16-наурыз 2022 ж. сағат 17.00-де Наурыз мерекесіне арналған «Наурызым – берекем» тақырыбында әдеби-музыкалық кеш өтті.
Мақсаты: Студенттерге ұлыстың ұлы күні наурыз мейрамы туралы түсінік беру, қазақ халқының асыл мұралары әндері мен күйлерін, бай салт-дәстүрлерін жастар арасында насихаттау, ана тіліміз бен салт-дәстүрімізді құрметтеуге, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Әдеби-музыкалық кешке қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының оқытушылары, ғылыми-зерттеу институтының патриоттық тәрбие беру жөніндегі жетекшісі Б.А. Бушманова, МВ-21-1, СИБ-21-3, ЛОГ-21-1, ОПИ-21-2, ТЭ-21-1 топтарының студенттері мен Инновациялық технологиялар колледжі студенттері қатысты.
Әдеби-музыкалық кеште студенттер Наурыз мейрамы жайлы өлеңдер оқып, күйлер орындап, әндер айтып, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ұлттық ойындарымен танысып, викториналық сұрақтарға жауап берді, Наурыз жайлы бейнефильмді тамашалады.
Ұйымдастырушылар: ҚТжМ кафедрасының аға оқытушылары Байпелова Г.С., Әбілқасов Ғ.М., Н.А.Конурова.