МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!


 Томилова Надежда Ивановна – техника ғылымдарының кандидаты, «Ақпараттық және есептеу жүйелері» кафедрасының доценті, Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың еңбек сіңірген қызметкері.

Томск Автоматтандырылған басқару жүйелері және радиотехника институтының түлегі. Біздің ЖОО-да 1978 жылдан бастап жұмыс істейді, жұмыс өтілі-46 жыл.

Марапаттары: ҚР Білім және ғылым Министрінің Құрмет грамотасымен, облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің, университет ректорының алғыс хаттарымен марапатталған. 

Құрметті Надежда Ивановнаны мерейтойымен құттықтаймыз және ұзақ өмір, денсаулық, бақыт, еңбекте табыс тілейміз!

Без рубрики