Міржақыптың «Оян, қазақ!»


3.10.2023ж. Кафедраның аға оқытушысы Ш.М. Теміржанованың ұйымдастыруымен Мет-23-1, СТ-23-1 мен МАШ-23-1 топ студенттері Міржақып Дулатұлы туралы түсірілген көркем фильм «Оян, Қазақ» көруге барды. Фильм 2023 жылдың қыркүйегінде қазақстандық прокатқа шықты. Тарихи туындының түсірілім жұмыстары Алматы облысындаАлматы қаласында, Міржақыптың туған жері Қостанай облысында өтті. Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлы өмірінің 1909-1935 жылдардағы кезеңі қамтылады. Міржақыптың «Оян, қазақ!» кітабының жарыққа шығуы, «Бақытсыз Жамал» романының жазылуы, революциядан кейінгі жылдардағы, ашаршылық кезіндегі қоғамдық-саяси қызметі, ҚызылордаСемейМәскеудің әйгілі «Бутырка» абақтысындағы жылдары және жан жары Ғайнижамалмен махаббат хикаясы баяндалады.

Без рубрики