ОПҰД мақсаты еңбек рыногы талабына сай және ұйымдастыру, қорларды нәтижелі пайдаланудағы оқу-әдістемелік қызметтің жоғары деңгейін қолдау негізінде жан-жақты дамыту қажеттілігі мен еңбек рыногы талаптарына сай ГОСО мамандықтарына байланысты жоғары білімі бар мамандарды дайындауды қамтамасыз ету.
ОПҰД қызметінің маңызды бағыттары: оқу саласында өтетін үдеріс анализі, технологиялық және жаңа ғылыми жетістіктер дамыту есебімен үрдістерді білу; мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттары мен кәсіби-білім бағдарламаларына байланысты мамандық жұмыс оқу жоспарын құру; кафедра штатын білікті профессорлық-мұғалімдік кадрларымен және оқыту-көмекші қызметкерлерімен қалыптастыруда қатысу; жаңа оқыту технолгияларын іздеу; оқыту үдерісін ақпараттық қамтамсыз ету; зертханалар мен кафедралардың қазіргі электрондық тасымалдаушы, оқытудың бейне-дыбыс және техникалық құралдары, сонымен қатар бағдарламалық, ақпараттық және әдістемелік қорларымен, оқыту мақсаттарының автоматтандырылған жүйесімен жабдықтауды бақылау; студенттердің кәсіби тәжірибесін ұйымдастыру және оған басшылық жасау; студенттердің оқуақымен қамтамасыз етуді ұйымдастыру; оқытудың барлық формалары бойынша санақтық мәліметтерді жинау, өңдеу және бақылау.
ОПҰД құрамына – оқу-ұйымдастыру бөлімі, студенттер бөлімі, тіркеу бөлімі, жұмысқа орналастыру мен кәсіби тәжірибе бойынша аймақ кіреді.
Оқу-ұйымдастыру бөлімі оқыту үдерісінің барлық формалар мен оқыту мерзімдері бойынша ұйымдастыруды іске асырып, жетілдіру жолдарын жасайды. Бөлім қызметі оқу-ұйымдастыру және құрылым бөлімдердің әдістемелі жұмысының үйлестігіне және оқыту қызметінің сапасын көтеруге бағытталған. Бөлім оқыту үдерісін жоспарлау және ұйымдастыру, оқыту және оқу-әдістемелік жұмыс бойынша құқықтық құжаттарды жетілдіру, шығарушы кафедраларға лицензиялау және аттестациялау жұмыстарын іске асырады. Университет кафедраларымен бірге Болон үдерісінің параметрлері мен кредиттік технологияның критерийлеріне байланысты модульдік оқыту бағдарламаларын жетілдіруді жүргізеді.
Студенттер бөлімі жетімдер, ата-ана қамқорсыз қалған; аз қамтылған жанұялардан; I және II топтарының мүгедектері жеке іс; студенттерді тіркеу жұмысын жүргізеді. Барлық форма және оқу мерзімі бойынша студенттер контингентін бақылау, ақпаратты БҒМ ҚР және басқа ұйымдарға жіберіп; студенттер қозғалысы бойынша есеп беріп, қатал есптілікте құжаттарды жасап, университеттен шығарылған немесе басқа университетке ауысқан студенттерге құжаттарды беру жұмысын іске асырады.
Тіркеу кеңсесі оқытудың басты міндетін іске асырады- студенттер мен магистранттар білім мониторингін бақылау. Студенттер білім жетістіктерінің мониторингі оқыту үдерісіне инновациялық білім технологияларды уақытынша енгізуге мүмкіндік береді. Инновациялық экономикаға мамандарды дайындау үшін біліктілік көзқарасты қалыптастыратын инновациялық және дәстүрлі оқытудың әдістерін пайдаланумен білім алуға болатын бағдарламалар белсенді түрде енгізіледі.
Жұмысқа орналастыру және кәсіби тәжірибе аймағы шығарушы кафедраларға кәсіби тәжірибелерді ұйымдастыруға, ұйымдармен тәжірибе өтуге және жұмысқа орналасуға шарт жасауға көмектесіп, тәжірибе өту кестесін және бітірушілердің жұмысқа орналасуын бақылайды.
Құрылған жылдарынан бастап біздің университет және оның оқыту процесін ұйымдастыру Департаменті ғылым, мәдениет, Орталық аймақ пен Қазақстанның өнеркәсіптік және интеллектуалдық потенциалын қалыптастыруда неғұрлым ықпал жасады.
ҚарМТУ-да болатын инновациялық өзгерістер қоғам және уақыттың талаптарына сай болуға және жоғары оқу орындарының әлемдік рейтингтерінде басты айқындама алуға мүмкіндік береді.