Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенттері оқуды ұйымдастырылған бос уақытпен табысты ұштастыруда. Спорт секцияларында шұғылданады, белсенді волонтерлік жұмыс жүргізеді, көркемөнерпаздар үйірмелеріне қатысады, көрмелер, театрлар, концерттерге барады.
Жуырда «Өнер — баршаға!» жобасын жүзеге асыру мақсатында университетіміздің инновациялық технологиялар факультетінің студенттері Қ.Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігінде болып, «Мерей» ансамблінің шығармашылығымен танысты.
«Тіл достықтың тірегі!» — ұсынылған концерттік бағдарлама осылай аталды. Оны 400-ден астам факультет студенттері үлкен қызығушылықпен көрді. Әр орындалған композиция олардың тарапынан зор қошеметке ие болды. Мұндай реакция сөзден артық залды эмоциямен толтырды.
Студенттердің айтуынша, концерттен кейін олар оң энергияның қуатты зарядын алды. Ұзақ уақыт бойы әртістердің қойылымдарының әсерінде болды. Кейбіреулер үшін бұл лайықты атаққа ие болған шығармашылық ұжыммен алғашқы кездесу болды, біреулер онымен бірнеше рет кездескен. Бірақ екі жақ та бірауыздан: ансамбль ұжымы олардың үміттерін ақтады дейді. Бұл шынымен сұлулықпен есте қаларлық кездесу болды.