«Өнерлі өрге жүзеді…»


2017 жылдың 29-қыркүйегінде ҚарМТУ-дың «Серпіндестер Ордасы» жатақханасында 2017-2018 о.ж. «Мәңгілік ел жастары — индустрияға» — «Серпін» бағдарламасы бойынша білім грантына ие болған студенттер ішінен өнерлі жастарды анықтау мақсатында «Өнерлі өрге жүзеді…» тақырыбында кішігірім концерттік іс шара өтті. Кеш қонақтары: «Серпін» ОО жетекшісі Ш.А. Жетпісбай, «Серпін» ОО әдіскері А.О. Серикова, Жатақхана меңгерушісі Г.С. Жумабекова, №1 жатақхана Студенттер Кеңесі және жатақхана қызметкерлері. Іс шара барысында аталған бағдарлама бойынша университетімізде білім алып жатқан 1, 2, 3 курс студенттері өнер көрсетті:

  1. Нақыпбай Саят (БЖД-15-1 т.ст.) – «Аңсайды жаным» әні;
  2. Пешентай Мағжан (ТЭ-16-1)т.ст. – биг бокс;
  3. Аймағамбетов Болатбек (С-17-1 т.ст.) — «Алыстама», «Сенің көзің түпсіз терең» әндері;
  4. Айтуварұлы Асылбек (ТТ-17-1 т.ст.) – «Анашым» әні;
  5. Үсенбай Асылжан (ТЭ-17-1 т.ст.) – «Мені бағала» әні;
  6. Жаппар Назерке – «Сағыныш» әні;
  7. Қаратай Гүлзира (СТ-16-1) – «Ана» монологі;
  8. Әнуар Темірлан (ТТ-16-1 т.ст.) – попурри әндер.
Без рубрики