Мастер-класс «Инновационное развитие индустрии Казахстана»


АНАЛИЗ КУРАТОРСКОГО ЧАСА

  1. Сведения о проведении мастер-класса кураторского часа

Куратор:  Сницарь Лилия Ринатовна  

Факультет: ФИТ

Кафедра: ИТБ

Специальность: СИБ

Курс: 2  Группа: ФИТ-18-2 (СИБ)

Дата: 03.10.2019  Время: 15:05 – 15:55

Аудитория:  гл. корпус, 423 

  1. Тема кураторского часа: Инновационное развитие индустрии Казахстана
  1. Цель кураторского часа: Расширить знания студентов, ознакомив их с инновационным развитием индустрии Казахстана, в различных сферах деятельности: Инфраструктурное развитие Казахстана в рамках реализации программы «Нұрлы Жол», Развитие горно-металлургического комплекса – ключевой отрасли экономики Казахстана, Инновационное развитие нефтегазового комплекса РК, Развитие топливно-энергетического комплекса РК.
  2. Задачи кураторского часа:

Обучающие: расширение знаний по теме кураторского часа; обеспечение обобщения изученного материала по теме инновационного развития индустрии Казахстана.

Развивающие: развитие познавательного отношения и интереса к изучаемой теме; развитие коммуникативных навыков; развитие памяти; развитие групповой самоорганизации, умение вести диалог.

Воспитательные: воспитывать активную жизненную позицию, ответственное отношение к будущей профессии; уважение мнения других учащихся, формирование чувства ответственности при работе в команде. 

Оборудование: компьютер, интерактивная доска, проектор, мультимедийная презентация, онлайн-сервис. 

  1. Характеристика используемого оборудования и дидактических средств: Имеется развернутый план кураторского часа, презентация кураторского часа, раздаточный материал, материально-техническое оснащение 423 аудитории на должном уровне (ПК, проектор). Максимально охвачена тематика кураторского часа, информация представлена в виде слайдов. Обобщение изученного материала с применением онлайн сервиса Kahoot. 
  1. Санитарно-гигиеническое состояние аудитории: Состояние аудитории 423 удовлетворительное (Светлое, теплое, жалюзи на окнах имеются). Не имеет никаких нарушений по ТБ.
  1. Организация воспитательной деятельности на кураторском часе:

Характеристика временной структуры кураторского часа:

  • сообщение куратором темы кураторского часа, плана, цели и задач
    (5 мин);
  • доклад материала по теме кураторского часа, просмотр слайд-презентации (15 мин);
  • проведение игры для всех участников двух команд (16 мин);
  • подведение итогов, подсчет набранных баллов (3 мин);
  • проведение мини-викторины, с использованием онлайн-сервиса (6 мин);
  • подведение итогов, заключительные слова куратора (4 мин).

Временная структура кураторского часа выдержана. Информационное содержание кураторского часа соответствует освещаемой тематике.

Тема кураторского часа раскрыта полностью, материал по объему подобран правильно, главная мысль выделена, логика изложения докладчиком была рациональная.

Содержательная часть:

Презентация, игра, тест-опрос.

– Мировые тренды развития: нанотехнологии, робототехника, беспилотный транспорт, ИТ-технологии, киберфизические системы и искусственный интеллект.

– Студенты к концу занятия будут иметь представление о развитии индустрии нашей страны. Будут в курсе последних событий в различных отраслях в мире технологий.

– Создание условий для становления и проявления индивидуальности обучающихся, его творческих способностей. Обогащение сознания обучающихся знаниями о современных технологиях, о применении этих технологий в жизни, о научных открытиях и достижениях. Развитие эмоционально-чувственной сферы и ценностно-смыслового ядра личности студента. Формирование у студентов умений и навыков мыслительной и практической деятельности.

– Эффективность кураторских часов зависит от организации цикла основной формой работы на учебный год, тщательной подготовки к нему студентов и педагогов.

Куратору необходимо:

  • опираться на цели и задачи, графику основных традиционных мероприятий и дел воспитательной системы университета;
  • определить цель и задачи всей воспитательной деятельности в группе;
  • попытаться систематизировать воспитательный процесс в группе, спланировать основные формы;

– Студенты были дисциплинированы, дружелюбны, активны, все принимали участие в проведении кураторского часа. 

  1. Общая характеристика группы, в которой проводился кураторский час:

– количество человек в группе по списку – 12, отсутствовало – 0;

– уровень сформированности коллектива в группе – дружный;

– уровень активности всей группы или отдельных студентов – высокий;

– характер деятельности студентов на кураторском часе – творческая деятельность;

– интерес к теме – в ходе проведения игры, все студенты принимали активное участие, высказывали свое мнение, был проявлен интерес к данному подходу усвоения пройденного тематического материала. Атмосфера в период обсуждения вопросов была довольно уважительная.

  1. Характеристика деловых качеств куратора:
  • умение работать с аудиторией – отличное;
  • культура устного изложения – хорошая;
  • доступность изложения материала – высокая;
  • морально-психологическая атмосфера кураторского часа – доброжелательная.
  1. Выводы и результативность кураторского часа:

Куратор хорошо подготовлен к проведению тематического часа и созданию творческой атмосферы среди учащихся, владеет излагаемыми, в докладе студента, материалами хорошо ориентируется во всех вопросах повестки дня, тактичный, оказывает необходимое внимание всем учащимся в ходе проведения игры, знает методику воспитательной работы, умеет поддерживать позитивную и дружественную обстановку среди учащихся на протяжении всего кураторского часа. 

  1. Замечания:

Во время обсуждения тематических вопросов, отдельные студенты испытывали затруднения при изложении своих мыслей.

  1. Рекомендации: Активнее привлекать студентов к обсуждению поставленного вопроса, с целью выработки у них навыков ораторского мастерства.

 

Председатель СК

 

Зам.декана по ВР ФИТ

 

Зав.кафедрой ИТБ

 

Старший куратор кафедры ИТБ

 

Куратор группы ФИТ-18-2 (СИБ)

Смагулова Н.А.

 

Амантаев Н.Г.

 

Коккоз М.М.

 

Кулбаева Л.Н.

 

Сницарь Л.Р.

 

Инновационное развитие индустрии Казахстана  (презентация)


ПС-17-1 тобының шеберлік класс сағатының
фото-отчеты

Тақырыбы: «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл!»
Өткен күні: 24.02.2020 ж. сағат 15:05
Ауд: 413 , бас корпус

Кураторлық сағаттың мақсаты: Ел ішіндегі бірлік, бейбітшілік пен тұрақтылық, бір шаңырақ астында, ұлттар мен ұлыстар, ассамблея, бірегей институт, татулық, достық құндылықтарын дәріптеу, оларды студенттер бойына дарыту.
«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» жобасы идеяларын, ұлтаралық татулық, достық, туған жерді, елді сүюге студенттерді тәрбиелеу.

Кураторлық сағаттың міндеттері:
— студенттерді Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу;
— студенттердің бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, ынтымақтыққа, тәрбие сағатын өткізу арқылы оларды достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Жоспар:
1. Әнұран.
2. Қазақстан халқы Ассамблеясы жайлы презентация.
Сатыбалды А., Базарханова Ә.
3. Куратордың мерекелік лебізі.
4. Ән «Алтын бесік».
Шілдебаева А., Сатыбалды А.
5. Командалардың арасында сұрақ-жауап түріндегі
викториналық және мақал мәтел жарысы. Рымхан А.
6.Әр ұлттардың сәлемдемелері.
7. Домбырамен күй. Құрақбай Ж.
8. «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» тақырыбы
бойынша қорытындылау. Жүргізушілер Құрақбай Ж., Сламғалиева А.
9. Ән «Тек алға» Сатыбалды А. және топ студенттері

Қажетті құрал-жабдықтар: компьютер, проектор, видеоролик, презентациялар, тақырыптық материалдар және т.б.

Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл

Кураторлық сағаттың өту барысы:

Басталуы:
Елім десе еміреніп арқалы ақын,
Халқым десе тілінен бал таматын.
Қош келдіңіз қадірлі көрермендер,
Көруге бүгінгі күн салтанатын!
Ән « Әнұран»
1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар!

2-жүргізуші: Халықтар бірлігі мерекесіне арналған «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл » атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
1-жүргізуші: Бұл күн — әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, адамзаттық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.
2-жүргізуші: Бұл күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді.
1-жүргізуші: Еліміздің басты қорғаушы күші – қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді сақтау – Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет.
2-жүргізуші: Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз. Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету – барша қазақстандықтардың борышы.
1-жүргізуші: Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз молшылыққа, ал әрбір шаңырақ шаттық пен бақытқа кенелсін!
Жүргізушілер бірге: МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
2-жүргізуші:
Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.
Татулығын жырға қосам ұлттардың,
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.
1-жүргізуші:
Тілі бөлек болғанымен тілек бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.
2-жүргізуші: Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сызат түспесе екен.

Ал қазір Қазақстан халқы Ассамблеясы жайлы презентацяға назар аударсақ . (5 мин)

1-жүргізуші: Қазір Мерекелік құттықтау сөз кезегін біздің топ жетекшіміз Айжамбаева Сауле Жакешовнага сөз берсек.

Куратор мерекелік лебіз айтады (2 мин)

Құрметті студенттер, әріптестер, қонақтар, біздің кураторлық сағатқа қош келдіңіздер!
Біздің кураторлық сағат «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» тақырыбына арналады. «Бірлік бар жерде — тірлік бар» дейді біздің халық. Дана жұрт мұны тегіннен-тегін айта салмаса керек. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді.
Біздің мемлекетіміздің басты жетістігі еліміздің халықтарының ұлтаралық және конфессияаралық келісімі, өзара түсіністігі мен сыйластығы болып табылады.
Қазақстанда, оның елордасы Астанада достық пен бірлікті нығайту сөз жүзінде қалмай. күнделікті іс-әрекетімізде басшылыққа алынған. Бүгінгі күн көпұлтты мемлекетімізді мекендейтін халықтар достығының, бірлігінің және бейбітшіліктің символы болсын!
Қазақстанның көпұлтты халықтары арасындағы бірлік пен ынтымақтастығы нығая берсін! Қазақстанның көп ұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі біздің еліміздің ең басты байлығы. Оны көздің қарашығындай сақтауға тырысайық. Береке-бірлігіміз арта берсін, ағайын!
Қазақ қашаннан да бауырмал халық қой. Әр кезеңдерде елімізден пана іздеп келген «жат жұрттардың» бәрін бауырына басып, төрінен орын беріп, қандай қиын кезеңдердің өзінде бір үзім нанды бөліп жеді. Сөйтіп, қаймағы бұзылмаған Қазақ жері көп ұлтты мемлекет болып шыға келді. Бүгін елімізде 136 ұлт пен ұлыстың өкілдері бір тудың астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Барлығымыз туған жердің төсінде, құшағын жайған бейбіт елдің ішінде ел бірлігін сақтауға атсалысайық!

2-жүргізуші:
Жайнасын көңілдерің жасыл бағы,
Құтты болсын мереке шашулары!
Бар өнер, ән — биіміз сіздер үшін,
Сіздер үшін әншінің асыл әні.

Сатыбалды Аяулым және Шілдебаева Ақнурдың орындауындағы «Алтын бесік» әніне кезек береміз (5 мин)

Содан соң викториналық және мақал-мәтел ойыны жүргізіледі
(15-20 мин)

1-жүргізуші: Сіздер білесіздер, кең байтақ Қазақстанда 130 — дан астам ұлт пен 17 конференцияның өкілдері тұрып жатыр. 1995 жылы ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл – ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.
2-жүргізуші: Ассамблея деп ауыз ашқаннан көз алдыңа еліміздегі тыныштық, этносаралық жарастық, конфессияаралық келісім келеді. Бір құдіреттің күшімен осынау сөз Қазақстанда барлық бейбіт өмірді, тұрақты тіршілікті жасап тұрғандай болып көрінеді. Біз 20 жыл бойы соған үйреніп, соған әбден сеніп алдық. Өткен 20 жылда Қазақстан қоғамының ішкі ықпалдасуының, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайтудың біртұтас мемлекеттік және қоғамдық жүйесі толығымен қалыптасты.
1-жүргізуші: Ел ішінде мұқият талқыланып, Елбасы мақұлдаған «Ел бірлігі доктринасы» бейбітшілік пен қоғамдық келісімді нығайтудың «Бір ел — бір тағдыр», «Тегі басқа – теңдігі бір», «Ұлт рухының дамуы» сияқты басты қағидаларын айқындап берді. Елбасының өкімімен бекітілген Қазақстан халқы ассамблеясы туралы ережелер оның мәртебесі мен құзіреттерін, сондай — ақ, Ел бірлігі саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асыруға қатысу тәртібін бекітті.
2-жүргізуші: Ортаға сіздердің құрметтеріңізбен Каримсакова Санияны шақырамыз, Қарқаралы қаласының 180 жылдығына арналған өлең шумақтарын ұсынамыз, қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші: Ортаға сіздердің құрметтеріңізбен Искакова Аэлунды шақырамыз, С. Торайғыровтың «Мен қазақпын» өлең шумақтарын ұсынамыз, қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші:
Мерекең құтты болсын, туған өлкем,
Гүлдене бер бұтақ жайып, өсіп өркен!
Бүгінгі күнің бізді қуантады,
Болашағың бұдан да болсын көркем!
2-жүргізуші:
Біздің елде әр халықтың ұлы бар,
Кеудемізде бауырластық нұры бар.
Бейбіт күннің тату — тәтті достарымыз,
Көк байрақты мәңгі бірге ұстармыз!

Сіздердің құрметтеріңізге Бақытжанұлы Рахымның орындауында «Балбырауын, Адай» күйі, қабыл алыңыздар (6 мин)

1-жүргізуші:
Қазақ осы — айтатұғын елге сыр,
О, ағайын, халық емес ол кесір.
Қазақ осы — аңғал — саңғал жабусыз,
Қазақ осы — ағыл — тегіл, көл — көсір.

2-жүргізуші:
Қазақ осы — дала дейтін, күн дейтін,
Қазақ осы — өнер алды тіл дейтін.
Қазақ осы — карасың ба, ақсың ба,
Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін, — деп жырлаған Қадыр Мырзалиев ағамыз.
1-жүргізуші: Тағдырдың тезіне, қолдан жасалған тозақтың өзіне шыдаған елміз. Бабалар рухына бас иіп, Алладан медет сұраған елміз!
2-жүргізуші: Халқы жомарт, даласы дархан, орманы қорған, таулары қалқан болған ақ бесік атамекені бар, сол мекенде жусанының жұпар иісін иіскеген, өздігінен ешкімге тиіспеген елміз!
1-жүргізуші: Шыдамының шегіне жеткенде, намыс оты еті түгілі сүйегінен өткенде, кеудесінде жанар тауы жарылып, көзінің алды қанталап, өзіне қарап анталап тұрған жаудың алысқанының аузына ұрып, жұлысқанының жұлынын жұлып бір-ақ тоқтаған қазақпыз!
2-жүргізуші: Қазақстан сияқты жас мемлекеттің өркендеуінің бір кепілі еліміздегі ынтымақтастық пен бейбіт өмір!
1-жүргізуші: Ендеше, бейбітшілік жасасын!
2-жүргізуші: Ынтымақтастық жасасын!
1-жүргізуші: Қазақстан жасасын!
1,2-жүргізуші: Сау саламатта болыңыздар!
2-жүргізуші:
Жайнасын көңілдерің жасыл бағы,
Құтты болсын мереке шашулары!
Бар өнер, ән — биіміз сіздер үшін,
Сіздер үшін әншінің асыл әні.

Ортаға Сатыбалды Аяулымның орындауында «Тек алға» әні (3 мин)


КУРАТОРЛЫҚ ШЕБЕРЛІК КЛАСС САҒАТЫНА ТАЛДАУ

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған

КУРАТОРЛЫҚ САҒАТ МАСТЕР-КЛАССЫНА АНАЛИЗ

Без рубрики