Н. A. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің доцентімен кездесу


14 наурыз күні Инновациялық технологиялар колледжі студенттерімен кездесуге Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің «Мемлекеттің тарихы және құқығы» кафедрасының доценты Ибрагимов Жамаладен Ибрагимұлы келіп, Елбасы Н.А.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабы хақында сөз қозғады. Кездесуге Колледж оқытушылары мен студенттері қатысты. Тарихи публицистика жанрында жазылған, қазақ және орыс тілдерінде басылған Елбасының бұл еңбегі еліміздің жаңа тарихы мен оның ертеңіне деген автордың көзқарасын танытады. Сөз басында Президент: «Бұл кітап менің ұлы қолдаушым, кемел келешегіне өзінің қазақстандық жолымен қарыштаған жасампаз халқыма арналады» деп кітаптың мазмұнын айқындап берген болатын. Кездесу соңында студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, оған тұшымды жауап берілді.

Без рубрики