«METAL CUP. 4-ші өнеркәсіптік революция» халықаралық технологиялық стратегия чемпионатының финалы


ҚарМТУ студенттерінің «METAL CUP. 4-ші өнеркәсіптік революция» технологиялық стратегия чемпионатының халықаралық финалына қатысуы. 

2019 жылғы 16 қыркүйектен 19 қыркүйекке дейін Ресейдің Красноярск қаласында «METAL CUP. 4-ші өнеркәсіптік революция» технологиялық стратегиясы бойынша халықаралық чемпионаттың финалы өтті.

Халықаралық чемпионатқа 10 мемлекет қатысты, оның ішінде Қазақстанда болды. Біздің мемлекеттің атынан ҚарМТУ студенттері «Металлургия» Ахмедия Келбет Алтайқызы – II курс магистранты, Кумзина Виолетта Викторовна —  IV курс студенті, Әбілхаир Балжан Нурғалиқызы —  II курс магистранты қатысты. Студенттерді чемпионатқа ҰМТ кафедрасының доценті — Саркенов Берік Бейсенұлы дайындады.

Чемпионат барысында, барлық қатысушылар металлургияның барлық дағдыларын көрсете білді.

Чемпионаттың басты мақсаты металлургия саласын цифрландыру болды. «Киберсистема», «3D басып шығару» және өндірістік процесті басқаруға мүмкіндік беретін жаңа бағдарламалық қамтамасыз ету сияқты тақырыптар қозғалды.

Сонымен қатар, ұйымдастырушылық бөлімге Красноярск қаласы, «КрасЦветМет» ААҚ және «LMZ SKAD» ЖШС, РУСАЛ Красноярск АҚ-қа экскурсия енгізілді. Чемпионатқа қатысушылар панельді пікірталастарды, дәрістерді таныстырды, металлургияны цифрландыру саласындағы жаңа идеялар мен дағдыларға ие болды.

 

Без рубрики