Кәсіптік бағдар беру орталығының мектеп және колледж түлектері үшін Онлайн-конференциясы


 

 ҚарМТУ-дың кәсіптік бағдар беру орталығы Қарағанды облысының Білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен бірлесе отырып, 2020 жылдың 15 мамырында әлеуетті талапкерлерді тарту мақсатында мектеп және колледж түлектеріне арналған онлайн-конференция өткізді.

Конференцияның модераторы – Қарағанды облысы Білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жетекшісі Д.С. Асақаева.

Бұл іс-шараға КББО жетекшісі Г.А. Түсіпова, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Т.Ж. Макалаков және кафедралардың кәсіптік бағдар беру жөніндегі менеджерлері қатысты. Іс-шараға қатысушылар ҚарМТУ-да оқу перспективасы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді, ЖОО-ның артықшылықтарын атап өтті, университеттің білім беру бағдарламалары бойынша, оқуға түсу және жаңа форматта ҰБТ тапсыру шарттары туралы түсініктеме берілді. Әскери кафедра мен университет туралы кәсіптік бағдар беру роликтері көрсетілді. Кәсіптік бағдар берудің негізгі бағыттарының бірі кәсіби ақпараттандыру болып табылады – еңбек нарығы мен өндірістің жай-күйімен, білікті кадрларға деген қажеттіліктермен, техникалық білімі бар білікті мамандардың қажеттілігімен танысу. Сөз сөйлеушілерге көптеген сұрақтар қойылып, онлайн-конференция соңы қызу пікірталасқа ұласты.

2020 жылдың 21 мамырында ҚарМТУ-дың Кәсіптік бағдар беру орталығы Инновациялық технологиялар колледжімен бірлесіп мектеп түлектеріне арнап онлайн режимде кәсіптік бағдар беру сағатын өткізді. Бұл іс-шараға КББО жетекшісі Г.А. Түсіпова, Инновациялық технологиялар колледжінің директоры Н.А. Смағұлова қатысты. «Сарыарқа жастары» жастар ұйымының өкілі А. Қабыкенов ҚарМТУ мен ИТК-да оқытудың артықшылықтары мен болашағы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді, ЖОО-ның білім беру бағдарламалары мен колледж мамандықтары туралы, студенттердің тұру және оқуға түсу шарттары туралы, бос уақытын өткізу туралы, оқу құны және т.б. туралы ақпарат берді.

Сөз сөйлеушілердің баяндамалары оқушылардың қызығушылығын тудырды. Мультимедиалық және ақпараттық технологиялар мен әлеуметтік желілерді белсенді пайдалану әлеуетті талапкерлермен кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізудің тиімділігін арттырады.

2020 жылдың 23 мамырында КББО жетекшісі Қарағанды қ. №53 мектеп-лицейімен «Мамандық адамды емес, адам мамандықты таңдайды» тақырыбында кәсіптік бағдар беру сағатын өткізді. Іс-шара жас блогер Аңсар Болатовпен бірлесіп өткізілді. Жасөспірімдердің кәсіби өзін-өзі анықтау мәселелері, мамандық таңдауда туындайтын проблемалар мен қиындықтар, оларды шешу жолдары мен тұлғаның қалыптасуы талқыланды.

 

 

 

 

 

Без рубрики