3-7 наурыз аралығында Қарағандыда студент жастардың дәстүрлі XIX облыстық спартакиадасы өтті.
Жалпы командалық есепте Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің командасы екінші орынды иеленді! Біздің команда дене шынықтыру және спорт факультеті бар Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің командасына ғана жол бергенін ескерсек, мұны керемет нәтиже деп атауға болады!
Спартакиада бағдарламасына 17 спорт түрі кірді. Оның 13-де біздің спортшылар жүлдегер атанды.
Бұл біздің «Дене тәрбиесі» кафедрасының жаттықтырушыларының үлкен еңбегі. Олардың аттарын атайық:
- Е. Окасов, аға оқытушы, футзал бойынша жаттықтырушы — I орын;
- С. Кужахметов, аға оқытушы, кір спорты бойынша жаттықтырушы — I орын;
- О. Елеукешов, аға оқытушы, волейболдан жаттықтырушы (ұлдар ) — II орын;
- М. Мадияров, аға оқытушы, шахмат және дойбы бойынша жаттықтырушы – II, III орын. Ол тоғызқұмалақтан жаттықтырушы, онда да команда II орын алды;
- Н. Тәжібай, оқытушы, асық ату бойынша жаттықтырушысы — II орын;
- Е. Исабаев, аға оқытушы, үстел теннисінен жаттықтырушы — II орын;
- В. Чжен, оқытушы, жеңіл атлетикадан жаттықтырушы — II орын;
- Б. Рахымбеков, аға оқытушы, қазақ күресінен жаттықтырушы — III орын;
- В. Сайдуллин, аға оқытушы, қысқы президенттік көпсайыс бойынша жаттықтырушы — III орын;
- Р. Закиуллин, жеке даму және спорт орталығының маманы, баскетболдан жаттықтырушы — III орын (ұлдар мен қыздар).
Сондай-ақ, командаларды қалыптастыруға оқытушылар Г. Қуатова, А. Сейсенова, А. Соколова, Н. Свяженин, А. Елеукешов, Р. Саденов үлкен үлес қосты.
«Дене тәрбиесі» кафедрасының меңгерушісі Р. Окашев бастаған оқытушылар жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін жоспарлы жұмыс жүргізуде.
Баршаңызды спартакиаданың сәтті аяқталуымен құттықтаймыз! Оқуда және спортта жаңа жетістіктер тілейміз!