12 желтоқсанда ҚарМТУ «Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер» кафедрасының негізін салушы және Қазақстанның орталық аймағындағы «Ақпараттық жүйелер» бағыты жетекшісінің 80-жылдығына орай, т.ғ.д., профессор, ХАА академигі Когай Леонид Ивановичке ШЫҰУ жобасы шеңберінде алғашқы «Цифрлық әлем» халықаралық жастар on-line форумы өтті.
Когай Леонид Иванович Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде 25 жылдан астам жұмыс істеді. Ол Орталық Қазақстанның ірі ЖОО-да аспиранттан профессорға, одан техникалық ғылымдарының докторына дейін көтерілді. Л. И. Когай өз еңбегімен біздің университеттің қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосты.
Форумның мақсаты – қатысушы университеттердің студенттері мен магистранттары арасында серіктестік пен стратегиялық серіктестікті тереңдете отырып, ақпараттық технологиялар, автоматика, робототехника, экономика және құқық саласындағы заманауи перспективалық зерттеулерді көрсету және талқылау.
Форумға Қатысушылар:
- Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті;
- Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті;
- Еуразия ұлттық университеті;
- Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті;
- Астрахан мемлекеттік сәулет және құрылыс университеті (Ресей);
- Қырғыз мемлекеттік құрылыс көлік және сәулет университеті;
- Қырғыз халықаралық ақпараттық технологиялар университеті.