Мусина Гульназ Нургалиевна


IMG_0260Мусина Гульназ Нургалиевна – 1971 жылдың 23 маусымы күні Солтүстік Қазақстан облысы Петропавловск қаласында дүниеге келген. Ұлты – қазақ.

1986 ж Теміртау қаласының № 19 ЖББОМ тәмамдап, Теміртау Химия-механикалық техникумында химик-технолог мамандығы бойынша білім алды.  1990 ж. Қарағанды металлургия институтына оқуға түсіп,  оны «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша 1995 жылы бітірді.

Оқу бітірген 1995 жылдың қыркүйек айында Қарағанды металлургия институтының «Химия өнеркәсібі технологиясы» кафедрасына ассистент лауазымына жұмысқа қабылданады. 1997 ж. сол кафедраның аға-зерттеушісі қызметіне ауыстырылады.  2003 ж. институттың әкімшілік-шаруашылық қызметі бойынша проректоры лауазымына тағайындалып, сол жылы Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіне аспирантураға түседі. В 2008 жылы диссертациясын сәтті қорғап, химия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алады.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді түрде айналысады, ғылыми жаңалығы және тәжірибелік жағынан құнды  бюджеттік жобалардың жетекшісі.

Сондай-ақ Теміртау қалалық мәслихатының депутаты болып табылады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қалалық комиссияның төрағасы, Қарағанды облысының «Білім беру» бағыты бойынша аймақтық комиссиясының мүшесі.

Қазіргі таңда Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті ректоры аппаратының басшысы қызметін атқарады. Химия ғылымдарының кандидаты, профессор.

Марапаттары және жетістіктері

Ғылыми еңбектерінің тізімі

 

Без рубрики