«Қазақстанда 5G желісін енгізу перспективалары» тақырыбындағы онлайн кураторлық сағатының шеберлік класы


2020 жылдың 6 сәуірінде «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру аясында БЖТ кафедрасында РЭТ-17-3 тобында online түрде «Қазақстанда 5G желісін енгізу перспективалары» тақырыбында кураторлық сағатының шебер класы өткізілді.
Өткізу форматы пікір сайыс болып таңдалды. Топта 14 студент және олардың барлығы мобильді байланыстың жаңа технологиясын енгізу мәселелері мен перспективаларын талқылауға белсенді қатысты.
Топ кураторы Г.А. Белик «Сандық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру үшін жаңа байланыс технологиясының маңыздылығын негіздеген кіріспе сөзін айтты.
«Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» атты мақаласында ҚР Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев жалпы қоғам және әрбір қазақстандық қоғамдық сананы жаңғыртудың алты бағытын атап өтті және ең бірінші бағыт бәсекеге қабілеттілікті атады. Бәсекеге қабілеттіліктің алғышарттарының арасында «Сандық Қазақстан»бағдарламасы бөлінді. Бұл бағдарламаны іске асырудың маңызды тармақтарының бірі «Сандық Жібек жолын іске асыру» – деректерді берудің, сақтаудың және өңдеудің жоғары жылдамдықты және қорғалған инфрақұрылымын дамыту болып табылады.

Кейін Темірғали А. және Омарова А. осы технологиялардың техникалық мүмкіндіктеріне салыстырмалы талдау жасап, біздің өмірімізді осы технологиялардың енгізілуін қалай өзгерткеніне талдау жасады.

Сөз кезегін студенттер Шалевская С. мен Красюк Т. алды. Олар әртүрлі елдерде 5G желілерін енгізу жағдайына талдау жасады.

Топ студенті Ахметова Д. жаңа технологияға көшудің қаржылық және техникалық қиындықтары туралы баяндады.
Қорытындылай келе, студенттер 5G технологиясын енгізудің оң және теріс салдарлары, сондай-ақ Қазақстан аумағының 5G желілерімен толық ауқымды қамту мерзімдері туралы пікір алмасты.

Без рубрики