Оқыту үшін материалдық база


Шетел тілдері кафедрасындағы оқу-әдістемелік кеңесінің басты мақсаты-студенттер, магистранттар мен доктораттарды оқытудың сапасын көтеру және болон процесі аясында жас мамандар даярлаудың әдістемесін дамыту.Осыған орай 2011-2012 оқу жылында алға мынадай мақсаттар қойылып отыр:

  1. Шетел тілдерін оқытудың әдістемелік базасын қалыптастыру:
  • Оқу-әдістемелік әдебиетінің қорын толықтыру
  • Жоспарланған электрондық оқулық басылымдары мен оқу-әдістемелік оқу құралдарын құрастыру үшін бақылау жүргізу және әдістемелік көмек көрсету
  • Жоғарғы білім берудің үш сатылығы бойынша әдістемелік құралдар мен толықтырулар енгізу (ОӘК электрондық нұсқасы, ОСӨЖ және СӨЗЖ)
  • Шетел тілдері бойынша студенттердің білімін бастапқы, ағымдағы және қорытынды бақылау жұмыстары бойынша тексеру үшін  тесттік тапсырмаларды құрастыру мен толықтыру
  • Кафедраның материалды –техникалық  базасын толықтыру

2. Шетел тілдерін оқытудың сапасын көтеру:

  • Оқу процесінде ИКТ-ні қолдану
  • Кафедрада шеберлік кластары мен ашық сабақтар өткізу
  • Оқытушылардың өзара сабаққа қатысуларындағы тиімділікті жоғарлату

3. Білім беру сапасының мониторингі:

  • Студенттердің сабаққа қатысуын қадағалау
  • Қорытынды бақылау жұмыстарының нәтижесін шығару
  • Емтихандық сессияның қорытындысын талдау
  • Мемлекеттік тілде білім алатын топтардың студенттеріне шетел тілдерін оқыту
  • Білім беру сапасы мен студенттердің қол жеткізген жетістіктерін талдау
Без рубрики