үрлеуіш бүршігінің жұмыс процесі және оны талдау.

 

11-тақырып Қоспа атқыш механизмдер (1-сағ.)

Дәрістер жоспары

1. Қоспа атқыш бүршік жалпы конструкциясы.

2. Қоспа атқыштар пайдалану салалары.

3. Қоспа атқыш машиналардың конструкциялық өзгешеліктері.

 

1 Қоспа атқыш бүршік жалпы конструкциясы

Қоспа атқыш бүршіктің негізгі бөліктері болып көлемі үлкен ресивер, тез әрекетті үрлеуіш клапан, қоспа атқыш гильза мен патрон және үрлеуіш тесіктер бар үрлеуіш плитамен жабдықталған саптама болып табылады.

 

2 Қоспа атқыштар пайдалану салалары

Қоспа атқыш машина қолдану саласы өте кең болса да кенее береді. Бұл жағдай оның артықшылықтарымен түсініледі: өнімділігі жоғары; конструкциясы қарапайым; өлшемдері шағын; процесс бақылау мен реттеу қолайлы және онай; автоматтандыру үшін мүмкіншіліктері көп. Үрлеу үстінен, астынан, бүйір жақтан және құрама (оның арасында екі жақты) болу мүмкін. Қоспа атқыштар тұтас және жұқа қабырғалы (қабыршақты) өзекше мен қалыптар жасаудың түрлі процестерінде пайдаланады: ыстық, жылы және суық жабдық арқылы, СО2— және 2-процестерімен т.б.

 

3 Қоспа атқыш машиналардың конструкциялық өзгешеліктері

Ыстық және жылы жабдықпен өзекше өндіру машиналарының ерекшелігі сумен суытылатын плиталар мен саптамалар қолдану. Суық жәшікпен өзекше жасайтын құрылғыларды әдетте шнекті немесе күйінді араластырғыштармен жабдықтайды.

Қабыршақты өзекше алғанда әуелде қоспаны астынан үрлеген. Жәшік қуысына қоспаны үрлеген соң оны белгілі мерзім қысым астында ұстап қысым алғанда қатпаған қоспа қайта резервуарға төгіліп түседі. Кәзіргі кезде резервуарды қоспамен 180° төңкергеннен кейін үстінен үрлеп жәшік толтырады, сонда ауа шығыны кемиді. Үрлеп біраз уақыт ұстаған соң жәшік бастапқы күйіне аударылады, қоспа артығы қайта резервуарға түседі.

Қалыптау машиналарда бүйір үрлеу мен кейінгі жаншу жиі қолдануда.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1], Б. 165-174, [9], Б. 137-149, [2, 3, 10].

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары

1. Қоспа атқыш бүршік қоспа үрлеуіштің әрі қарай дамуы ретінде.

2. Қоспа ату-жаншу машиналары.

3. Қоспа тығыздалуына және өнім сапасына әсер ететін факторлар.

 

12-тақырып Жоғары импульсті агрегаттар (1-сағ.)

Дәрістер жоспары

1. Процесс мәні.

2. Жоғары импульсті агрегат құрылысы.

3. Импульсті бүршіктің жұмыс процесі.

1 Процесс мәні

Барлық импульсті тәсілдердің мәні бірдей – қоспа үстіндегі газ ортасының қысымын өте тез, секунданың жүздік және мыңдық үлестері арасында көтеру. Нәтижесінде жоғары жылдамдықты газ ағыны пайда болады. Ол қалыптау қоспаға әсер етіп тығыздайды. Процесс өзгешеліктеріне байланысты қоспа үстінгі қабаты тығыздалмай борпылдақ күйінде қалады. Оны кесіп тастайды әлде қосымша тығыздайды.

 

2 Жоғары импульсті агрегат құрылысы

Конструкциясы типтік қалыптау машина өтпелі автомат болып табылады. Ол станинадан, бір немесе бірнеше импульсті бүршіктен, опоканы бүршікке қысатын механизмнен, қалып қоспасының мөлшерлеуіштен және тығыздалмаған қоспа қабатын кесіп тастайтын механизмнен тұрады. Себебі – жоғары импульспен көбінесе үлкен қалыптар жасайды, сонымен қосымша жаншу тиімсіз деп саналады.

 

3 Импульсті бүршіктің жұмыс процесі

Бүршіктің жұмыс процесі сығылған ауаның ресиверден жарғыш қуысына, одан қалыптау қоспаның үстіндегі қуысына ағудан және кейін венталар арқылы атмосфераға шығудан тұрады.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [13], Б. 32-36.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары:

1. Жоғары импульспен қоспа тығыздау механизмі.

2. Жоғары импульсті машиналардың ауа клапандар конструкциялары.

3. Процеске конструкциялық-технологиялық факторлардың әсері.

 

13-тақырып Төмен импульсті құрылғылар (1-сағ.)

Дәрістер жоспары

1. Қалыптау әдістері мен машиналар типтері.

2. Клапандар конструкциялары.

3. Жұмыс процесі мен оның талдауы.

 

1 Қалыптау әдістері мен машиналар типтері

Қазіргі заманда қоспаны төмен импульспен тығыздаудың екі негізгі бағытын белгілеуге болады: таза импульсті және құрама.

Таза импульсті қалыптау тығыздалынатын жадығатқа сығылған ауаның бір не бірнеше соққы әсерінен тұрады. Құрама тәсілдерде қалып қоспасы басында импульспен тығыздалып кейін борпылдақ болып қалған жоғарғы қабат статикалық немесе динамикалық түрде қосымша тығыздалады. Қосымша жаншу бойынша импульсті-жаншу, испульсті-соққыш және импульсті-сүзу (Сәйацу-процесі) түрлерін айырады. Осыған сәйкес қалыптау құрылғылар де импульсті (қоспа кесіледі), импульсті-жаншу (қатар не кейін жаншумен), импульсті-соғу (импульсті және ЖЖЖ процестерінің кисындасуы) және импульсті-сүзу (қоспа арқылы ауа үрлеп кейін жаншиды) болып ажырайды.

 

2 Клапандар конструкциялары

Типтік құрылысы мен құрастыру нобайы жағынан төмен импульсті бүршік жоғары импульсті бүршікке ұқсас, тек аралық звено – жарғыш қуысы – жоқ. Ресивердің шығар тесігі арқылы оның қуысы қоспа үстіндегі жаншу қуысымен қатысады. Сол қоспа үстіндегі қуыста ауа жарғышы орналасады. Ол ауа ағынын қоспаның бос беті бойымен біркелкі тарату үшін арналады.

Клапандар поршенді, сақина пішінді (стакан не конус тәрізді), тәрелке сияқты және пластиналы болады. Қозғалу бағытына қарай вентиль және золотник типті болу мүмкін. Жұмыс істеу принципі бойынша кәдімгі және алдын ала шапшандатылатын конструкциялар қолданады.

 

3 Жұмыс процесі мен оның талдауы

Жұмыс процесі сығылған ауаның ресиверден жаншу қуысына ағудан тұрады және келесі теңдеулер жүйесімен жазуға болады:

                          (13.1)

мұндағы Рр, Рн – ресивер мен қоспа үстіндегі ауаның қысымы;

Vр, Vн – ресивера мен қоспа үстіндегі қуысының көлемі;

fэк – үрлеуіш клапан көлдеңен қимасының тиімді ауданы, м2;

fэвд – үрлеуіш тесіктер көлдеңен қималарының жалпы тиімді ауданы, м2;

ψк, ψвд – үрлеуіш клапан мен үрлеуіш тесіктердің шығын функциясы;

k – адиабата көрсеткіші.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [13], Б. 33-36.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары:

1. Төмен импульсті құрастырылған қоңдырғылар конструкциясы.

2. Машинаның жалпы құрылысы.

3. Оның конструкциялық элементтері.

 

14-тақырып Газ импульсті құрылғылар (1-сағ.)

Дәрістер жоспары

1. Газ импульсті қалыптау процесінің мәні.

2. Машинаның жалпы құрылысы.

3. Конструкциялық элементтері.

1 Газ импульсті қалыптау процесінің мәні

Газ импульсті (газ жарылыстық, жарылыс арқылы) қалыптаудың мәні – қоспаның бос бетінің үстіндегі қысымын өте тез, секунданың жүздік үлестері арасында жоғарылату. Жоғарыда қарастырылған импульсті процестерден айырмашылығы қоспа үстіндегі қысым өсудің механизмі басқаша. Қысым газ массасы көбею арқасында емес, оның температурасы өзгеруден пайда болады. Менделеев-Клапейрон теңдеуіне тиісті қысым де көтеріледі. Демек, үлгі жабдығында венталар қажеті жоқ, құйма өзіндік кұны де азаяды.

 

2 Машинаның жалпы құрылысы

Жалпы алғанда, газ импульсті агрегат жанғыш газ мөлшерлеуішпен жабдықталған жұмыс (жану) камерасынан, опоканы бүршікке қысу механизмінен және қалып қоспасын кесу әлде қосымша тығыздау механизмінен тұрады. Жанғыш газ жұмыс камерасы ішінде остік желдеткіш пен газ ағынының дефлекторы жәрдемімен қозғалысқа келтіреді. Дефлектор желдеткішпен біліктес орнатылған бүйір бетінде көп ұсақ тесіктер істелінген кілте түтік болып көрінеді. Оның тағайындалуы камерадаға газ ағудың турбулентті тәртібін қамтамасыз ету. Жанғыш газ мөлшерлеуішпен жұмыс камерасына беріледі, желдеткішпен камерадағы ауамен араласады және тұтандыру құрылғымен тұтандырылады. Желдеткішті сөндірмейді, өйткені ол жалынды турбулентті етіп жану процесін жақсартады.

 

3 Конструкциялық элементтері

Жану камерасы цилиндр, куб, параллелепипед және шар тәрізді болу ықтимал. Кейбір конструкцияларда дефлекторға Лаваль соплосы түрін береді. Газ-ауа ағыны қозғалудың жоғары жылдамдығын қамтамасыз ету мақсатымен ағынның кризистік жерлерінде (бұрылыстарда) қосалқы ортадан тепкіш желдеткіштер орнатуға болады. Қалыптау құрылғыны алдын ала жандыру құрылғысымен (фор-камерасымен) жабдықтау мүмкін. Осы идеяның әрі қарай дамуы камераны тесіктер бар қатты плитамен екі бірдей емес бөлікке бөлу.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [13], Б. 37-40.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары:

1. Газ жарылысты машина қолдану саласы, кемшіліктері мен артықшылықтары.

2. Шекті көмірсутектер жану ерекшеліктері.

3. Құрылғының жұмыс процесі мен оны талдау.

 

15-тақырып Қоспа лақтырғыштар (1-сағ.)

Дәрістер жоспары

1. Қоспа лақтыру бүршіктерінің конструкциясы.

2. Машина типтері.

3. Процеске түрлі факторлар әсер етуі.

1 Қоспа лақтыру бүршіктерінің конструкциясы

Қоспа лақтырғыш болып көбінесе ірі қалып пен өзекше жасау үшін арналған ортадан тепкіш машина табылады. Қоспа лақтырғыш бүршік бағыттауыш доғасы бар қаптамаға орнатылған тез айналатын ротор мен электр қозғалтқышынан тұрады. Ротор мотор білігіне қатан отырғызылады және 1…3 ауыспалы қалақшамен (шөмішпен) жабдықталады. Сонымен ол 1000…1500 айн/мин жиілігімен айналып тұрған мотордан тікелей қозғалыс алады. Қоспа конвейермен бүршік ішіне үздіксіз беріледі. Ротор қалақшасы қоспа кесегін кесіп алады, бағыттауыш доға бойымен қозғалтып тысқа лақтырады. Қозғалу кезінде қоспа доғаға үйкелісу және ортадан тепкіш күш әсерімен алдын ала тығыздалады. Сөйтіп қоспа кесегі (пакет) қалыптасады. Ол кейбір бастапқы тығыздығымен опокаға құлап қосымша тығыздалады. Бүршікке қоспа берудің екі түрі белгілі: остік және тангенциалды.

 

2 Машина типтері

Конструкциясы бойынша қоспа лақтырғыштар стационарлық және қозғалмалы болып бөлінеді. Біріншілер аспалы және консольді бұрылма, екіншілер консольді велосипед тәрізді, арбалы (өзі жүретін), көпірлі болу мүмкін. Көпірлі қоспа лақтырғыштар әдеттегідей кең шөмішті.

 

3 Процеске түрлі факторлар әсер етуі

Ұсынылатын әдебиеттер: [1], Б. 175-203, [9], Б. 128-133, [2, 3, 8].

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары:

1. Бүршікке қоспа беру тәсілдер мәні.

2. Қоспа лақтырғыштар конструкциялық нобайлары.

3. Қоспа лақтырғыш бүршіктің жұмыс процесі, талдауы.

 

16-тақырып Арнаулы және құрастырылған қалыптау машиналар (1-сағ.)

Дәрістер жоспары

1. Сілку-жаншу механизмдері.

2. Қоспа ату-жаншу және импульсті-жаншу құрылғылары.

3. Ерекше машиналар.

1 Сілку-жаншу механизмдері

Бұл механизмдері көбінесе сериялығы әр түрлі орташа және үлкен қалып өндіру саласында пайдаланады. Жаншу статикалық және динамикалық болу мүмкін. Статикалық жаншу сілкуден кейін істелінеді, сонымен жұмыс процесі екі тәуелсіз жеке этапқа ажырайды деп айтуға болады. Динамикалық жаншу сілкумен бірге орындалады. Қәзіргі заман құрылғыларда ол үшін көп плунжерлы бүршіктер пайдалануда.

 

2 Қоспа ату-жаншу және импульсті-жаншу құрылғылары

Қоспа ату-жаншу машиналары көбінесе опокасыз кішкентай қалыптар жасау үшін пайдаланады. Әдеттегідей жартықалыптарды тығыздап, құрастырып және үздіксіз үйін (таспа) түрінде қалыптар шығаратын автоматтар болып табылады.

Импульсті-жаншу агрегаттар сондай-ақ шағын және орташа қалыптар үшін арналады.

 

3 Ерекше машиналар

Ерекше машиналар немесе тығыздау тәсілімен, немесе елеулі конструкциялық өзгешелігімен айырылады. Мысалдар: электр гидравликалық қалыптау қондырғы, жарылыс жетекті сілку машинасы, электр магнитті пресс.

Мамандырылған машиналар құйманың белгілі класын немесе тіпті бір түрін жасауға арналады.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1], Б. 67-68, [9], Б. 122-125, 152-153, [3].

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары:

1. Сілку-жаншу машинасының конструкциясы.

2. Қоспа ату-жаншу автоматының құрылысы мен жұмысы.

3. Импульсті-жаншу құрылғысының құрылысы мен жұмысы.

 

17-тақырып Құйма босаткыш құрал-жабдық (1-сағ)

Дәрістер жоспары

1. Дірілдеуіш құрылғылар.

2. Механикалық торлар.

3. Босатқыш барабандар.

4. Сығып тесу престер мен басқа машиналары.

Құйманы босату деп белгілі температураға дейін суыған құйманы қалыптан ажыратып алу процесін айтады. Құйманы босату кезінде өте көп мөлшерде шаң, газ және жылу бөлінеді, сондай-ақ қатты шу денгейі және вибрация байқалады. Сондықтан бұл еңбектің экологиялық жағдайлары бойынша құю өндірісінің ең ауыр операцияларының бірі болып табылады.

 

1 Дірілдеткіш құрылғылар

Бұлар кіші сериялық немесе жекеше өндірісте және жөндеу құюда кездеседі. Құйманы дірілдеумен босату үшін аспалы дірілдеткіштер, дірілдеткіш траверсалар (күйентелер) және дірілдеткіш торлар қолданылады. Әдетте олар пневматикалық дірілдеткішпен жабдықталады.

 

2 Механикалық торлар

Инерциялық шығару арнаулы механикалық торлар жәрдемімен өткізіледі. Олардың түрлері мыналар:

а) экцентрлік тор эксцентрлі білікті немесе шатун-кривошипті (қисық тиекті) жетек арқылы қозғалалысқа келтіріледі, демек теңселу жиілігі мен амплитудасы тұрақты болып отырады. Жеңіл шағын (массасы 2 т дейінгі) қалыптар үшін пайдаланылады.

b) инерциялық тор. Дебаланспен (теңгерілмеген жүкпен) жабдықталған білігі бар жетек арқасында жұмыс істейді, сондықтан жиілігі мен амплитудасы ауыспалы. Орташа және ірі қалыптарды бұзуға қолайлы. Ірі ауыр қалыптар босату үшін бірнеше торды жеке секция ретінде құрастырып жинауға мүмкін.

с) соққыш-инерциялық тор. Алдағы торға ұқсас, бірақ қалып тор бетінің орнына қозғалмайтын арнаулы рамаға қойылады. Тор қалыпты астынан соғып бұзады. Сонымен процес нәтижелігі жоғарылайды.

d) инерциялық-тасымалдағыш тор. Кәдімгі инерциялық тордан айырмашылығы – тор беті көлбеу және жетекші білік тор орталығынан ығысып бекітіледі. Нәтижесінде соғу күшінің горизонтал құраушысы пайда болып ол құйманы тор полотносы бойымен қозғалтады.

 

3 Босатқыш барабандар

Құйма босатқыш барабан бүйір беті ұсақ тесіктермен жабдықталған көлбеу цилиндр болып көрінеді. Оның ішінде биіктігі 80-10 мм-дей темір бұранда пісіріліп біріктіріледі. Спираль құймаларды барабан бойымен жылжитады. Пайдаланылған қоспа барабан бетіндегі тесіктер арқылы төгіліп өтіп барабан астында тұрған шанаққа немесе конвейерге түседі.

 

4 Сығып тесу престер мен басқа машиналары

Қалыпты тесу гидравликалық және пневматикалық преспен жасалады. Пресс босатқыш тормен немесе барабанмен қатар жұмыс істейді. Әдіс көбінесе крессіз опокадан құйма босату үшін қолданылады. Кресс бар опокадағы қалыпты босатудың алдында екі жартықалыпқа ажырату қажет. Соңғы кезде қалыпты вакууммен не сығылғын ауа импульсімен теседі. Сонда босатқыш тор керегі жоқ.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1], С. 406-441, [6], С. 229-249, [7], С. 286-316.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары:

1. Механикалық босатқыш тордың жұмыс процесі.

2. Импульсті босатқыш құрылғының конструкциясы.

3. Арнайы босату құрылғылары.

 

18-тақырып Өзекшені құймадан босататын құрал-жабдық (1-сағ)

Дәрістер жоспары

1. Дірілдеуіш құрылғылар.

2. Гидравликалық машиналар.

3. Электргидравликалық құрылғылар.

 

1 Дірілдеуіш құрылғылар

 

2 Гидравликалық машиналар

 

3 Электргидравликалық құрылғылар

 

Ұсынылатын әдебиеттер: [1], С. 406-441, [6], С. 229-249, [7], С. 286-316.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары:

1. Дірілдеуіш құрылғылардың пайдалану жағдайлары.

2. Гидравликалық құрылғыларының түрлері және конструкциясы.

3. Өзекше босату ерекше құрылғылары.

 

19-тақырып Құйма кесу құрал-жабдығы (1-сағ)

Дәрістер жоспары

1. Кескіш балғалар.

2. Кесіп алатын станоктар.

3. Жалынмен кесу құрал-жабдығы.

1 Кескіш балғалар

Пневматикалық кескіш балғалар құйма бетінен түрлі тегіс еместіктерін, құю жүйесі элементтер қалдықтарын т.б. жою мақсатымен қолданады. Құйма кесу үшін негізінен золотник типті балға пайдаланады. Жүрісі қысқа (100 ммдейінгі) балғамен құймаларды жай өңдейді, ауыр жұмыс болса, ұзые жүрісті балға қажет.

 

2 Кесіп алатын станоктар

Құйма үстемелері мен қоректендіргіш қалдықтарын кесу үшін арамен жабдықталған құрылғылар қолдануда. Ара диікілі, лентала және қол ара секілді болу мүмкін. Үлкен емес сығымдамалардың (слиток) үстемені қол ара секілді станокпен (ножовочный станок) ажырайды. Қесу дайындама осіне тік және 45° бұрыс астындағы жазықтықта орындала алады. Ара артқа қарай қозғалғанда (зая жүрісі) станоктың арнаулы гидравликалық тетігі ара рамасын көтереді, содан соң төмен түсіріп жұмыс жүрісін қамтамасыз етеді.

Дискілі станоктар баяу айналып тұрған диск тәрізді арамен құйма кеседі. Ара біртіндеп алға қарай беріледі. Ұсақ және орташа құйма кескенде ұсынылады. Ара диаметрі 300 мм-ден 1500 мм-ге дейінгі болу мүмкін, құйманы оның диаметірінің 30 % дейін мөлшерге кесуге болады, сойтіп кесу тереңдігі 100…500 мм шамасында.

Ленталы аралар негізінен алюминий мен магний қорытпа құймаларының құю жүйелерін ажырау үшін қолданады. Кесу жылдамдығы дискілі арадан бірнеше есе жоғарырақ.

Легірленген болат құйманы Марс типті дискілі станокпен кеседі. Станок өзгешелігі дисктің кескіш беті кезектесетің ойықтар мен дөнестерден құралады. Диск тез айналып металға басады. Үйкеліс арқасында көп жылу пайда болып құйма жадығаты қатты қызады, иілгіш (пластикалық) түріне келеді және дискпен кесіледі. Процесті жеңілдеті үшін диск бүйір бетін ажарлайды және оны сумен суытады. Дисктің шеңберлік жылдамдығы 100…120 м/с, диаметірі 500…1500 мм тең. Кемшілігі: кесу тереңдігі аз, диск диаметірінің 6…8 % қана.

Қайрақ таспен кесу механикаландырылған қол аспабымен және негізінен арнайы кескіш станоктарда орындалады.

 

3 Жалынмен кесу құрал-жабдығы

Құбю жүйесі элементтерін ажырату үшін көбінесе оттегі-ацетиленді және ауа-доғалы кесу қолданады.

Оттегі-ацетиленді кесу негізінен болат құймалар үшін. Ол газ шілтері немесе газ кескіші жәрдемімен істелінеді. Процесс мәні – құйма затын оттегі ағында жандыру. Құйманы басында газ-ацетилен жалынымен қыздырып алып кейін таза оттегімен кеседі. Процесс қарапайым және арзан, өнімділігі жоғары; механикаландыру мен автоматтандыру үшін өте ыңғайлы.

Ұсынылатын әдебиеттер: [6], С. 249-259, [7], С. 311-313, [1], С. 464-466.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары:

1. Кескіш балға үшін қашаулардың заттары мен типтері.

2. Үстеме бөлуге арналған құрал-сайман мен құрал-жабдық.

3. Электр доғалы кесу құрал-сайманы.

20-тақырып Құйма тазалау құрал-жабдығы (1-сағ)

Дәрістер жоспары

1. Галтов барабандары.

2. Бытыра ағынымен тазалау құрал-жабдығы.

3. Гидравликалық тазалау құрал-жабдығы.

4. Импульсті тазалау құрал-жабдығы.

1 Галтов барабандары

Галтов барабан бүйір беті көп ұсақ тесікпен жабдықталған колдеңен немесе көлбеу тұрған цилиндр болып көрінеді. Барабан айналғанда құймалар бір-біріне және барабан қабырғасына үйкелісіп құйма беті тазаланады. Процесс қарқындылығын күшейту үшін барабан ішіне арнайы құйылған жұлдызшалар қосымша тиеледі. Олар өлшемдері құймалар өлшемдерімен байланысты. Жұлдызшаларды әдетте ақ шойыннан жасайды. Олар өткір қырларымен (20-65 мм) құйма бетін қырып жабысқан қоспадан тазалайды. Жұлдызшалар арқасында тазалау сапасы жоғарылайды, уақыты 20-25% азаяды, құйма сынғаны кішірееді.

Барабандар үздіксіз немесе кезеңді жұмыс істейтін болып бөлінеді. Үздіксіз жұмыс істейтін немесе өтпелі барабандар тек қана дөңгелек болады. Кезеңді барабандар пішіні кейбір жағдайларда төрт бұрышты немесе алты бұрышты болуы мүмкін. Сондай барабандар жұқа қабырғалы және ұзын құймалар тазалауға арналады. Доңғалақ барабаннан айырмашылығы барабан толығымен толтырылады және құймалар рет ретімен қабат-қабат салынады. Құйманың әрбір кабатын салған сайын оны жұлдызшалармен кезектестіреді. Барабан айналғанда құйманың беті тек жұлдызшалар айналу арқасында тазаланады.

Дөңгелек барабан ішкі көлемін 70-80 %-ке құймалармен толтырады. Жұлдызшалар мөлшері тиелген құймалар салмағының 30 %-ке дейін жетеді. Барабан өлшемі құйма сипаттамасымен анықталады: неғұрлым құйма үлкенірек болса, соғырлым үлкенірек барабан керек. Ұсақ және морт сынғыш құймаларды шағын барабанмен тазалайды.

 

2 Бытыра ағынымен тазалау құрал-жабдығы

Құйманы түрпілі зат ағынымен тазалау бұрыннан бері ең кеңінен таралған тәсілдердің бірі болып сондай қала береді. Оның мәні – құйма бетіне жоғары жылдамдықпен түрпілі зат (құм немесе металл бытыра) ағыны жіберіледі. Соғу мен үйкеліс әсерінен бет тазаланады. Қазіргі заманда құм құйманы ылғалды әдіспен тазалағанда ғана пайдаланады.

Бытыра ақ шойын мен түрлі болаттан алынады және құйылған, шағылған немесе шабылған болып бөлінеді. Сондай-ақ түсті қорытпа бытырасы мен металл құмы пайдалануда. Бытыра міндет артуы оның түрі мен өлшемімен анықталады. Бытыра диаметірі оның нөмірімен сипатталады. Бытыраның жуық міндет артуы:

Нөмері 0,1-ден 0,8-ге дейінгі бытыра ұсақ құйма тазалау үшін, 1-ден 1,5 дейінгі – орташа құйма, 2-ден 4 дейін – орташа және ауыр құйма, 4-тен 6 дейін – өте ауыр құйма тазалау үшін арналады.

Бытыраны таңдап алғанда келесі өңдеуге қажетті құйма бетінің тазаланғаннан кейінгі күйін есепке алу керек, себебі беті бытыра соғу әсерінен тойтарылып қаттыланады.

Бытыра ағынының түзілу түрі бойынша бүкіл құрал-жабдық екі топқа ажырайды:

1. Бытыра ататын: бытыра ағыны центрден тепкіш күштер әсерімен түзіледі және құйма бетіне лақтырылады.

2. Бытыра ағынды: бытыра құйма бетіне жоғары немесе төмен қысымды ауа, кейде су ағынымен жіберіледі.

Бытыра ағызатын қондырғылар негізінен қуыстарды, ойықтарды және құйманың басқа әрен қиын жетерлі орындарды тазалау үшін қолданылады. Ауа жұмыс қысымы көбінесе магистрал қысымын аспайды (0,7 МПа дейінгі). Бытыра ағынды тетіктердің екі негізі түрі белгілі:

— сорғыш, немесе эжекторлы, құрылғылар;

— айдағыш құрылғылар.

Біріншілерде ауа ағыны бытыраны өзімен бірге тартып әкетеді. Камерадағы бытыра атмосфералық қысым астында болады. Екіншілерде камераға артық қысым беріледі. Сондықтан олар кезеңді жұмыс істейді. Үздіксіз жұмыс істей алатын құрылғылар екі камералы етіп жасалады. Тиеу камерасы астында жұмыс камерасы орналасады. Тиеу камерасын бытырамен толтырған соң оны герметикаландырып жұмыс камерасымен қосады. Бытыра төмен төгілгеннен кейін тиеу камерасын қысымнан босатып жаңадан бытыра салады.

Кемшіліктері: Қатты шаңдатылуымен қоса шаң соруға мүмкіндігі жоқ; механикаландыру дәрежесі өте аз, өйткені міндетті түрде оператор болу керек; өнімділігі төмен.

Бытыра ататын құрылғылар негізінен құйма сыртқы бетін және онай жететін терең емес ашық қуыстарын тазалауға қолданады. Бытыра 40-100 м/с жылдамдықпен ұшып құйма бетіне соғылады. Ол үшін арнаулы бытыра атқыш тетік – дөңгелек немесе турбина пайдаланылады.

Бытыра ататын тетіктің кәдімгі конструкциясы – импеллерлі, яғни таратқыш дөңгелекпен жабдықталған тетік. Ол тарату дөңгелегінен немесе импеллерден, таратқыш қораптан және жұмыс дөңгелегінен, яғни турбинадан тұрады. Турбина екі диск арасында бекітілген қалақшалардан тұрады. Тарату қорабын бұрып алып бытыра ағыны бағытын өзгертеді. Осы конструкцияның негізгі кемшілігі – қалақшалар мен импеллердің қатты тозуы. Оны азайту үшін әрбір әдістер қолданылады:

Тозуға төзімді жадығаттармен пайдалану;

Қалақша пішінін өзгерту;

Импеллерсіз тетіктермен қолдану.

 

3 Гидравликалық тазалау құрал-жабдығы

Гидравликалық тазалау процестің мәні – құймаға жоғары қысыммен су ағынын жіберу. Ол үшін гидравликалық монитор деген арнаулы тетік пайдаланылады.

Монитор – су жіберетін шлангының ұшына кигізілген металл түтік сопломен. Ол су жіберу және бөліп алу клапанымен жабдықталады. Монитор ұзындығы 4 м-ден 4 м-ге дейінгі болу мүмкін. Соплодан шығу кезінде су ағыны турбуленттілігін төмендету мақсатымен түтік ішіне ағын түзеткіштерін орналастырылады. Олар бірнеше жазық пластина болып көрінеді.

Гидравликалық машиналар төмен қысымды және жоғары қысымды болып екі түріне бөлінеді:

1. Төмен қысымды құрылғыда судың жұмыс қысымы 2-4 МПа ғана Сопло диаметрі 12-27 мм. Су ағыны айырықша жуу әсер етеді.

2. Жоғары қысымды құрылғыда су қысымы 10-20 МПа дейін келеді. Сопло диаметрі 4-8 мм. Су ағынының негізгі әсері өзекшені кесу болып табылады.

Машина өнімділігі ең жоғарғы тәртібін анықтау үшін су шығыны мен жылдамдығын әр түрлі етіп алып бірнеше вариантты есептеп салыстырады.

Су ағыны әсерін күшейту мақсатымен оған түрпілі заттарды қосады. Осы әдіс түрпілі гидравликалық деп аталады.

Түрпілі заттар деп қатты минерал үгінділерін айтады. Олар қосқанда ағынның кинетикалық энергиясы өседі. Ағынның бұзу күші шұғыл көбееді. Сондай-ақ түрпілі әсерінен құйма беті жақсы тазаланады. Түрпілі заттың тек 8…10 % қосқанда тазалау нәтижелігі 10 есе өседі. Түрпілі зат ретінде көбінесе құм пайдаланылады.

Құм гидравликалық монитор конструкциялары осындай:

Эжекторлы монитор 2,5-15 МПа дейін қысылған су араластыру камерасындағы пульпаны тысқа тартып әкетеді. Пульпа атмосфералық қысыммен беріледі және 50 % дейінгі құмнан тұрады. Монитордан шыққан су ағынында құм мөлшері 15 % аспайды.

Бөлек ағынды монитор. Су мен пульпа бөлек ағындарымен беріледі. Су жылдамдығы пульпа жылдамдығын артады. Сонымен су ағыны пульпаны жан-жақтан қысып, түйіршіктер шашылуды кемитеді. Пульпа қысым арқылы беріледі, сондықтан монитордан шыққан ағында құм мөлшері 20 % шейін өседі. Ағынның меншікті энергиясы эжекторлы монитордан 2-3 есе артығырақ.

Гидравликалық және түрпілі гидравликалық құрылғылар конструкциясы бірдей: жабық камера ішінде бірнеше монитор орналасады. Камералар үздіксіз немесе мезгіл-мезгіл жұмыс істейді. Конструкциясы бойынша құрылғылар тұйык, өтпелі және айналмалы болып бөлінеді. Құймаларды жұмыс үстеліне қояды. Ұсақ құйманы арнайы қауға ішінде тазалайды. Мониторлар қозғалмайтын немесе асты-үстіне қарай жылжи алатын кабиналарда орнатылады. Ауыр құйманы тазалауға арналған камералар құйма аударғыштарымен жабдықталады. Міндетті түрде су тазартатын тұндырғыштар болу қажет. Сондай-ақ осы құрылғылар жиі пайдаланылған қоспа жаңғырту жүйесімен қосымша жабдықталады.

 

4 Импульсті тазалау құрал-жабдығы

Бұндай құрылғылар жұмыс істеу принципі электр гидравликалық нәтижесінде негізделген. Сұйық затта жоғары вольтттік разряд арқасында жарылу толқындары пайда болады. Сұйықтықтың қысымы лезде 150-200 МПа дейін көтеріледі. Бірақ ол өте қысқа мерзім әсер етеді (1/20…1/10 сек ішінде). Осы импульстік қысым сұйық затты интенсивті араластырып разряд маңайындағы қатты заттарды бұзып кетеді. Бұзу сұйық заттың механикалық соққы әсерімен, дыбыс және ультрадыбыс сәулеленуімен, сондай-ақ резонанстық құбылыстар әсерімен орындалады.

Импульстік разрядтар 1 Гц жиілігімен беріледі. Олар құймадан өзекше босатуға келеді, және де кез келген қоспадан істелген өзекшелерді кез келген құймадан шығаруға жарамды. Өзекше бұзуға 200-1000 дейінгі импульстер керек. Электр гидравликалық құрылғылар тұйық, өтпелі және конвейерлі түрлері бар. Тұйық және өтпелі тетіктер кезенді жұмыс істейді. Біріншілер жекеше және ұсақ сериялы өндірісте қолданылады. Құймалар бір жақтан тиеленіп сол жақтан алынады. Екіншілер сериялы өндірісте пайдаланылады. Құймалар ваннаға бір жағынан тиеліп, басқа жағынан алынады. Конвейерлі машиналар үздіксіз жұмыс істейді. Олар жатпай өндірісте тиімді.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1], С. 442-464, [6], С. 259-271, [8], С. 79-85.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары:

1. Бытыра түрлерін қолдану салалары.

2. Химиялық тазалау әдістері құрал-жабдығы.

3. Физикалық тазалау ерекше тәсілдері және құрал-жабдығы.

21-тақырып Тазартқыш құрал-жабдық (1-сағ)

Дәрістер жоспары

1. Түрпілі сайман мен құрал-жабдық.

2. Ажарлауыш сайман таңдау ережесі.

3. Жалынмен тазарту құрал-жабдығы.

1 Түрпілі сайман мен құрал-жабдық

Құйманы түрпілі тәсілмен тазарту үшін механикаландырылған құрал-сайман, стационарлық станоктар, аспалы станоктар, арнайлы кескіш-тазартқыш станоктар мен автоматтандырылған қондырғылар және автоматты тізбектер қолданады.

Механиткаландырылған сайман пневматикалық жетекті, стационарлы электр қозғалтқышымен және құрастырылған электр қозғалтқышымен болып бөліннеді. Қозғалтқыш қозғалмай бекілген болса, түрпілі сайман онымен иілгіш білік көмегімен қосылады.

Стационарлық станок көбінесе екі қайрақ таспен жабдықталады және массасы 30 кг дейінгі құйма үшін пайдаланады. Әрбір қайрақ таста бір жұмысшы жұмыс істейді.

Аспалы немесе басқаша маятник тәрізді станок тұрақты тікекке ілулі тұрады. Жұмысшы оны құймаға қарай еңкейтеді. Құйма үстелде немесе роликті конвейер үстінде жатады. Кескіш дөңгелектің диаметірі 350…400 мм, кей кезде 500..600 мм дейін болады. Ірі сериялық өндірісте орташа және сонша үлкен емес құйманы тасқынды тізбектерде тазартуға қолданады.

Тасымал станоктар ірі құймалар тазарту үшін арналады. Олар иілгіш білікпен стационарлық электр қозғалтқышына қосылады, немесе өз электр қозғалтқышымен жабдықталады, немесе шланг арқылы цех жүйесіне қосылған пневматикалық қозғалтқышқа ие болады.

 

2 Ажарлауыш сайман таңдау ережесі

Ажарлауыш сайман таңдағанда оның жұмыс істеу қабілеттілігін ескереді. Ол сайман қаттылығымен анықталады. Түрпілі сайман қаттылығы дегеніміз –бұл сайман байланыстынғыш затының түрпілі жадығат бөлшектерін ұстап тұру қабілеті. Қаттылықты дұрыс сұрыптап алғанда түрпілі бөлшек мұқалып қалған кезде босатылып сайман бетінен түсіп кетеді.

Негізгі таңдау шарты: неғұрлым таразтуға жатқан құйманың заты қаттырақ болса, соғұрлық түрпілі сайман жұмсақтау болу керек.

 

3 Жалынмен тазарту құрал-жабдығы

Жалынмен тазарту көбінесе газ жанғыш шілтері жәрдемімен жасалады. Жалын бейтарап немесе тотықсыздындарғыш болу қажет.

Қатты химиялық күйіп жабысқан қабат кетіру үшін оттегі-ацетилен жалынының температурасын жоғарылату мақсатымен оған темір оксидтерін қосады.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1], С. 464-479, [6], С. 271-278.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары:

1. Қайрақ тас құрамы мен құрылымы, түрпілі жадығаттар түрлері.

2. Түрпілі сайман белгілеуі.

3. Газ шілтері мен кескіштері түрлері, құрылысы және жұмысы.

 

22-тақырып Құюды механикаландыру және автоматтандыру (1-сағ.)

Дәрістер жоспары

1. Құю шөміштері.

2. Құюды механикаландыру.

3. Автоматтандыру принциптері.

1 Құю шөміштері

Құю шөміштері тасымалдау тәсілі арқылы қол, монорельстік және крандық, пішіні бойынша – конус және барабан тәрізді, құю әдісі бойынша – шүмегімен, шәйнек сияқты және тығынды болып ажырайды.

 

2 Құюды механикаландыру

Құюды механикаландыру шөмішті қорыту пешінен құю жеріне дейін тасымалдау мен құю процесінің өзін қамтиді. Шөміш тасу үшін монорельстік арбашалар, көпірлі крандар және реліссіз көлік – электркара мен тиегіш (погрузчик) пайдаланады. Металдың көліксіз тасымалдауы мүмкін – отқа төзімді затпен қаланған науа арқылы. Құю монорельстен, көпірлі кранмен немесе ерекше құю құрылғыларымен істелінеді. Шөміш бұруды алыстан басқаратын (дистанциялық басқару) қондырғылар кеңінен пайдалануда. Олар автоматты құрылғылардан бірталай қарапайымдау, өйткені қалып толтырудың барлық процесі оператормен бақыланады. Ол жұмыс аймағында тікелей болмаса да құюдың соңын ұстай алады. Дистанциялық құю конвейерде тұрған қалыптар үшін соңдай-ақ ірі стационарлы қалыптар үшін жарамды.

 

3 Автоматтандыру принциптері

Барлық балқыту-құю циклін кешенді автоматтандыру толығымен автоматты түрде жұмыс істейтін балқу өндірісіне құюдың автоматты процесін қосуды немесе еңгізуді білдіреді. Бұл сәтте екі негізгі жағдай болу мүмкін:

– балқу пеші сұйық балқыма дайындаған соң құю (тартқыш) бола алады. Сонда бүкіл процесті автоматтандыруға болады: томен қысыммен құю, ыстық жаншу камерасымен қысыммен құю.

– сұйық қорытпа қорыту пешінен қыздырылатын немесе қыздырылмайтын құю құрылғысына беріледі.

Қалып құюды автоматтандыру мәселесін екі жолмен шешуге болады. Бірінші – бақылап құю (с контролем заливки). Қалыпқа сұйық балқыма құю фотоэлемент немесе басқа түрлендіргіш (датчик) қалып толтырылу мезгілін белгілегенше дейін орындалады. Тиісті уақытты, мысалы, металдың көзде (выпорда) шығу кезін анықтаған соң түрлендіргіш қалыпқа шөміштен сұйық металл беруді тоқтатуға бұйрық береді.

Екіншісі – металл үлесін тәуелсіз құю (с независимой заливкой дозы). Онда құю құрылғысы қалып металл сыйымдылығы бойынша алдын ала өлшеп алынған сұйық металл үлесін толығымен тез қалыпқа құйып тастайды. Ол үшін қалыптың үстінгі жағында қабылдағыш орын (тостаған немесе бассейн) жасайды. Балқыма құйған нан кейін құюмашинасының жұмысы бітеді. Сұйық металл құю арналары арқылы ауырлық күш әсерімен технологиялық талаптарына (құю жылдамдығы мен ұзақтылығы т.б.) сәйкес қалып қуысын толтырады

Бірінші тәсіл жақсырақ, алайда қиындау. Екіншісі қарапайымдау бірақ металдың артық шығыны байқалады.

Сұйық балқыма мөлшерлеу тәсілдері мыналар:

салмақ бойынша: қалыптың не шөміштің металмен салмағы бойынша;

көлем бойынша: металл деңгейі арқылы (қалыпта немесе жиірек құю қалыбында), түйіспелі немесе түйіспесіз түрлендіргіштер жәрдемімен (қысым, кедергі, радио изотопты түрлендіргіштер, фотоэлементтер т.б.).

Автоматтандыру үшін құю тостағаны (кұйғышы) әрқашан бір орында болу қажет.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1], Б. 392-403, [9], Б. 216-226, [3, 8, 9].

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары:

1. Құю шөміштері конструкциясы мен қолдану саласы.

2. Құюдың алдында жартықалыптар біріктіру құрылғылары.

3. Сұйық металл тасымалдау және құю нобайлары.

23-тақырып Құюды автоматтандыру мен роботтау (1-сағ.)

Дәрістер жоспары

1. Автоматты құю құрылғыларының талаптары.

2. Автоматты құю құрылғылары.

3. Құю РТК-лары.

1 Автоматты құю құрылғыларының талаптары

Автоматты құю құрылғысы тиімді жұмыс істеу үшін:

шөміштің металл сыйымдылығы балку агрегатының өнімділігіне немесе миксер металл сыйымдылығына, соңдай-ақ уақыт бірлігінде құюға берілетін қалыптардың металл сыйымдылығына сай болу керек;

металл сыйымдылығы әртүрлі және құю тостағандар түрлі орналасқан қалыптарға қалыпты құюды қамтамасыз ету үшін қондырғы әмбебап болу қажет;

металл ағынын құю тостағанына дәл түсіру үшін шөміш ортаға келтірілген болу керек,

қондырғы зая жүріссіз болу қажет,

бір қалып құю циклі ең аз (минимал) болу қажет,

шөміштегі сүйық металдың температурасы тұрақты болу қажет (қалыптау бөлімшесі тоқтап қалса да),

қалып қуысы кож түсуден сақталу керек,

құю кезіндегі металл шығындары ең аз болу керек.

 

2 Автоматты құю құрылғылары

Барлық автоматты құю құрылғыларын 4 түрге айыру мүмкін:

бұрылма – шөмішті қозғалмайтын ось арқылы бұрып жұмыс істейтін;

тығынды – металды шөміштен белгілі ырғакпен (ритммен) беруді қамтамасыз ететін;

сығылған газ әсерімен жұмыс істейтін – шөміштен немесе пеш қуысынан сұйық металл үлесін беру үшін металл бетіннің үстінде газдың белгілі артық қысымын түзеді;

магнит динамикалық – сұйық қорытпа қалыпқа магнит динамикалық насостар жәрдемімен беріледі.

Бірінші типтік машиналарда шұмегі арқылы өтетін ос бойынша бұрылатын шәйнек тәрізді немесе барабанды ауыспалы шөміштер пайдаланады. Осындай жағдайда шөміш шүмегінің ұшы кеңістікте тұрақты орнында болып шөмішті қалай да болса солай бұрғанда балқыма ағыны бір белгілі нүктеден аға береді. Демек, ағынның ығысып кетуі минимал. Басқа жағдайда көбінесе тығындық шөміштер немесе шөміссіз құю құрылғылары (металл таратқыш пештен беріледі) қолданады.

 

3 Құю РТК-лары

Металл құю үшін стационарлық металл ағызғыштар (металлопровод) орнына манипулятор пайдалануы келесі артықшылықтарға әкеләп соғады: мөлшерлеу дәлдігі, өнімділігі, жұмыс тұрақтылығы мен сенімділігі жоғарылайды; пайдалану жағдайлары мен конструкциялық шешімдері онайрақ; автоматтандыру құралдар құны төмен. Бұдан басқа, манипуляторлар қысыммен құю машиналардың түрлі конструкцияларына онай құрастырылады. Манипулятор кемшілігі: металды шөмішпен малып алғанда металдың сапыруы; балқыманың оксидтермен қаттырақ ластануы; металл дозасы өзгергенде шөміш ауыстыру немесе қайта жөнге келтіру қажеттілігі.

Құю манипулятор-құюшыларға қойылатын талаптар: манипулятор шөмішіндегі металл мөлшері балқу пешіндегі металл деңгейіне туәелсіз қажетті үлеске сәйкес болу керек; металды тікелей құю терезесіне құю қажет (ұзын науа қолдануға келмейді); манипулятор шөмішіндегі металл қож қабыршақсыз таза болу керек.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1], Б. 402-405, [9], Б. 368-370, [3, 6, 8].

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары:

1. Автоматты құю құрылғыларының конструкциясы.

2. Робот-құюшының конструкциясы.

3. Құюшы РТК мысалдары.

24-тақырып Өзекше РТК (1-сағ.)

Дәрістер жоспары

1. Өзекше жасау және өңдеу РТК-лары.

2. Өзекше қалыпқа орнату РТК-лары.

1 Өзекше жасау және өңдеу РТК-лары

Өзекше жасау жүйелерінде ӨР өзекшені өзекше жасайтын машина үстелінен қабылдау үшін, өзекшені кептіргіш пешке салу немесе одан алу үшін, өзекше бояу үшін қолданады.

 

2 Өзекше қалыпқа орнату РТК-лары

Мынау РТК өзгешелегі – өзекшені алдын-ала дәл бекіту мақсатымен кондуктор пайдалануы. Басқа вариант – өзекшені өзекше манипуляторының қабылдауыш кассетасына тікелей орнату.

Ұсынылатын әдебиеттер: [3], Б. 26-34, [6], Б. 49-55, [8], Б. 154-162.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары:

1. Өзекше жасау РТК нобайы.

2. Өзекше бояу РТК нобайы.

3. Өзекше орнату РТК пайдалану саласы, плюстер мен минустері.

25-тақырып Финиш операцияларының РТК-лары (1-сағ.)

Дәрістер жоспары

1. Құйма кесу РТК.

2. Құйма тазалау РТК.

3. Құйма тазарту РТК.

1 Құйма кесу РТК

Бұл РТК-ларында көбінесе манипуляторлар мен автооператорлар пайдалануда. Олар құйма аударады немесе дискілі арамен және қайрақ таспен құйма кеседі.

 

2 Құйма тазалау РТК

Құм-балшықты қалыпқа құю цехтарында тазалау РТК-лары әдетте тазалау операцияларын кесумен қосарланып орындайды. Робот негізгі әлде қосалқы болу мүмкін. Құйманы арнайы әдістермен (химиялық, электр гидравликалық т.б.) тазалайтын цехта ӨР көбінесе қосымша және тасымалдау функцияларын жасайды.

 

3 Құйма тазарту РТК

Тазарту РТК-лары негізінен ауыр құйма өндіру цехтарында немесе көп номенклатуралы (атаулы) ұсақ сериялы құюда қолданады.

Ұсынылатын әдебиеттер: [3, 8].

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары:

1. Құйма аудару манипулятор конструкциясы.

2. Құйма тазалау және тазарту технологиялық РТК-ның конструкциясы.

3. Финиш операциялары РТК-ның нобайы.

26-тақырып Қысыммен құю РТК-лары (1-сағ.)

Дәрістер жоспары

1. РТК жалпы құрылысы.

2. Жаншу-қалыбы майлау автооператорлары мен манипуляторлары.

3. Басқа операциялардың манипуляторлары және ӨР.

1 РТК жалпы құрылысы

Қысыммен құю машинасы негізіндегі РТК жеткілікті кең таралады, себебі сол машиналар конструкциялары бір типті және автоматтандыру құралдарымен түйістіру мүмкін. Мынадай РТК-ның негізгі технологиялық құрал-жабдық құрамына жататындар: қысыммен құю машинасы, таратқыш электр пеші, құйма суыту қондырғысы және құю жүйесін кесу үшін пресс.

Қысыммен құю процесі жаншу-қалыбы мен қысыммен құю машинасының жаншу поршенің майлаудан басталады. Одан кейін жаншу-қалыбының қозғалатын және қозғалмайтын жартылары жабылып бекіткіш механизммен біріктіріледі. Таратқыш пештен машинаның жаншу стақанына балқыған металл үлесі құйылады. Жаншу поршені сұйық балқыманы қалып қуысына сығып еңгізіп қысым астында керекті мерзім ұстайды. Содан соң жаншу-қалыбы ашылады және өзгеше қазықтар құйманы итеріп сыртқа шығарады. Құйманы алып суытқыш қондырғыға апарады, одан кейін құю жүйесін ажырау мақсатымен кесу пресіне береді. Дайын құйма конвейерге немесе тараға салынады. Сығылған ауа ағынымен жаншу-қалыбын жанып кеткен майлау затының қалдықтарынан және металл қабыршағынан (облой) тазалаған соң технологиялық процесс қайталанады.

 

2 Жаншу-қалыбы майлау автооператорлары мен манипуляторлары

Жаншу-қалыбын қысылған ауа ағынымен тазалауды және майлағыш жадығат жағуды қысыммен құю машинасы кешеніне енетін форсунка жәрдемімен немесе қолында форсункалар блогы бекітілген арнаулы майлағыш манипулятормен істейді. Бір қатар жағдайда осы операция машина манайында орнатылған ӨР жәрдемімен жасалады. Металды қорытқыш пештен алу, шөміш тасымалдау және жаншу стақанына құю түрлі типті құюшы манипуляторлармен орындалады.

 

3 Басқа операциялардың манипуляторлары және ӨР

Құйма ны алу және келесі операцияларға бағдарлап тасымалдау үшін әмбебап және ерекше ӨР пайдаланады. Құлағанда сынып бұзыла алатын жұқа қабырғалы қатанды емес, морт сынғыш және үлкен габаритті құймаларды жаншу-қалыбынан ажырату үшін құйма реттеп алатын құралдар пайдаланады. Алу операциясы құйма кесумен қатар орындалатын болса міндетті түрде құйма реттеп алу қажет. Қәзіргі кезде құйманы реттеп алу үшін әдеттегідей ӨР қолданады, өйткені олар негізгі операциялардан басқа қосымша операциялар қатарын (құйманы суытқыш камераға беру, кесу пресі астына салу т.б.) істеуге мүмкіншілік туғызады. Алайда жаппай өндірісте және жұмысты жоғары ырғакпен жасағанда конструкциясы әртүрлі арнайы автоматты манипуляторлар пайдаланады.

Кей кезде құйма қабылдау және жаншу-қалыбын майлау үшін екі қолы бар ӨР қолданады. Оның бір қолында форсунка, екінші қолында шөміш бекітіледі.

Ұсынылатын әдебиеттер: [3, 5, 6], [8], Б. 103-133.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары:

1. Жаншу-қалыбын бояйтын автооператорлар.

2. Құйманы жаншу-қалыбынан қабылдайтын манипуляторлар.

3. РТК-ның конструкциялық нобайлары.

27-тақырып Құю арнайы түрлерінің РТК-лары (1-сағ.)

Дәрістер жоспары

1. Кокильге құю РТК.

2. Қабыршақты қалыпқа құю РТК.

3. Балқығыш үлгілер бойынша құю РТК.

1 Кокильге құю РТК

Осы РТК-да ӨР немесе манипулятор негізінен дайын құйма қабылдау үшін, сондай-ақ кокиль майлау және үрлеу үшін манипуляторлар (автооператорлар) пайдаланады.

 

2 Қабыршақты қалыпқа құю РТК

Ірі сериялы және жаппай өндіріс жағдайында қабыршақты қалып жасау үшін автоматтандырылған тізбек қабыршақты жарты қалыптарды жасайтын машинадан және оларды құрастыратын қондырғыдан тұрады. Қалыптау машина үлгілер мен жарты қалыптарды газбен қыздыратын төрт позициялы әткеншекті автомат болып көрінеді. Ол тиегіш шанақпен және үлгі плитасынан жарты қалып шешіп алатын манипулятормен жабдықталған. Қабыршақты жарты қалыптар қалыптасуы бұрылма шанақ көмегімен гравитациялық тәсілмен жасалады. Манипулятор (ӨР да болу мүмкін) дайын қабыршақты жиегінен ұстап алып ажырау бетімен үстіне қабай бұрып қабылдағыш үстеліне қояды. Қабылдағыш үстел төмен түскенде қабыршақ штангалы тасымалдағыштың бағыттауыштарына түседі. Жартықалып штангалы конвейермен қозғалғанда оператор оның ішіне өзекшені орнаты. Астынғы жарты қалып ажырау бетіне мөлшерлеуішпен желім жағады. Қондырғы жарты қалыптарды біріктіреді. Тізбек құрамындағы төрт позициялы механизм оларды престейды. Дайын жарты қалыптар жаншу агрегатынан астарға беріледі.

 

3 Балқығыш үлгілер бойынша құю РТК

ӨР үлгі блоктарын құру, блокқа керамикалық жабын түсіру, құю т.с.с. операциялар үшін пайдалануға болады.

Ұсынылатын әдебиеттер: [3, 5, 6], [8], Б. 63-84.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары:

1. Сиретіп сорып алып құю РТК.

2. Қабыпшақты өзекше дайындау РТК.

3. Өзекше мен құйма бояу РТК.

28-тақырып Құю цехы автоматты тізбектерінің жалпы сипаттамасы (1-сағ.)

Дәрістер жоспары

1. Құю цехының автоматты тізбектерін жіктеу.

2. Автоматты құю тізбектері (АҚТ).

3. Типтік АҚТ құрамы.

1 Құю цехының автоматты тізбектерін жіктеу

Ағындылық, агрегатталу және механизмдермен жабдықталу принциптеріне сүйеніп құю өндірісінің барлық ағынды тізбектерін келесі белгілері арқылы топтастыруға болады:

– механикаландыру дәрежесіне қарай: механикаландырылған, кешенді-механикаландырылған, автоматтандырылған, автоматты;

– міндет артуы бойынша: құйма өндіру, өзекше жасау, шихта құраушыларын теріп пешке салу, қоспа дайындау, құйма талазау және тазарту т.б.;

– жұмыс сипаты арқылы: үздіксіз немесе мезгіл-мезгіл әрекетті;

– ағындар саны бойынша: бір және көп ағынды;

– құрылысына қарай: тұйық және тұйық емес, бір позициялық және көп позициялық қалыптау автоматтармен т.б.

Құю цехының негізгі тізбектері: сұйық металл дайындау, өзекше жасау, қспа дайындау мен тарату, құйма тазалау мен тазарту.

 

2 Автоматты құю тізбектері (АҚТ)

Құю цехының негізгі тізбекі автоматты құю тізбегі (АҚТ) болып табылады. АҚТ деп бір реттік қалып жасау, оларды жүктеу, құюға беру, суыту және құйманы қалыптан босатудың бүкіл операцияларын, сондай-ақ операциялар аралық тасымалдауды автоматты тәртіппен істейтін құю машиналары, механизмдері және көтергіш-тасымалдағыш құрылғылар кешенін айтады. Өзекше орнату және балқыма құю қолмен жасалуы мүмкін. Басқа тізбектер АЛЛ-ды металмен, өзекшемен, қоспамен үздіксіз қамтамасыз ету және құйманы кеінгі өңдеу үшін арналады.

АҚТ былай жіктеледі:

құйма алу әдісі арқылы: құм-балшықты қалыпқа құю, вакуум-қабыршақты қалыпқа құю, магнитті қалыптауды қолданып құю, кокильге құю, қабыршақты қалыпқа құю, балқитын немесе жанып кететін үлгімен құю, құсыммен құю т.б.;

құм-балшықты қалып түріне қарай: опокалы және опокасыз;

қалыптың ажырау беті орналасуы арқылы: горизонтал не вертикал ажырау жазықтығымен;

қалыптау блок орналасуы бойынша: тұйық емес және тұйық тізбектер. Соңғы жағдайда қалыптау блок конвейр ішінде, үстінде, сыртында болу мүмкін;

қалыптау автомат түрі бойынша. Оның мынадай болуы мүмкін:

конструкциясы жағынан: өтпелі, қайықшалы, әткеншекті;

жұмыс орындар саны арқылы: бір және көп позициялы;

тағайындалуына қарай: үстінгі, астынғы, екі жарты қалып үшін;

конвейер типі бойынша: үздіксіз және кезеңді (тамыр соғу сияқты) қозғалатын;

тізбек агрегаттары арасындағы көлік байланыстар түріне қарай: қатан, иілімді және аралас байланыстармен. Байланыстар қатан тізбектер көршілес машина немесе операция арасында еңбек нәрселерін (опокалар, қалыптар, т.б.) жинақтауға мүмкіндік бермейді – арбалы, шынжырлы жүк тасушы және пластиналы конвейермен АҚТ. Иілімді байланыстар операция аралық қорлар құруға мүмкіншілік береді – рликті және шынжырлы итергіш конвейер негіндегі АҚТ;

үлгі жабдығының сипаты бойынша: АҚТ қатан бекітілген, тез ауыспалы және жылжымалы жабдықпен;

тізбек негізгі агрегаттары жетегі арқылы: көбінесе пневматикалық немесе гидравликалық жетекпен АҚТ.

 

3 Типтік АҚТ құрамы

Автоматты құю тізбегі құрамында мыналар болады:

– қалыптау блоктар;

– жартықалыптар құрастыру (жинау) құрылғылары;

– құю конвейері;

– суытқыш құрылғы (қаптама, тоннель, галерея),

– қалып босату және опокалар ажырату қондырғылар;

– қосалқы құрылғылар: манипуляторлар, итергіштер, аударғыштар, жинақтауыштар т.б.;

– көмекші көтергіш-тасымдауыш құрылғылар: бос опока тасымалдағыштар, суытқыш конвейерлер, көтергіш және беріліс үстелдер т.б.;

– тізбек басқару жүйесі;

– күш жетегі.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1], Б. 204-233, [9], Б. 164-173, [8], Б. 7-12.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары:

1. Құю цехы автоматты тізбектер түрлері.

2. Қатан және иілімді байланысты тізбектер.

3. Типтік АҚТ-нің ұйымдастырылуы мен құрамы.

29-тақырып АҚТ негізгі элементтері (1-сағ.)

Дәрістер жоспары

1. Қалыптау блоктар.

2. Қалып құрастыру және ажырау механизмдері.

3. Қалып жүктеу құрылғылары.

4. Босатқыш қондырғылар.

1 Қалыптау блоктар

Қалыптау блок қалып жасау циклінің ең қымбат элементі болып табылады. Сондықтан оның өңімділігін толығымен қолдануы қажет. Казіргі заман АҚТ бір, ең көп екі блок пайдаланады. Олар өтпелі, қайықшалы және әткеншекті; бір, екі, үш және көп позициялы болу мүмкін. Автомат құю конвейері ішінде, тыста, үстінде орналаса алады. Қалыптау блок өнімділігін көтеру қалыптың пайдалу ауданын үлкейту жолымен қамтамасыз етуге тырысады. Шағын сериялы өндіріс жағдайында үлгі жабдығын берілген бағдарлама арқылы автоматты түрде ауыстырып отыратын автоматтар пайдалану керек.

Қалыптау түрлері: кезектесіп – бір автоматта алдында жоғарғы, кейін төменгі жарты қалып істелінеді; бөлек – үстінгі және астынғы жарты қалыптың әрқайсысы өз автоматымен жасалады; бірмезгіл – жартықалыптың екеуі де қоса бір автоматта дайындалады.

 

2 Қалып құрастыру және ажырау механизмдері

Үздіксіз және кезеңді әрекетті болып бөлінеді. Соңғылар бір немесе екі такт принципі бойынша істейді. Үздіксіз ажырау конвейер немесе көлбеу бағыттауыштар көмегімен жасалады. Қәзіргі заман тізбекте кеңінен манипуляторлар мен ӨР қолданады.

Қалыпқа өзекше орнату қондырғылары.

 

3 Қалып жүктеу құрылғылары

Жүктеу амалдары:

– құю конвейерымен үйлестіріле қозғалатын жүк тасушы аспалы шынжырлы конвейермен;

– ұштарында жүк орын ауыстыратын құрылғылар бар ленталы конвейермен, ол құю конвейеры бойымен немесе оған қолдеңен орналасады;

– бұрылмалы жүк орын ауыстырушымен;

– арбаша арқылы құю конвейеры үстіндегі релісті жолмен қозғалатын робот-манипулятормен.

 

4 Босатқыш қондырғылар

Бұған опокадан қоспа кесегін құймамен сығып шығаратын құрылғылар, вибрациялық торлар және опокасыз қалыптар мен қоспа кесегін құймамен бұзуға арналған босатқыш барабан жатады.

Ұсынылатын әдебиеттер: [2], Б. 132-147, [9], Б. 168-173, [1, 3].

СДЖ арналған бақылау тапсырмалары:Ө

1. Қалып құрастырушылар мен ажыратушылар конструкциясы мен жұмысы.

2. Қалыптау автоматтар типтері мен конструкциясы.

3. Опока мен жартықалып аударғыштар.

30-тақырып АҚТ қосалқы элементтері (1-сағ.)

Дәрістер жоспары

1. Құю конвейеры.

2. АҚТ көлік элементтері.

3. АҚТ қосалқы элементтері.

1 Құю конвейеры

Құю конвейеры ретінде арбашалы, жетектегі роликті (рольгангтар), адымдауыш, ленталы (металл таспамен), трансбордерлі (реліс арқылы пневматикалық итергіштер жәрдемімен қозғалатын арбалармен), кей кезде аспалы шынжырлы.Конвейер трассасы тұйық (горизонтал не вертикал), қозғалу сипаттамасы – тамыр соғу секілді не үздіксіз болады.

 

2 АҚТ көлік элементтері

Көлік құралдары мен функционалдық құрылғыларына бос опока мен опока астындағы плитаны қайтаратын механизмдерді, итергіштерді, орын ауыстырушыларды, жартықалып пен қалып орнатушыларды, бұру және беру үстелдерін, үлгі плиталарын жылжыту жүйелерін т.с.с. жатқызуға болады.

 

3 АҚТ қосалқы элементтері

Осылардың мысалдары: көтеру механизмі, қоспа артығын кесетін құрылғы, опока, опока астындағы плита және арба платформасын тазалайтын тетік; желдеті арналар тесетін құрылығы т.б.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1], Б. 205-213, [3, 9, 11].

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары:

1. Құю конвейеры құрылысы мен жұмысы.

2. Үлгі плиталарын ауыстыратын құрылғылары.

3. Құю конвейері ұзындығын есептеу.

4 Практикалық сабақтарды орындау үшін әдістемелік нұсқаулар

 

1-тақырып. Жаңа қалыптау материалдар дайындау құрал-жабдығының конструкциясын зерттеу (1-сағ.)

 

Сабаққа зерттеліп отырған машиналардың (кептіргіштердің, ұсатқыштардың, диірмендердің) сызбалары мен техникалық сипаттамалары болуы керек.

Практикалық сабақтың жоспары:

1. Тиісті машинаның техникалық сипаттамасы мен қолдану саласын оқып білу.

2. Қандай негізгі бөліктері мен механизмдерінен тұратынын қарастыру.

3. Негізгі құраушы бөліктерінің міндет артуын және конструкциясын зерделеу.

4. Тиісті машинаның жұмыс істеу жүйелілігін қарастыру.

 

Ұсынылатын әдебиеттер: [1, 2, 6, 7, 8].

 

СӨЖ үшін бақылау тапсырмалары (2-тақырып) [1, 2, 7, 8]:

1. Жаңа материалдар өңдеу технологиялық процесі.

2. Пневматикалық кептіргіштің конструкциясы мен жұмысы.

3. Диірмендер түрлері мен жұмысы.

 

2-тақырып. Пайдаланылған қоспа өңдеу құрал-жабдығын оқу (1-сағ.)

 

Сабаққа зерттеліп отырған машинаның (елеуіштердің, темір айырғыштардың, ауаландырғыштардың) сызбалары мен техникалық сипаттамалары болуы керек.

Практикалық сабақтың жоспары:

1. Тиісті машинаның техникалық сипаттамасы мен қолдану саласын оқып білу.

2. Машинаның негізгі бөліктері мен механизмдерін қарастыру.

3. Негізгі құраушы бөліктерінің міндет артуын және конструкциясын зерделеу.

4. Тиісті машинаның жұмыс істеу жүйелілігін қарастыру.

 

Ұсынылатын әдебиеттер: [2, 1, 6, 7, 8].

 

СӨЖ үшін бақылау тапсырмалары (3-тақырып) [1, 2, 8, 7]:

1. Пайдаланған құм жаңғырту әдістері мен құрал-жабдығы.

2. Пайдаланған қоспа өңдеу технологиялық процестің нобайы.

3. Барабанды елеуіштің жұмыс процесі.

 

3-тақырып. Қоректендіргіштер мен мөлшерлеуіштердің конструкциясын зерттеу (1-сағ.)

 

Сабаққа зерттеліп отырған қоректендіргіштердің сызбалары мен техникалық сипаттамалары болуы керек.

Практикалық сабақтың жоспары:

1. Қоректендіргіштің техникалық сипаттамасын, қолдану саласын, артықшылықтары мен кемшіліктерін оқып білу.

2. Құрылғының жалпы конструкциясын қарастыру.

3. Негізгі құраушы бөліктерінің міндет артуын және конструкциясын зерделеу.

4. Машинаның жұмыс істеуін қарастыру.

 

Ұсынылатын әдебиеттер: [1, 2, 7, 8].

 

СӨЖ үшін бақылау тапсырмалары (5-тақырып) [1, 2, 7, 8]:

1. Қоректендіргіштер түрлері, олардың қолдану салалары, артықшылықтары мен кемшіліктері.

2. Қоректендіргіштің негізгі көрсеткіштерін аңықтау.

3. Қатты, сұйық және газ тәрізді материалдардың мөлшерлеуіштері.

 

4-тақырып. Қоспа дайындайтын құрал-жабдықтың кұрылысы мен жұмысын зерттеу (1-сағ.)

 

Сабаққа зерттеліп отырған араластырғыштың сызбалары мен техникалық сипаттамалары болуы керек.

Практикалық сабақтың жоспары:

1. Түрлі араластырғыштардың техникалық сипаттамасын, қолдану саласын, артықшылықтары мен кемшіліктерін оқып білу.

2. Әрбір машинаның жалпы конструкциясын қарастыру.

3. Негізгі құраушы бөліктерінің міндет артуын және конструкциясын зерделеу.

4. Машинамен қоспа дайындау кезінде әрекеттердің реттілігін қарастыру.

 

Ұсынылатын әдебиеттер: [1, 2, 6, 7, 8].

 

СӨЖ үшін бақылау тапсырмалары (6-тақырып) [1, 2, 7, 8]:

1. Мезгіл-мезгіл жұмыс істейтін араластырғыштардың құрылысы.

2. Үздіксіз әрекетті қоспа жасайтын құрылғылар.

3. Өзі қатаятын қоспа дайындау үшін арналған араластырғыштар.

 

5-тақырып. Қалыптау жаншу құрылғысы конструкциясын зерттеу және есептеу (1-сағ.)

 

Сабаққа зерттеліп отырған машиналардың сызбалары мен техникалық сипаттамалары болуы керек.

Практикалық сабақтың жоспары:

1. Машинаның техникалық сипаттамасы мен қолдану саласын оқып білу.

2. Қандай негізгі бөліктері мен механизмдерінен тұратынын қарастыру.

3. Негізгі құраушы бөліктерінің міндет артуын, конструкциясын және жұмысын зерделеу.

4. Жартықалып жаншу кезіңдегі әрекеттер жүйелілігін белгілеу.

5. Жүк көтергіштігіне сүйініп жаншу поршені диаметірін есептеп алып нақты шамамен салыстыру.

 

Ұсынылатын әдебиеттер: [1, 2, 9, 10].

 

СӨЖ үшін бақылау тапсырмалары (7-тақырып) [1, 2, 8]:

1. Рычагты жаншу құрылғысының конструкциясы және жұмысы.

2. Гидравликалық жаншу механизмі конструкциясы мен жұмыс процесінің ерекшеліктері.

3. Жаншу механизмінің негізгі көрсеткіштерін есептеу тәртібі.

 

6-тақырып. Сілку механизмі құрылысын жәңе жұмысын зерделеу (1-сағ.)

 

Сабаққа зерттеліп отырған машиналар сызбалары мен техникалық сипаттамалары болуы керек.

Практикалық сабақтың жоспары:

1. Машинаның техникалық сипаттамасы мен пайдалану саласын оқып білу.

2. Қандай негізгі бөліктері мен механизмдерінен тұратынын қарастыру.

3. Сілку механизмі конструкциясын зерделеу және жұмыс процесі сипаттамасын анықтау.

4. Жартықалып жасау жұмыстары жүйелілігін белгілеу.

5. Түрлі механизмдерге салыстырмалы баға беру.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1, 2, 6, 7, 8].

 

СӨЖ үшін бақылау тапсырмалары (9-тақырып) [1, 2, 8, 9, 10]:

1. Ауа беру үзік және үздіксіз сілку механизмдерінің жұмыс процестері.

2. Сілку мен қоса жаншу механизмдері.

3. Сілку құрылғыларының ауа тарату механизмдері.

 

7-тақырып. Қоспа үрлеу-ату машиналар конструкцияларын зерделеу (1-сағ.)

 

Сабаққа зерттеліп отырған машиналардың сызбалары мен техникалық сипаттамалары болуы керек.

Практикалық сабақтың жоспары:

1. Машинаның техникалық сипаттамасы мен қолдану саласын оқып білу.

2. Қандай негізгі бөліктері мен механизмдерінен тұратынын қарастыру.

3. Қоспа атқыш бүршік конструкциясы мен жұмысын зерделеу.

4. Үрлеуіш клапан конструкциясын зерделеу.

5. Өзекше қалыптастыру үшін жұмыс тәртібін анықтау.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1, 2, 4].

 

СӨЖ үшін бақылау тапсырмалары (11-тақырып) [1, 2, 4, 7, 8]:

1. Қоспа үрлеу және ату бүршіктері конструкциялық және технологиялық айырмашылықтары.

2. Құм-шайырлы қоспадан өзекше жасау машиналарының ерекшеліктері.

3. Қоспа ату-жаншу қалыптау құрылғылары конструкциясы мен жұмысы.

 

8-тақырып. Импульсті құрылғылар мен олар клапандарының конструкциясын зерделеу (1-сағ.)

 

Сабаққа зерттеліп отырған құрылғылардың техникалық сипаттамалары мен сызбалары болуы керек.

Практикалық сабақтың жоспары:

1. Импульсті қондырғы тағайындалуын айқындау.

2. Импульсті бүршік конструкциясы мен жұмысын қарастыру.

3. Негізгі құраушы бөліктерінің міндет артуын, конструкциясын және жұмысын зерделеу.

4. Опока тығыздау әрекеттері жүйелілігін белгілеу.

5. Импульсті клапандар түрлі типтерінің конструкцияларын салыстырып қорытынды шығару.

Ұсынылатын әдебиеттер: [7, 9].

 

СӨЖ үшін бақылау тапсырмалары (13-тақырып) [7, 9, 10]:

1. Импульсті-жаншу және импульсті-соғу машиналары құрылысы мен жұмысы.

2. Жоғары және төмен қысымды импульсті бүршіктер конструкциялары мен жұмысының ұқсастығы және айырмашылығы.

3. Импульсті бүршіктің жұмыс процесі және қоспа тығыздалу механизмі.

 

9-тақырып. Қоспа лақтырғыш конструкциясын зерделеу (1-сағ.)

 

Сабаққа зерттеліп отырған машиналардың сызбалары және техникалық сипаттамалары болуы керек.

Практикалық сабақтың жоспары:

1. Машинаның техникалық сипаттамасы мен пайдалану саласын оқып білу.

2. Қандай негізгі механизмдері мен бөліктерінен тұратынын қарастыру.

3. Остік және тангенциалды қоспа беруімен бүршіктер конструкцияларын зерттеп бір бірімен салыстыру.

4. Машинаның басқа бөліктерінің тағайындалуын, конструкциясын және жұмысын зерделеу.

5. Жартықалып дайындау операциялары жүйелілігі.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1, 2, 7].

 

СӨЖ үшін бақылау тапсырмалары (15-тақырып) [1, 2, 8, 9]:

1. Көпірлі қоспа лақтырғыштың конструкциясы мен жұмысы.

2. Қоспа тығыздау сапасына түрлі конструкциялық-технологиялық факторлар әсер етуі.

3. Миксер-слингер қоспа атқыштар.

 

10-тақырып. Құйма босатқыш құрал-жабдық конструкциясы мен жұмысын зерделеу (1-сағ.)

 

Сабаққа зерттеліп отырған машиналардың сызбалары және техникалық сипаттамалары болуы керек.

Практикалық сабақтың жоспары:

1. Босатқыш құрылғының техникалық сипаттамасын және пайдалану саласын оқып білу.

2. Негізгі механизмдері мен бөліктерін айыру.

3. Механизмдер конструкциясы мен жұмысын қарастыру.

4. Қалыптан құйма босату операцияларының жүйелелегін аңықтап циклограмма құру.

 

Ұсынылатын әдебиеттер: [1, 2, 7, 8].

 

СӨЖ үшін бақылау тапсырмалары (17-тақырып) [1, 2, 7, 8]:

1. Түрлі босатқыш құрылғыларының мүмкіншіліктері және пайдалану салалары.

2. Инерциялық-соққыш және тасымалдағыш тордың құрылысы мен жұмыс істеу принципі.

3. Құйманы өзекшеден босататын құрал-жабдық.

 

11-тақырып. Құйма тазалау құрал-жабдығын зерттеу (1-сағ.)

 

Сабаққа зерттеліп отырған машиналардың сызбалары және техникалық сипаттамалары болуы керек.

Практикалық сабақтың жоспары:

1. Тазартқыш қондырылғылардың техникалық сипаттамасы мен пайдалану саласын оқып білу.

2. Негізгі механизмдері мен бөліктерін қарастыру.

3. Жалпы конструкциясы мен жұмысын қарастыру.

4. Бытыра атқыш аппараттың конструкциясын зерделеу.

 

Ұсынылатын әдебиеттер: [1, 2, 7, 8].

 

СӨЖ үшін бақылау тапсырмалары (20-тақырып) [1, 2, 7, 8]:

1. Бытырамен құйма бетін тазалайтын машиналар.

2. Электр-гидравликалық тазартқыш құрылғылары.

3. Құйма тазалау ерекше тәсілдер үшін арналған құрал-жабдық.

 

12-тақырып. Құю қалыбына балқыма құю құрылғыларын зерделеу (1-сағ.)

 

Сабаққа зерттеліп отырған құрылғылар сызбалары мен техникалық сипаттамалары болуы керек.

Практикалық сабақтың жоспары:

1. Қондырғы техникалық сипаттамасы мен міндет артуын оқып білу.

2. Құрылғы жұмыс істеу негізін айыру.

3. Қандай негізгі механизмдері мен бөліктерінен тұратынын анықтау.

4. Құрылғы жұмысын қарастыру.

5. Берілген машинаның құюдың қай түрі мен қандай қорытпалар үшін қолдану мүмкіншілігін анықтау.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1, 3, 8, 9].

 

СӨЖ үшін бақылау тапсырмалары (23-тақырып) [1, 3, 8-9]:

1. Қалыпқа құюды механикаландыру және автоматтандыру принциптері.

2. Қалыпқа құю процесін бақылау әдістері.

3. Құю шөмішін есептеу.

 

13-тақырып. Қысыммен құю РТК құрамы мен конструкциясын зерделеу (1-сағ.)

 

Сабаққа зерттеліп отырған кешендер сызбалары мен техникалық сипаттамалары болуы керек.

Практикалық сабақтың жоспары:

1. РТК техникалық сипаттамасын окып білу.

2. РТК құрамын қарастыру.

3. РТК құрамындағы роботтар түрі мен тағайындалуын айыру.

4. ӨР конструкциясын және жұмысын зерттеу.

5. Құйма алу үшін операциялар жүйелілігін айқындау.

Ұсынылатын әдебиеттер: [4, 5, 6-9].

 

СӨЖ үшін бақылау тапсырмалары (26-тақырып) [4-6, 8-9]:

1. Қысыммен құю РТК-ның автооператорлары.

2. Құюшы робот конструкциясы мен жұмысы.

3. Төмен қысыммен құю РТК.

 

14-тақырып. Құю технологиялық РТК конструкциясын және жұмысын зерделеу (1-сағ.)

 

Сабаққа зерттеліп отырған РТК-лардың сызбалары мен техникалық сипаттамалары болуы керек.

Практикалық сабақтың жоспары:

1. Берілген РТК құюдың қандай тәсілінде қолдана алатындығын анықтау.

2. РТК міндет артуын және техникалық сипаттамасын оқып білу.

3. РТК құрамын зерттеу.

4. РТК жұмыс циклін қарастыру.

5. РТК қолдану тиімділігін бағалау.

Ұсынылатын әдебиеттер: [4, 5, 6, 8, 9].

 

СӨЖ үшін бақылау тапсырмалары (27-тақырып) [4-6, 8-9]:

1. Балқығыш үлгілер құюда РТК пайдалану.

2. Қарсы қысыммен құюда РТК қолдану.

3. Кокильге құйғанда РТК пайдалану.

 

15-тақырып. АҚТ технологиялық құрылғыларының конструкциялары мен жұмысын зерделеу (1-сағ.)

 

Сабаққа зерттеліп отырған құрылғылардың сызбалары және техникалық сипаттамалары болуы керек.

Практикалық сабақтың жоспары:

1. Құйма босатқыш қондырғылар конструкциясы мен жұмысын зерттеу.

2. Бос қалыптар ажыратқыштың конструкциясын және жұмысын окып білу.

3. Қалып құрастырушы конструкциясы мен жұмысын зерделеу.

4. Қалып жүктеу құрылғы конструкциясын және жұмысын қарастыру.

5. Қалыптау блоктар конструкциясы мен жұмысын зерделеу.

Ұсынылатын әдебиеттер: [3, 8, 9].

 

СӨЖ үшін бақылау тапсырмалары (29-тақырып) [3, 8-9]:

1. АҚТ жіктеуі және құрамы.

2. Қалыптау блоктардың құрастыру нобайлары.

3. Үлгі жабдығын тез ауыстыру тәсілдері мен құралдары.

5 Зертханалық жұмыстар орындау үшін әдістемелік нұсқаулары

№ 1-зертханалық жұмыс. Елеуіш құрылысы мен жұмыс процесін зерделеу (2 сағ.)

 

Жұмысты орындау тәртібі

1. Елеуіш конструкциясы мен жұмыс істеу принципін қарастыру.

2. Елеуіш параметлерін есептеп алу.

3. Құрғақ құм сынамасын өлшеп алу.

4. Оны елеу.

5. Елерген және еленбеген жадығатты таразыға тарту.

6. 3…5 операцияларын үштен кем емес рет қайталау.

7. Процестің орташа мәндері арқылы елеу тиімділігін анықтау.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Елек пен грохоттың айырмашылығы қандай?

2. Теңселмелі елеуіштердің қай түрі –горизонтал әлде көлбеу – тиімділеу?

3. Елеу тиімділігін қалай бағалайды?

Ұсынылатын әдебиеттер: [1, 2, 6].

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары

1. Зат бөлшегінің елек арқылы өту шарты.

2. Процесс нәтижелігін көбейту шаралары.

3. Дірілдеуіш және соққыш елеуіштер.

№ 2-зертханалық жұмыс. Темір айырғыш құрылысы мен жұмысын зерделеу (1 сағ.)

 

Жұмысты орындау тәртібі

1. Ленталы темір айырғыш конструкциясын қарастыру.

2. Оның жұмыс істеу тәртібін айқындау.

3. Шкивті темір айырғыш конструкциясы мен жұмыс істеу негізін қарастыру.

4. Осы екі темір айырғыштың технологиялық мүмкіншіліктері мен пайдалану саласын салыстыру.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Темір айырғышта магниттің қандай конструкциясы болу мүмкін?

2. Темір айырғыштың қандай түрлерін білесіңдер?

3. Дискілі темір айырғыш ілу биіктігі қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер: [1, 2, 7, 8].

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары

1. Таспалы темір айырғыштың жұмыс процесі.

2. Темір айырғыш қолданудың технологиялық нобайлары.

3. Құрастырылған темір айырғыштар.

№ 3-зертханалық жұмыс. Шанақтан зат беретін құрылғыларды зерттеу (2 сағ.)

 

Жұмысты орындау тәртібі

1. Қоректендіргіш конструкциясын қарастыру (оқытушы тапсырма бойынша).

2. Оның міндет артуын айқындау.

3. Қоректендіргіш негізгі көрсеткіштерін анықтау.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Қоректендіргіштер не үшін пайдаланады?

2. Қоректендіргіш пен мөлшерлеуіштің айырмашылығы қандай?

3. Жатығат шығыны қалай реттеледі?

Ұсынылатын әдебиеттер: [1, 2, 3, 6].

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары

1. Түрлі қоректендіргіштер қолдану салалары.

2. Ленталы қоректендіргіштің жоба есебі.

3. Пневматикалық және гидравликалық жүйелерінің қоректендіргіштер.

№ 4-зертханалық жұмыс. Жүгіргіш құрылысы мен жұмыс процесін зерттеу (2 сағ.)

Жұмысты орындау тәртібі

1. Жүгіргіш конструкциясы мен жұмыс істеу негізін түсіну.

2. Қоспаның белгілі түрін (оқытушы тапсырма бойынша) жасау қажетті құраушыларын өлшеп алу.

3. Жүгіргішті іске қосып компоненттерді керекті тәртіппен тиеу.

4. 0,5 мин артық емес мерзімімен жүгіргіш пайдаланатын қуатын өлшеу.

5. Дәл сондай мерзімімен қоспа сынамаларын алып сығуға беріктігін анықтау.

6. Жүгіргішті дайын қоспадан босатып алып қоспаның ақырғы беріктігін табу.

7. Жүгіргіш жұмсайтын қуаты мен қоспа беріктігінің байланыс графигін құру.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Катоктар тік тұрған жүгіргіште қандай қоспа жасауға болады?

2. Қоспа құраушыларын жүгіргішке салу тәртібі қандай?

3. Жүгіргішті қандай ең үлкен биіктікке жүктеу мүмкін?

Ұсынылатын әдебиеттер: [1, 2, 6, 7].

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары

1. Жүгіргіштің жұмыс процесі.

2. Түрлі қоспа дайындағанда операциялар жүйелілігі.

3. Жүгіргіштер түрлерін салыстырмалы талдау.

№ 5-зертханалық жұмыс. Жаншу механизмі жұмыс процесін зерделеу (2-сағ.)

 

Жұмысты орындау тәртібі:

1. Опока мен толықтырғыш рамка ішкі өлшемдерін өлшеп алып жаншу құрылғысына орнату.

2. Борпылдақ қалып қоспасы бір үлесін өлшеп алып опокаға салу. Бүкіл опока мен рамка қоспамен толғанша операцияны қайталау.

3. Қалыптау қоспаның бастапқы орташа тығыздығын есептеу.

4. Рамка мен жаншу плитасы жиектерінің бастапқы ара қашықтығын өлшеу.

5. Қондырғы іске қосып қоспаны жаншу. Процесс барысында 5-мм сайын жаншу плитасының жүрісі мен оған сай келетін цилиндрдегі қысымын белгілеу. Мәліметті кестеге түсіру.

6. Қоспаны тығыздаған соң қондырғыны бастапқы күйіне келтіріп ажырату.

7. Жарты қалыптың жұмыс және қарама қарсы беттерінің қаттылығын өлшеу, қоспаның опока биіктігі мен ауданы бойынша тығыздалу біркелкілігіне баға беру.

8. Сынама алғышпен қоспа сынамаларын алып жартықалыптың екі жағының соңғы тығыздығын есептеу.

9. Алынған мағлумат арқылы жаншу цилиндрінің индикаторлық диаграммасын құру.

10. Қоспа отыруына (жаншу плитасы жүрісіне тиісті) қарай қоспаның ағымды тығыздығын есептеп алып процесс бойы тығыздық өзгеру графигін сызу.

11. Табылған деректі талдау, қорытынды жасау және есеп беруді рәсімдеу.

Бақылау сұрақтары:

1. Жоғарғы және төменгі жаншудың айырмашылығы қандай?

2. Опока биіктігі бойынша қоспа тығыздығы таралуын қалай жақсартуға болады?

3. Индикаторлық диаграмма дегеніміз не және оның қажеттілігі қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер: [2, 1, 9, 10].

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары:

1. Жаншу әдістері: бір ізді, диафрагмалы, қоспа бетін не жаншу колодкасын пішіндеумен, қысым мультипликаторымен т.б.

2. Индикаторлық диаграмманы аналитикалық жолмен құру әдістемесі.

3. Индикаторлық диаграмманы талдау және түрлі факторлардың процеске әсерін анықтау.

№ 6-зертханалық жұмыс. Сілку механизмі жұмыс процесін зерделеу (2-сағ.)

 

Жұмысты орындау тәртібі:

1. Опока мен толықтырғыш рамка ішкі өлшемдерін өлшеп алып сілку стендіне орнату.

2. Борпылдақ қоспа үлесін өлшеп алып толықтырғыш рамка бекітілген опокаға тиеу. Операцияны технологиялық кеңдік толығанша қайталау.

3. Қалыптау қоспаның бастапқы орташа тығыздығын есептеу.

4. Сілку жасау (60…70 рет соғып). 30 соққыға дейін 5 соққы сайын, одан кейін 10 соққы сайын қоспа отыруын өлшеу. Мәліметті кестеге жазу.

5. Қоспаны тығыздаған соң опоканы стендтен шешіп алып жартықалыптың лады мен контрладының барлық ауданы бойынша қаттылығын өлшеу. Қоспаның қалып биіктігі және ауданы арқылы тығыздалу біркелкілігін бағалау.

6. Сынама алғышпен қоспа сынамаларын алып жартықалып лады мен контрладының ақырғы тығыздығын есептеу.

7. Қоспа отыруы бойынша оның тығыздығын есептеп алып процесс жүрісі бойы тығыздық ρ өзгеру графигін құру: ρ = f (t).

8. Соққылар n санына байланысты қоспа тығыздау меншікті және толық A жұмысын есептеп алып тиісті график салу: A = f (n).

9. Табылған деректі талдау, қорытынды шығару және есеп беруді рәсімдеу.

Бақылау сұрақтары:

1. Сілку машинасын қолдануы қашан тиімді?

2. Жаншу машинасымен салыстырғанда сілку құрылғысы кемшіліктері мен артықшылықтары қандай?

3. Сілку механизмінде қандай жетек болуы мүмкін?

Ұсынылатын әдебиеттер: [1, 2, 9, 10].

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары:

1. Сілку механизмінің конструкциялық орындалуы.

2. Индикаторлық диаграмма құру аналитикалық әдісі.

3. Процеске конструкциялық-технологиялық факторлардың әсер етуі.

№ 7-зертханалық жұмыс. Қоспа лақтыру бүршігі жұмыс процесін зерделеу (2-сағ.)

Жұмысты орындау тәртібі:

1. Қоспа беруі осьтік және тангенциалды болатын қоспа лақтыру бүршіктер конструкцияларын қарастыру.

2. Қоспа лақтыру бүршігі жұмыс процесінің негізгі кезеңдерін зерделеу.

3. Қоспа лақтырғыш қалақшасының ішкі өлшемдерін өлшеп алып бір қоспа кесегі массасын анықтау.

4. Қоспа кесегінің қалақша бойы жылжу жылдамдығын есептеу.

5. Қоспа кесегі опокаға түсу жымдамдығының векторын есептеу.

6. Кесек массасына сүйіне отырып түсіп жатқап кесегінің орташа тығыздығын анықтау.

7. Қоспа лақтыру бүршігі жұмсайтын қуатын есептеу.

8. Табылған шаманы нақты дерекпен (техникалық сипаттамасымен) салыстыру.

9. Шығарылған деректі талдау, қорытынды жасау және есеп беруді рәсімдеу.

Бақылау сұрақтары:

1. Тангенциалды беруімен салыстырғанда осьтік қоспа берудің кемшіліктері мен артықшылықтары қандай?

2. Ені кен қоспа лақтырғыш конструкциясы мен жұмыс істеудің өзгешеліктері қандай?

3. Қоспа лақтырғыштардың қандай конструкциялық-құрастыру нобайлары бар?

Ұсынылатын әдебиеттер: [1, 2, 7, 8].

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары:

1. Аланда қалыптауды механикаландыру мен автоматтандыру үшін қоспа лақтырғыштарды қолдану.

2. Түрлі қоспа лақтырғыштардың технологиялық мүмкіншіліктері, артықшылықтары және кемшіліктері.

3. Түрлі конструкциялық-технологиялық көрсеткіштердің тығыздалу дәрежесіне әсер етуі.

№ 8-зертханалық жұмыс. Босатқыш торлар құрылысы мен жұмыс процесін зерделеу (2 сағ.)

 

Жұмысты орындау тәртібі

1. Эксцентрлі босатқыш тор конструкциясы мен жұмысын зерттеу.

2. Инерциялық босатқыш тор конструкциясы мен жұмысын зерттеу.

3. Опока тығыздап эксцентрлі тормен босату.

4. Опока тығыздап инерциялық тормен босату.

5. Екі процесті салыстырып қорытында шығару.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Қандай қалыптар босату үшін эксцентлі босатқыш тор қолайлы?

2. Инерциялық босатқыш тордың жұмыс процесі қалай реттеледі?

3. Егер қалып массасы тор жүк көтергіштігін артса не істеуге болады?

Ұсынылатын әдебиеттер: [1, 2, 6, 8].

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары

1. Инерциялық-соққыш және тасымалдағыш босатқыш торлар.

2. Опокасыз қалыптар босататын құрылғылар.

3. Босатқыш тордың жұмыс процесі.

5 Студенттің оқытушымен дербес жұмысының тақырыптамалық жоспары

 

ОСӨЖ тақырыбы атауы

Сабақтың мақсаты

Сабақты өткізу түрі

Тапсырма-ның мазмұны

Ұсынылатын әдебиеттер

1

2

3

4

5

1-тақырып. Құю цехы құрал-жабдығын жіктеу және белгілеу

Берілген пән бойынша білім тереңдету

Әнгімелесу

Қойылған сұрақтарға жауап беру

[1, 2]

2-тақырып. Жаңа қалыптау материалдар дайындау құрал-жабдығы

Берілген пән бойынша білім тереңдету

Әнгімелесу

Қойылған сұрақтарға жауап беру

[2-5]

3-тақырып. Пайдаланған қоспа өңдеу құрал-жабдығы

Берілген пән бойынша білім тереңдету

Әнгімелесу

Қойылған сұрақтарға жауап беру

[1-5]

4-тақырып. Шанақтар. Типтері, конструкциясы және жоба есебі

Берілген пән бойынша білім тереңдету

Әнгімелесу

Қойылған сұрақтарға жауап беру

[2-4]

5-тақырып. Шанақтан жадығат беру құрылғылары

Берілген пән бойынша білім тереңдету

Әнгімелесу

Қойылған сұрақтарға жауап беру

[1, 3, 4]

6-тақырып. Қоспа дайындайтын құрал-жабдық

Берілген пән бойынша білім тереңдету

Әнгімелесу

Қойылған сұрақтарға жауап беру

[1-3]

7-тақырып. Жаншу машиналары. Процестің геометриялық түсініктері

Берілген пән бойынша білім тереңдету

Әнгімелесу

Қойылған сұрақтарға жауап беру

[1-4]

8-тақырып. ЖЖЖ мәні. Машинаның жалпы құрылысы мен жұмысы. Процесс талдауы.

Берілген пән бойынша білім тереңдету

Әнгімелесу

Қойылған сұрақтарға жауап беру

[1, 2, 6, 7]

9-тақырып. Сілку машиналары. Конструкциялық өзгешеліктері

Берілген пән бойынша білім тереңдету

Әнгімелесу

Қойылған сұрақтарға жауап беру

[1, 2, 6, 7]

10-тақырып. Құм үрлеуіш машиналар. Құм үрлеу бүршігінің принципиалды нобайы

Берілген пән бойынша білім тереңдету

Әнгімелесу

Қойылған сұрақтарға жауап беру

[1, 2, 6, 7]

11-тақырып. Құм атқыш механизмдер. Жалпы құрылысы. Конструкция ерекшеліктері

Берілген пән бойынша білім тереңдету

Әнгімелесу

Қойылған сұрақтарға жауап беру

[1, 2, 6, 7]

12-тақырып. Жоғары импульсті агрегаттар. Процесс мәні. Жоғары импульсті бүршік құрылысы

Берілген пән бойынша білім тереңдету

Әнгімелесу

Қойылған сұрақтарға жауап беру

[1, 2, 6, 7]

13-тақырып. Төмен импульсті құрылғылары. Қалыптау тәсілдері мен машина түрлері. Клапан конструкциялары

Берілген пән бойынша білім тереңдету

Әнгімелесу

Қойылған сұрақтарға жауап беру

[1, 2, 6, 7]

14-тақырып. Газ импульсті қондырғылар. Процестің мәні. Машинаның жалпы құрылысы

Берілген пән бойынша білім тереңдету

Әнгімелесу

Қойылған сұрақтарға жауап беру

[1, 2, 6, 7]

15-тақырып. Қоспа лақтырғыштар. Машина типтері.Қоспа лақтыру бүршігінің құрылысы

Берілген пән бойынша білім тереңдету

Әнгімелесу

Қойылған сұрақтарға жауап беру

[1, 2, 6, 7]

16-тақырып. Арнаулы және құрастырылған қалыптау машиналар

Берілген пән бойынша білім тереңдету

Әнгімелесу

Қойылған сұрақтарға жауап беру

[1, 2, 6, 7]

17-тақырып. Құйма босатқыш құрал-жабдық. Дірілдеуіш құрылғылар. Механикалық торлар. Барабандар. Престер

Берілген пән бойынша білім тереңдету

Әнгімелесу

Қойылған сұрақтарға жауап беру

[1, 2, 6, 7]

18-тақырып. Өзекшені құймадан босататын құрал-жабдық. Дірілдеуіш құрылғылар т.б.

Берілген пән бойынша білім тереңдету

Әнгімелесу

Қойылған сұрақтарға жауап беру

[1, 2, 6, 7]

19-тақырып. Құйма кесу құрал-жабдығы. Кескіш балғалар. Кесіп алатын станоктар. Жалынмен кесу құрал-жабдығы

Берілген пән бойынша білім тереңдету

Әнгімелесу

Қойылған сұрақтарға жауап беру

[1, 2, 6, 7]

20-тақырып. Құйма тазалау құрал-жабдығы. Галтов барабандары. Ағындық және импульсті тазалау құрал-жабдығы

Берілген пән бойынша білім тереңдету

Әнгімелесу

Қойылған сұрақтарға жауап беру

[1, 2, 6]

21-тақырып. Түрпілі сайман мен құрал-жабдық. Ажарлауыш сайман таңдау ережесі. Жалынмен тазарту құрал-жабдығы

Берілген пән бойынша білім тереңдету

Әнгімелесу

Қойылған сұрақтарға жауап беру

[1, 2, 6]

22-тақырып. Құюды механикаландыру және автоматтандыру. Құю шөміштері.

Берілген пән бойынша білім тереңдету

Әнгімелесу

Қойылған сұрақтарға жауап беру

[1, 2]

23-тақырып. Автоматты құю құрылғыларға (АҚҚ) қойылатын талаптар. АҚҚ және РТК

Берілген пән бойынша білім тереңдету

Әнгімелесу

Қойылған сұрақтарға жауап беру

[1, 2, 7]

24-тақырып. Өзекше жасайтын РТК. Өзекше жасау, өңдеу, қалыпқа орнату РТК-лары

Берілген пән бойынша білім тереңдету

Әнгімелесу

Қойылған сұрақтарға жауап беру

[1, 2]

25-тақырып. Финиш операциялары РТК-лары. Кесу, тазалау, тазарту РТК-лары

Берілген пән бойынша білім тереңдету

Әнгімелесу

Қойылған сұрақтарға жауап беру

[1, 2, 6]

26-тақырып. Қысыммен құю РТК-лары

Берілген пән бойынша білім тереңдету

Әнгімелесу

Қойылған сұрақтарға жауап беру

[1, 2, 3]

27-тақырып. Құю арнайы түрлерінің РТК-лары

Берілген пән бойынша білім тереңдету

Әнгімелесу

Қойылған сұрақтарға жауап беру

[1, 2, 7, 3]

28-тақырып. Құю цехы автоматты тізбектерінің жалпы сипаттамасы. Жіктеуі. Типтік АҚТ құрамы

Берілген пән бойынша білім тереңдету

Әнгімелесу

Қойылған сұрақтарға жауап беру

[1, 2, 3]

29-тақырып. АҚТ. Негізгі технологиялық құрал-жабдығы

Берілген пән бойынша білім тереңдету

Әнгімелесу

Қойылған сұрақтарға жауап беру

[1, 2, 3]

30-тақырып. АҚТ. Қосымша және тасымалдау элементтері

Берілген пән бойынша білім тереңдету

Әнгімелесу

Қойылған сұрақтарға жауап беру

[1, 2, 3]

 

6 Межелік бақылау және қорытынды аттестация кезеңінде студенттердің білімдерін бақылауға арналған материалдар

 

6.1 Пән бойынша жазба жұмыстарының тақырыптамасы

Бақылау жұмыстарының тақырыптары

1. Қалыптау материалдарды өңдеу үшін технологиялық құрал-жабдық

2. Қалып және өзекше қоспа дайындау үшін технологиялық құрал-жабдық.

3. Жадығат сақтау және беру құрылғылары.

4. Әртүрлі қалып жасау құрылғыларының тағайындалуы, құрылысы және жұмысы.

5. Қалыпқа металл құю жабдығы.

6. Құйма өндіру соңғы операцияларының (босату, кесу, тазалау, тазарту) құрал-жабдығы.

 

6.2 Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

1. Құю цехы құрал-жабдығы қалай жіктеледі?

2. Технологиялық құю құрал-жабдығы қандай топтарға ажырайды?

3. Қандай машина құю деп аталады?

4. Жапқыштар қашан қолданады?

5. Сусымалы және сұйық материал мөлшерлеудің қай әдістері құю цехында қолданады?

6. Түрлі қоректендіргіштер артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?

7. Құм, балшық, т.б. қалыптау жадығаттар алдын ала дайындау технологиялық процесі неден тұрады?

8. Ұсатудың қай түрлері құю цехында пайдаланады?

9. Ұсатқыш пен диірменнің айырмашылығы қандай?

10. Араластырғыштар түрлі типтерінің қолдану салалары қандай?

11. Өзі қатаятын қоспа жасауға арналған араластырғыштың ерекшелігі қандай?

12. Жаншу құрылғыларының типтері және конструкциялары қандай?

13. Жаншу механизмінің негізгі көрсеткіштерін анықтау

14 ЖЖЖ-машинасының конструкциясы, жұмыс процесі, оны талдау.

15. Сілку механизмі конструкциясы және жұмысы.

16. Қоспа ату бүршігінің құрылысы мен жұмысы.

17. Томен импульсті бүршік қолдану саласы, конструкциясы және жұмысы.

18. Газ импульсті машинаның қолдану саласы, конструкциясы және жұмысы.

19. . Құйма химиялық және электр химиялық тазалау тізбектері құрылысы мен жұмысы.

20. Дірілдеуіш босату қашан қолданады?

21. Шойын құйма кесу үшін қандай құрал-жабдық қажет?

22. Болат құйма үстемелерін қандай құрылғымен бөліп алады?

23. Маятникті ажарлауыш станоктар не үшін арналады?

24. Ажарлауыш дөңгелекте қандай байланыстырғыш пайдаланады?

25. Ажарлауыш құрал-сайман жұмыс істеу қабілеттілігіне қалай баға береді?

26. Ластанған ажарлауыш құрал-сайман қалай түзетіледі?

27. Дірілдеумен тазалау қашан қолданады?

28. Қандай құрал-жабдық құймадан өзекше босату үшін қолданады?

29. Қай конвейерді құю конвейері ретінде пайдалануға мүмкін?Құйма тазарту мәні қандай?

30. Электр гидравликалық құрылғы мүмкіншіліктері қандай?

6.3 Емтихан тестілері

 

1. Ұсақтау дәрежесі қандай қатынаспен беріледі?

А. Ұсақтауға дейінгі және кейінгі бөлшектер диаметрі;

Б. Ұсақтауға дейінгі және кейінгі бөлшектер көлемі;

В. Ұсақтауға дейінгі және кейінгі бөлшектер ауданы;

Г. Ұсақтауға дейінгі және кейінгі бөлшектер салмағы;

Д. Барлық жауаптар қате.

 

2. Жүгіргіштер жүктеудің ең үлкен мөлшерін көрсетіңіз.

А. Катоктардың жоғарғы ұшына дейін;

Б. Каток диаметірінің 10 %-не дейін;

В. Каток радиусының ортасына дейін;

Г. Катоктар осіне дейін;

Д.10 см аспау қажет.

 

3. Құймамен қоспа кесегін құю қалыбынан преспен сығып шығарудың қолданылуы:

А. Аз сериялы өндірісте шағын қалыптар үшін;

Б. Орташа сериялы өндірісте опокасыз қалыптар үшін;

В. Жаппай өндірісте автоматты құю тізбектерінде;

Г. Жекеше өндірісте ірі опокалар үшін;

Д. Кез келген өндірісте.

 

4. Беріктігі аз өзекшені ірі құймадан қай құрылғы көмегімен шығаруы ынғайлы?

А. Эксцентрлі тор;

Б. Дірілдеткіш тор;

В. Айналма барабан;

Г. Дірілдеуіш соққыш машина;

Д. Бар жауаптар дұрыс.

 

5. Бытыра атқыш дөңгелегінің элементтерін белгілеңіздер:

А.Эксцентрлі білік;

Б. Жақтар;

В. Импеллер;

Г. Қалақшалар;

Д. Таратқыш қорап.

 

6. Дірілді тазалау (виброочистка) қашан қолданады?

А. Шағын құймаларды өзекшелерден босатқанда;

Б. Ірі құймалар бетін тазалағанда;

В. Орташа құймалардың құю жұйесін ажыратқанда;

Г. Бар жауаптар қате;

Д. Бар жауаптар дұрыс.

 

7. Маятникті аспалы қайрақ (наждачный) станок не үшін арналады?

А. Кішкентай құймалар тазарту үшін;

Б. Орташа құймалар тазалау үшін;

В. Ірі құймалар тазарту;

Г. Өзекшелерді ірі құймадан ажырату үшін;

Д. Білмеймін.

 

8. Пластиналы конвейерді қалай жүктен босатады?

А. Кергіш барабан арқылы;

Б. Жетектеуші барабан арқылы;

В. Конвейердің бұйір жағынан;

Г. Қозғалмалы жүк түсіргіш жәрдемімен;

Д. Бүкіл жауаптар дұрыс.

 

9. Қай элемент қырғышты конвейер құрамына жатпайды?

А. Науа (желоб);

Б. Шынжыр;

В. Жетекші барабан;

Г. Керуші механизм;

Д. Дұрыс жауабы жоқ.

 

10. Роликті конвейердің трассасы қандай болуы мүмкін?

А. Міндетті түрде бұрылыссыз;

Б. Тек қана тұйықталған;

В. Тұзу сызықты ғана;

Г. Міндетті түрде тұйықталмаған;

Д. Дұрыс жауабы жоқ.

 

11. Арбашалы конвейердің кемшіліктері қандай?

А. Жасау мен пайдалануы қымбат;

Б. Трассасы киын;

В. Өнімділігі төмен;

Г. Конструкциясы кұрделі;

Д. Барлық жауаптар дұрыс.

 

12. Шанақты мөлшерлеуіш артықшылықтарын белгілеңіздер.

А. Габариті үлкен;

Б. Колемі тұрақты;

В. Жүкті тез өлшеп береді;

Г. Үздіксіз жұмыс істейді;

Д. Дұрыс жауап жоқ.

 

13. Қоректендіргіш түрлерін көрсетіңіз?

А. Дискілі;

Б. Жазық;

В. Жалюзи тәрізді;

Г. Қорапты;

Д. Бар жауаптар дұрыс.

 

14. Ленталы конвейердің тағайындалуы саласы қандай?

А. Ірі құймалар тасу;

Б. Сусымалы заттар тасымалдау;

В. Шихтаны пешке салу;

Г. Дұрыс жауабы жоқ;

Д. Білмеймің.

 

15. Қолданылған қалып қоспасын дайыңдау технологиялық процесі операцияларының жалғасуын көрсетіңіз:

А. Шаңсыздандыру;                                            Д. Біртектілендіру,

Б. Металл енулерін алып тастау;                       Е. Ылғалдандыру;

В. Ірі кесектерді ұсақтау;                                    Ж. Кептіру.

Г. Елеу;

 

16. Араластырғыштардың қай түрлері кезенді жұмыс істейді?

А. Шнекті;

Б. Барабанды;

В. Қос ыдысты;

Г. Ортадан тепкіш;

Д. Дұрыс жауабы жоқ.

 

17. Эксцентрлі шығарғыш тордың негізгі көрсеткіштері қандай?

А. Амплитуда тұрақты айналу жиілігі ауыспалы;

Б. Амплитуда ауыспалы, айналу жиілігі тұрақты;

В. Амплитуда мен айналу жиілігі тұрақты;

Г. Амплитуда мен айналу жиілігі ауыспалы;

Д. Білмеймін.

 

18. Өзекшеден босататын гидравликалық құрылғыда су ағынының кесу әрекеті нені өзгертуімен реттеледі?

А. Судың жұмыс қысымын;

Б. Сопло диаметірін;

В. Монитор ұзыңдығын;

Г. Насос өнімділігін;

Д. Бүкіл жауаптар қате.

 

19. Құйманы электр термиялық механикалық тазалау немен орындалады?

А. Балқитын электродтармен;

Б. Қайрақ тастармен;

В. Балқымайтын электродтармен;

Г. Таспалы аралармен;

Д. Тез айналатын метал дисктермен.

 

20. Легірленген ұсақ болат құйманы немен кеседі?

А. Марс станогымен;

Б. Қайрак таспен;

В. Тістеуіш преспен;

Г. Электр доғасымен;

Д. Бар жауаптар дұрыс.

 

21. Пластиналы конвейердің элементтерін белгілеңіздер?

А. Темір лента;

Б. Науа (лоток);

В. Монорельс;

Г. Шанақ;

Д. Дұрыс жауабы жоқ.

 

22 Роликті платформамен жабдықталған арбашалы құю конвейерін қашан қолданады?

А. Ірі опокаларды тасығанда;

Б. Кокилдерді жылжытқанда;

В. Орташа құймаларды тасымалдағанда;

Г. Ұсақ өзекшелерді тасығанда;

Д. Бар жауаптар дұрыс.

 

23. Элеватор тірегінде (башмағында) қандай механизмдер орналасады?

А. Шаң аулағыш құрылғылар;

Б. Жетегі;

В. Керу механизмі;

Г. Жүктен босататың тетік;

Д. Басқалары.

 

24. Шнекті конвейерден жүкті алу қалай өтеді?

А. Керуші барабан арқылы;

Б. Конвейердің бүйір қабырғасындағы тесіктерден;

В. Плужоктар көмегімен;

Г. Жетектеуші барабан арқылы;

Д. Конвейердің түбіндегі тесіктерден.

 

25. Грейфер не үшін арналған?

А. Сусымалы және майда кесекті жүктер сақтау үшін;

Б. Сусымалы және кесекті жүктер тасымалдау үшін;

В. Қалып қоспасын біртектілеу үшін;

Г. Металды қалыпқа құю үшін;

Д. Басқа операциялар үшін.

 

26. Жазық жапқыштың жетегі қандай болуы мүмкін (қате жауапты анықтаныз)?

А. Электр магнитті;

Б. Пневматикалық;

В. Механикалық;

Г. Қол;

Д. Бар жауаптар қате.

 

27. Ленталы конвейердің кемшілігі қандай?

А. Трассасы қарапайым ғана болу керек;

Б. Өнімділігі төмен;

В. Лента мен роликтердің бағасы қымбат;

Г. Ұзын бола алмайды;

Д. Барлық жауаптар дұрыс.

 

28. Жақты ұсақтағыштың негізгі параметрі болатындар?

А. Зат қармау бұрышы;

Б. Берілген заттың ең үлкен өлшемі;

В. Кривошиптың айналу жиілігі;

Г. Соңғы өнімнің ең үлкен өлшемі;

Д. Ұсақтаудың дәрежесі.

 

29. Шарлы диірмен жұмыс процесін зерттегенде шарлардың редуцияланған қабаты нені анықтау үшін колданылады:

А. Ең үлкен өнімділік тәртібін;

Б. Жүктеу ауданың;

В. Кризистік тәртіпті;

Г. Ең үлкен үнемділік тәртібін;

Д. Диірмен беріктігін.

 

30. Арбашалы конвейер жетегі ретінде нені пайдаланады?

А. Эксцентрлі білікті;

Б. Гидравликалық жетек;

В. Қисық тиекті (кривошипный) жетек;

Г. Инерциялық білік;

Д. Шынжыр табан (гусеничный) жетек.

 

31. Адымдауыш конвейер не үшін арналады?

А. Кішкентай қалыптар тасу үшін;

Б. Сұйық заттар тасымалдау үшін;

В. Сусымалы заттар тасымалдау үшін;

Г. Ірі қалыптар тасу үшін;

Д. Білмеймің.

 

32. Ленталы конвейердің артықшылықтары қандай?

А. Ірі ауыр жүктер тасу мүмкіншілігі;

Б. Трассасының тік (вертикал) болуы;

В.  Жоғары өнімділігі;

Г. Лентаның тек қана жазық болуы;

Д. Бар жауаптары дұрыс.

 

33. Пневматикалық көліктің сору жүйесі нені жеткізуге арналған?

А. Сұйық заттарды;

Б. Ыстық құймаларды;

В. Әрен қозғалатын шаңдатпайтын заттарды;

Г. Онай қозғалатын шаңданатын заттарды;

Д. Кез келген жүктерді.

 

34. Роликті конвейердің трассасы қандай болуы мүмкін?

А. Тек қана горизонтал тұйық;

Б. Тек қана вертикал тұйық;

В. Тұзу ғана;

Г. Бұрылыстарсыз ғана;

Д. Дұрыс жауап жоқ.

 

35. Конвейерді таңдағанда қандай көрсеткіштер негізгі болып табылады?

А. Конвейердің габариті мен пішіні;

Б. Конвейердің ұзындығы мен жетектің түрі;

В. Конвейердің жылдамдығы мен үдеуі;

Г. Конвейердің салмағы мен бағасы,

Д. Конвейердің өнімділігі мен жетектің қуаты.

 

36. Дірілдеуіш диірменнің ұнтақтайтын денелері не болып табылады?

А. Айналатын біліктер,

Б. Тербелетін жақтар;

В. Айналатын катоктар;

Г. Балғалар;

Д. Бар жауаптар қате.

 

37. Барабанды електің өнімділігі негізінде немен байланысты?

А. Жетек қуатына;

Б. Елеуіш салмағына,

В. Барабан ұзындығына;

Г. Барабан торы көздерінің мөлшеріне,

Д. Барлық жауаптар дұрыс.

 

38. Шнекті араластыргыш нені дайындау үщін арналған?

А. Кез келген қоспаны;

Б. Беттік құм-балшықты қоспаны (ҚБҚ);

В. Бірыңғай ҚБҚ-ны;

Г. Толықтырғыш ҚБҚ-ны;

Д. Шихтаны.

 

39. Импеллерсіз бытыра атқыш аппарат қандай мақсатпен ойлап шығаралған?

А. Бытыры тозуын кемиту;

Б. Жұмыс қысымын үлкейту;

В. Аппарат қажалуын азайту;

Г. Бытыра үдеуін жоғарылату;

Д. Білмеймін.

 

40. Түрпілі жабдықтын қаттылығы нені білдіреді?

А. Түрпілі түйіршіктің беріктігін;

Б. Байланыс заттын беріктігін;

В. Түрпілі түйіршіктің қаттылығын;

Г. Түрпілі түйіршікті байланыстырғышпен үстау беріктігі;

Д. Дұрыс жауап жоқ.

 

41. Барабанды елеуіштің айналу жиілігі қай өрнекпен есептеледі?

А.

Б.

 

В.

Г.

 

Д. Дұрыс жауабы жоқ.

 

42. Арбашалы конвейер жетегі ретінде нені пайдаланады?

А. Эксцентрлі білікті;

Б. Шынжыр табан (гусеничный) жетек;

В. Қисық тиекті (кривошипный) жетек;

Г. Инерциялық білік;

Д. Гидравликалық жетек.

 

43. Адымдауыш конвейер не үшін арналады?

А. Кішкентай қалыптар тасу үшін;

Б. Сұйық заттар тасымалдау үшін;

В. Сусымалы заттар тасымалдау үшін;

Г. Ірі қалыптар тасу үшін;

Д. Білмеймің.

 

44. Пневматикалық көліктің айдағыш жүйесі қандай нәрселерді жеткізу үшін арналған?

А. Нашар қозғалатын шаңдатпайтын кесек заттарды;

Б. Жеңіл қозғалатын шаңданатын құрғақ заттарды;

В. Даналы ыстық жүктерді;

Г. Саз суспензиясын;

Д. Барлық жауаптар дұрыс.

 

45. Үстінен жүктелетін және астынан жүк алынатын сыйымдылықты калай айтады?

А. Силос;

Б. Грейфер;

В. Шанақ;

Г. Қамба (закром);

Д. Басқаша.

 

46. Шкивті темір айырғыштың магнит орісі ненің көмегімен пайда болады?

А. Қозғалмайтын тұрақты магнит көмегімен;

Б. Айналып тұрған тұрақты магнит көмегімен;

В. Қозғалмайтын электр магниті көмегімен;

Г. Айналма электр магниті көмегімен;

Д. Дұрыс жауабы берілмеген.

 

47. Пластиналы конвейердің тарту мүшесі не болады?

А. Металдан жасалған таспа;

Б. Шыңжырлар;

В. Пластиналармен қапталған резеңке-маталы таспа;

Г. Арқандар (канат);

Д. Білмеймің.

 

48. Инерциялы конвейердің кемшілігі қандай?

А. Динамикалық күштердің фундаментына түсуі;

Б. Жеңіл жүкті тасуға келмейтіндігі;

В. Жабысқақ жүкті тасуға келмейтіндігі;

Г. Энергияның аз жұмсалуы;

Д. Барлық жауаптар қате.

 

49. Арбашалы конвейердің тарту механизмі ретінде не қолданылады?

А. Керуші барабан;

Б. Ауыр жүк;

В. Керуші ролик;

Г. Темір табан;

Д. Винтті механизм.

 

50. Елеудің пайдалы әсер коэффициентің үлкейту мақсатымен не істеу қажет?

А. Зат бөлшегінің көлденең жылдамдыгын азайтып тік жылдамдыгын жоғарылату;

Б. Зат бөлшегі көлденең жылдамдыгын кобейтіп тік жылдамдыгын азайту;

В. Екеуін де кобейту керек;

Г. Елеуіш жылдамдыгын арттыру;

Д. Бар жауаптар қате.

 

51. Ірілігі бойынша сусымалы затты айыру операциясы қалай аталады?

А. Сеперация;

Б. Аэрация;

В. Елеу;

Г. Флотация;

Д. Дұрыс жауабы берілмеген.

 

52. Ленталы конвейердің элементтерін белгілеңдер.

А. Қозғалмалы рама;

Б. Керуші барабан;

В. Көтергіш механизм;

Г. Таяныш метал конструкциясы;

Д. Жетектеуші барабан.

 

53. Роликті конвейердің трассасы қандай болуы мүмкін?

А. Тек қана түзу;

Б. Тек қана тұйықсыз;

В. Вертикал тұйық;

Г. Дұрыс жауабы жоқ;

Д. Білмеймің.

 

54. Тік тұйықталған арбашалы конвейердің өзгешелігі кандай?

А. Арбашалар төңкерілмейді;

Б. Тартқыш орган ретінде лента қолданады;

В. Тартқыш орган ретінде бірақ шынжыр пайдаланады;

Г. Арбашаларда бірақ осі бар;

Д. Өзгешелігі келтірілмеген.

 

55. Дірілдеуіш диірменнің ұнтақтайтын денелері не болып табылады?

А. Айналатын біліктер;

Б. Тербелетін жақтар;

В. Айналатын катоктар;

Г. Балғалар;

Д. Бар жауаптар қате.

 

56. Барабанды елеуіштің өнімділігі негізінде немен байланысты?

А. Жетек қуатына;

Б. Елеуіш салмағына;

В. Барабан ұзындығына;

Г. Барабан торы көздерінің мөлшеріне;

Д. Барлық жауаптар дұрыс.

 

57. Шнекті араластыргыш нені дайындау үшін арналған?

А. Кез келген қоспаны;

Б. Беттік құм-балшықты қоспаны (ҚБҚ);

В. Бірыңғай ҚБҚ-ны;

Г. Толықтырғыш ҚБҚ-ны;

Д. Шихтаны.

 

58. Барабанды айырғышқа қарағанда аспалы темір айырғыштың магнит орісі қаңдай болуы керек?

А. Күштірек;

Б. Азырақ;

В. Сондай;

Г. Кез келген;

Д. Дұрыс жауабы жоқ.

 

59. Қырғышты конвейер не үшін арналған?

А. Ыстық және ауыр жүктерді тасымалдау;

Б. Ірі мөлшерлі жүкті тасу үшін;

В. Сұйық металды жеткізу ге;

Г. Сусымалы заттарды тасымалдау;

Д. Опокалар тасу үшін.

 

60. Пластиналы конвейердің элементтеріне нелер жатады?

А. Тарткыш шынжыр;

Б. Металл лента;

В. Керуші құрылғы;

Г. Жетектегіш цилиндр;

Д. Бар жауаптары дұрыс.

Без рубрики