Моңғолиядағы қазақ диаспорасы түлектері үшін жаңа мүмкіндіктер


27–28 наурыз күндері Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және «Otandastar Qory» қоры ұйымдастырған «Моңғолиядағы Қазақстандық білім күндері» көрмесі өтті. Көрмеге Қазақстанның 17 жоғары оқу орны өкілдері қатысты.

Іс-шара болашақ талапкерлерді Қазақстанда оқытудың артықшылықтары туралы ақпараттандыруға және әртүрлі жоғары оқу орындары туралы толық ақпарат беруге бағытталған. Көрменің ашылу салтанатына Баян-Өлгий аймағының әкімі Зангар Есентайұлы, білім басқармасының жетекшісі Айдын Баянұлы және қазақ тілі мен әдебиеті бойынша аға әдіскер Әсемгүл Ибрагимқызы қатысты.

Білім басқармасы басшысының айтуынша, биыл өңірдегі мектепті 1700 оқушы бітіріп жатыр, оның 600-700-і қазақстандық жоғары оқу орындарына түскісі келеді. Олар Қазақстан университеттеріне түсу мүмкіндіктері мен берілетін жеңілдіктерге белсенді қызығушылық танытты.

Талапкерлердің ерекше қызығушылығын тудырған университеттердің бірі – Әбілқас Сағынов атындағы техникалық университеті (Saginov Technical University).

Олар бұл шараның қазақ диаспорасы жастары үшін маңыздылығын атап өтіп, Қазақстандағы жоғары білім жүйесі жөнінде құнды ақпараттармен бөлісті.

Болашақ студенттерге Қазақстанның жетекші техникалық университеттерінің бірі – Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті туралы жан-жақты мәліметті Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Пайдалы қазбалар кенорындарын өндіру» кафедрасының аға оқытушысы Хусан Болатхан мен «Инновациялар және ғылыми-техникалық бағдарламалар бөлімінің» басшысы Әзілханов Рымхан баяндады. Олар университеттің білім беру бағдарламалары мен оқу перспективалары жайында толық ақпарат берді.

Кездесу барысында талапкерлерге гранттық бағдарламалар, білім беру бағдарламалары, жатақхана және униврситеттің басқада артықшылықтары туралы жан-жақты ақпарат берілді.

Без рубрики