Нокина Ж.Н. докторлық диссертация қорғау туралы


«Абылқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ 6D070700 – «Тау-кен ісі» мамандығы бойынша PhD философия докторы ғылыми дәрежесін алу үшін Нокина Жаннель Нуртаевнаның «Қырғышты конвейердің бұрылыс торабының құрылымдық схемалары мен басқару жүйесін қолдану арқылы қатты пайдалы қазбаларды өндіру технологиясының параметрлерін зерттеу және негіздеу» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғау өтеді.

Докторлық диссертацияны қорғау тілі – қазақ тілі.

Диссертациялық жұмыс Абылқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Пайдалы қазбалар кенорындарын өндіру» кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

  1. Куттыбаев Айдар Ермеккалиевич – техника ғылымдарының кандидаты, Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті «Тау-кен ісі» кафедрасының қауымдастырылған профессоры;
  2. Нуршайыкова Гульнур Тлеубергеновна — техника ғылымдарының кандидаты, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті «Геология және тау-кен ісі» кафедрасының қауымдастырылған профессоры.

Ғылыми кеңесшілер:

  1. Бейсембаев Каким Манапович – техника ғылымдарының докторы, «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ, «Технологиялық жабдықтар, машинажасау және стандарттау» кафедрасының доценті;
  2. Juraj Janočko – PhD докторы, Кошице қаласының Техникалық университетінің профессоры (Словакия).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері

  1. Құлнияз Серік Сағынұлы – техника ғылымдарының докторы, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті «Металлургия, тау-кен және мұнай ісі» кафедрасының профессоры;
  2. Баизбаев Махмед Бейсембекович – техника ғылымдарының кандидаты, Қазақ технология және бизнес университетінің қауымдастырылған профессоры, Ұлттық тау-кен ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі;
  3. Кайназаров Арман Серикович — техника ғылымдарының кандидаты, Академик Қ.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік — техникалық институты, «Тау-кен ісі» кафедрасының доценті.

Онлайн қорғау 2022 жылдың 28 желтоқсанында, сағат 14.00 — де Абылқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде өтеді.

Мекен-жайы: 100027, Қарағанды қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 56, 2 корпус, 302 аудитория.

Сілтеме: https://us06web.zoom.us/j/7823000462?pwd=WFJLMjVJYlRqVUxHL0hvUkwvSnlHUT09

Конференция идентификаторы: 782 300 0462

e-mail: zh.nokina@mail.ru

Без рубрики