12 сәуірде Қазақстанда кәсіби мереке – ғылым қызметкерлері күні атап өтіледі. Осы күнге орай жыл сайын ғылыми-практикалық конференциялар, ғалымдарды құрметтеу, ғылыми жетістіктері үшін марапаттар тапсыру өткізіледі.
Әдеттегідей, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің қызметкерлері де құттықтаусыз қалмады. Университет ректоратының ұсынысы бойынша бірқатар ғалымдар облыс әкімі Е.Қ. Бөлекпаевтың Алғыс хаттарымен марапатталды.
12 сәуірде университеттің бас корпусының конференц-залында салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Алғы сөз сөйлеген басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректор А.М. Темербаева барлық қатысушыларды кәсіби мерекемен және Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің алдағы 70 жылдық мерейтойымен құттықтады. Ол осы жылдың басында ұлттық ғылыми жүйені басқаруды одан әрі жетілдіру және ҚР Ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты одан әрі дамытудың басымдықтарын айқындау бойынша ұсынымдар әзірлеу мақсатында ҚР Президенті жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңес құрылғанын айтып, оның маңыздылығын атап өтті. Содан кейін марапаттау рәсіміне көшті.
Облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталғандардың қатарында Жетесов Сантай Сүлейменұлы бар. Техника ғылымдарының докторы, технологиялық жабдықтар, машина жасау және стандарттау кафедрасының профессоры, Қазақ ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі. Оның артында 60 жылдан астам еңбек өтілі бар. Ол біздің университеттің түлегі. Көп жылғы жемісті ғылыми-педагогикалық, қоғамдық және өнертапқыштық қызметі үшін профессор С.С. Жетесов ҚР БҒМ «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «ҚР ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгілеріне, ҚР БҒМ Құрмет грамотасына, III және II дәрежелі «Шахтер даңқы» төсбелгісіне, II дәрежелі Еңбек даңқына ие болды. Ол еңбек ардагері, ҚР Құрметті машина жасаушысы, ҚарМТУ-дың еңбек сіңірген қызметкері, 2007 ж. және 2013 ж. «ЖОО-ның үздік оқытушысы» грантының иегері, оның есебінде 250-ден астам жарияланған ғылыми еңбек, оның ішінде жерасты көмір өндірудің технологиясы мен механизациясын жетілдіру мәселелері бойынша 25 монография, 150-ден астам өнертабыс пен патенттің авторы болып табылады.
Пак Юрий Николаевич — техника ғылымдарының докторы, ГПҚКОБ кафедрасының профессоры, Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, «Университет еңбектері» республикалық ғылыми журналының бас редакторы, ҚР Ұлттық аккредиттеу орталығының сарапшысы, білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік, аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігіне сіңірген еңбегі зор. Юрий Николаевич университетте 48 жыл жұмыс істейді. Ол – ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері. «ҚР ғылымын дамытудағы еңбегі үшін», «Жер қойнауын барлау үздігі», «ЖОО-ның Еуропалық оқытушысы» атағының лауреаты, «ЖОО-ның үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері (2011, 2022), ғылым мен техниканың дамуына зор үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендия лауреаты белгілерімен марапатталған. 2022 жылғы ғалым-педагог номинациясы бойынша «Алтын Гефест» ұлттық байқауының жеңімпазы. Бұл оның марапаттарының толық тізімі емес.
ГПҚКОБ кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының докторы Василий Сергеевич Портновтың да еңбегі жеткілікті. Тау-кен ғылымдары академиясының (РФ) шетелдік мүшесі, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі, Ресей Жаратылыстану Академиясының корреспондент-мүшесі, «Ғылым мен білімнің еңбек сіңірген қайраткері» (РЖА). ҚарПТИ түлегі, ол университетте 49 жыл жұмыс істейді. «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «ҚарМТУ еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгілерімен, «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталған, 3-дәрежелі «Шахтер даңқы» төсбелгісінің толық кавалері, «Көмір өнеркәсібінің құрметті қызметкері», ҚР ғылыми стипендиясының стипендиаты (2016 ж.), 2009 ж. жоғары оқу орнының үздік оқытушысы, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалінің, В.И. Вернадский атындағы медальдің иегері (РФ, 2010).
Оларға облыс әкімінің Алғыс хаттарын тапсыра отырып, Айжан Маратқызы Астана қаласындағы Ғылым қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс – шараларға қатысу себебінен басқарма төрағасы-университет ректоры М.К. Ибатовтың мұны жеке өзі жасай алмағанына өкініш білдірді. Ғалымдарды жылы құттықтай отырып, оларға зор денсаулық және қазақстандық ғылымның игілігі үшін еңбекте жаңа табыстар тіледі.
Өз кезегінде, марапатталғандар облыс әкімі мен ЖОО басшылығына еңбектерін жоғары бағалағаны үшін алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта да өз күштерін туған ЖОО мен Республиканың өркендеуіне арнайтынына сендірді.