КЕАҚ «Қарағанды техникалық университеті» постдокторантура бағдарламасы негізінде оқу үшін келесі бағыттар бойынша байқау жариялайды:
- 8D07101Машина жасау;
- 8D07102 Көлік, көліктік техника және технологиялар;
- 8D07103 Электроэнергетика;
- 8D07201Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау;
- 8D07202Тау-кен ісі;
- 8D07203Металлургия;
- 8D07301Құрылыс;
- 8D07302Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру.
Постдокторантура бағдарламасына үміткерлер конкурстық комиссияға келесідей құжаттарды ұсынуы тиіс:
- ректордың атына конкурсқа жіберу туралы өтініш;
- жеке куәлігінің көшірмесі;
- философия докторы (PhD) немесе ғылым кандидаты дипломның көшірмесі;
- шет тілі бойынша сертификат (ағылшын, француз, неміс) бойынша бағдарламалар International English Language Tests System (IELTS, шекті балл — 6.5-тен кем емес), Grundbaustein DaF (шекті балл — С 1), Deutsche Sprachprfung fur den Hochschulzugang (DSH, шекті балл — С 1), Diplome d’Etudes en Langue francais (DELF, шекті балл — В 2), Diplome Approfondi de Langue francais (DALF, шекті балл — С 1), Тest de connaisances de francais (TCF, шекті балл — кемінде 400) (бар болған жағдайда);
- ғылыми жұмыстарының тізімі (қосымшасымен бірге);
- Scopus дерекқоры бойынша жарияланымдарға дәйексөз келтіру бойынша анықтамалар және/немесе Clarivate Analytics (Web of Science Core Collection) ақпараттық компаниясының дерекқорынан дәйексөз келтіру бойынша анықтама.Дәйексөз (цитирования) бойынша мәліметтерде жарияланымдар саны, Хирша индексі (h-index), дәйексөздердің жиынтық (жалпы) саны туралы ақпарат болуы тиіс;
- патенттердің, куәліктердің, заңды және авторлық құқық объектілердің көшірмесі;
- постдокторант өзінің ғылыми қызметін жүзеге асыратын постдокторантура бағдарламасын іске асыру үшін орын бөлу негіздемесімен бөлімшеден өтінімін (Ережеге сәйкес А Қосымшасы);
- үміткердің ғылыми мүдделерін және постдокторантураға (personal statement) түсу мақсаттарын негіздеу;
- үміткердің түйіндемесі (Ережеге сәйкес Б қосымшасы);
- жобаға қатысу үшін қажетті нақты дағдыларды, жұмыс тәжірибесін ашатын уәждемелік хат (1000 белгіден артық емес);
- өз саласындағы зерттеуші ғалымдардың жұмыс беруші ұйымның қолымен және мөрімен расталған екі ұсынысы (мүмкін болса).
Үміткерлерден өтінімдер 2020 жылғы 25 желтоқсан, сағат 17.00-ге дейін сканерленген нысанда мына электрондық мекенжай бойынша қабылданады: science@kstu.kz
Барлық сұрақтар бойынша Ғылым және инновация департаментіне 8 7212 565234 телефон нөмірі арқылы хабарласуға болады.