22-24 қарашада Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің жанындағы «Жастар әлемі» жастар сарайында Басқарма мүшесі – Академиялық мәселелер жөніндегі проректор А.М. Темербаеваның қатысуымен Линкольн-Дуглас форматында өңірдің студент жастарының алғашқы жария пікірталастары өтті.
Пікірсайысты Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен Қазақстандық кәсіпкерлер мен сервистік қызметтер қауымдастығы ұйымдастырды.
Пікірсайысты ұйымдастыруға және өткізуге «Ақ жол» партиясынан Қарағанды облыстық мәслихатының депутаттары Ермек Әбілдин, Ойрат Нұрқазов, Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты Тимур Нұрғожин, сондай-ақ Қарағанды облысының университеттері мен колледждерінің студенттері белсенді қатысты.
Қоғамдық пікірталастарда тараптардың өкілдері қазіргі студенттік пікірсайыс клубтарының мүшелері болды.
Қоғамдық пікірталас өзара құрмет пен мойындау жағдайында өтті.
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Самұрық» пікірсайыс клубының студенттері 2-орынды иеленді.