«Мистер және Мисс МИ-2013»


2013ж., 29 наурыз күні, сағат 15:00-де, «Сарыжайлау» кинотеатрында ҚарМТУ-дың 60-жылдығына арналған «Мистер және Мисс Машина жасау институты» конкурсы өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты Машина жасау институтының талантты және дарынды студенттерін анықтау және ҚарМТУ студенттеріне мәдениетті демалуды ұйымдастыру болды.

Ұйымдастырушы ретінде ҚарМТУ-дың «Жас Орда» студенттер кәсіби одағы және Машина жасау институтының кәсіби бюросы болды.

 

Байқау 3 айналымнан тұрды:

— саралау айналымы (22 ақпан 2013 жыл);

— фотобатл, «Машина жасау институтының кәсіби бюросы» В контакте әлеуметтік желісінің  тобында дауыс беру арқылы өтті (наурыз айының  19 -29 күндері, 2013 жылы);

— қорытынды айналым (29 наурыз 2013 жыл).

Конкурсқа 10 адам – 5 қыз, 5 ұл қатысты. Байқауға қатысушылар келесі тапсырмаларды орындады:

— визитка;

— таланттар байқауы;

— зияткерлік байқау;

— дефиле байқауы.

Байқау кезінде қатысушылар өздерінің зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, іс-шараның қазылар алқасынана «Мистер және Мисс Машина Жасау» атағына лайықты екенін дәлелдеді.

Байқаудың жеңімпаздары:

«Мисс МИ-2013» — Төлеуханова Жұлдыз, МВ-12-1 тобының ст.;

«Мистер МИ-2013» — Ахмедиянов Сағындық, МЕТ-12-1 тобының ст.;

«Вице мисс МИ -2013» — Галеева Венера, МВ-12-3 тобының ст.;

«Вице мистер МИ-2013» — Қылышбаев Жанболат, МАШ-12-1п тобының ст.;

«Мисс сәнділік» — Сырымова Малика,  МАШ-11-5 тобының ст.;

 

«Мистер әсемдік» — Аскап Ратбек, МЕТ-12-3 тобының ст.;

«Мисс сыпайылық» — Қошанова Ақерке, МЕТ-12-2тобының ст.;

 

«Мистер овация» — Мырзақов Бауыржан, тобының ст. МЕТ-11-4;

 

«Мисс сүйкімділік» — Молдахмет Ұлбосын, МЕТ-12-3 тобының ст.;

 

«Мистер әдемілік» — Қантаев Ардак, МАШ-12-1п тобының ст.

 

Бұл іс-шараның серіктестері  «Сарыжайлау» кинотеатры, «Аура» фотостудиясы, «Dina G models» модель агенттігі болып табылады.

мисс и мистер им

Без рубрики