«Өнеркәсіптік қауіпсіздік» зертханасы


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің 70 жылдық мерейтойы қарсаңында, 28 сәуір Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орайластырып «Кеніштік аэрология және еңбекті қорғау» кафедрасында «Өнеркәсіптік қауіпсіздік» зертханасының ашылу салтанаты өтті.

Іс шараны университет басшылығы атынан Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің атқарушы директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Исағұлов А.З. құттықтай сөзімен ашты. Осы зертхананы заманауи аспап, қондырғылармен қамтамасыз ету үшін университет 40 млн теңге, ал компютерлік техника мен бағдарламаларға 15 млн қаржы бөлді.

Бұл зертхана «Өмір тіршілігі қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын студенттер мен магистранттарға өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау бағытында сапалы білім алуларына септігін тигізеді. Сонымен қатар кафедраның профессор-оқытушылар құрамына ғылыми жұмыстармен айналасуларына үлкен мүмкіндік береді.

Зерхананың ашылуына «Maker» ЖШС, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, «Kazakhmys Maintenance Services» ЖШС, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Kazprom Engineering» ЖШС, «Қарағанды Су» ЖШС, «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС, «Өркен» ЖШС, «Bastau Expert» ЖШС еңбек қорғау саласындағы мамандары қатысты.

Без рубрики