Әнуарова Аяулым Дәлелбекқызының докторлық диссертация қорғау туралы


«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ-нда PhD философия докторы дәрежесін алу үшін Әнуарова Аяулым Дәлелбекқызының  6D073000 – «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» мамандығы бойынша «Құрамында кальций және силикат бар химиялық қалдықтар негізінде цемент өндіру технологиясы» тақырыбында докторлық диссертациясы қорғалады.

Қорғау қазақ тілінде өтеді.

Диссертациялық жұмыс «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ-ның «Құрылыс материалдары және технологиялары» кафедрасында орындалған.

Ғылыми кеңесшілері:

  1. Шайкежан Аманкелді – техника ғылымдарының докторы, «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ-ның «Құрылыс материалдары және технологиялары» кафедрасының профессоры (Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы);
  2. Антонович Валентин – техника ғылымдарының докторы, Гедиминас атындағы Вильнюстік техникалық университетінің «Құрылыс материалдары» институтының, жетекші ғылыми қызметкері, профессоры (Вильнюс қ., Литва Республикасы)

Кеңестің уақытша құрамы:

  1. Касымова Мариам Тохтохуновна — техника ғылымдарының докторы, Қырғыз-Ресей Славян университетінің «Құрылыс» кафедрасының профессоры (Қырғызстан Республикасы);
  2. Жакипбаев Бибол Ермуратович PhD докторы, қауымдастырылған профессор, академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің Бас ғылыми қызметкері (Шымкент қ., Қазақстан Республикасы).
  3. Аруова Лязат Боранбаевна – техника ғылымдарының докторы, «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ-ның «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиясы» кафедрасының профессоры (Астана қ., Қазақстан Республикасы). 

Сын пікір берушілер:

  1. Жаникулов Нурғали Нодырұлы – PhD докторы, Е.А. Букетов атындағы Карағанды университетінің «Бейорганикалық және техникалық химия» кафедрасының профессор ассистенті (Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы);
  2. Жумашев Калкаман – техника ғылымдарының докторы, Ж.Әбішев атындағы химико-металлургиялық институтінің «Конденсирленген қалдықтарды кешенді пайдаланудың физика-химиялық зертханасы» меңгерушісі (Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы).

Қорғау 2023 жылы 27 мамырда, сағат 10.00-да «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ-ның диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен жайы: 100027, Қарағанды қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 56, бас корпус, ауд 200. Қорғау отырысы аралас-режимде Zoom-платформасында (конференцияның идентификациялық номері 424 023 6743, кіру коды 1953) өткізіледі.

Сайт адресі: www.kstu.kz,  e-mail: anuarova_ayaulym@mail.ru

Без рубрики