Қамаров Рымғали Құмашұлы — техника ғылымдарының кандидаты, «Пайдалы қазбалар кен орындарын игеру» кафедрасының профессоры, ҚР Ұлттық тау-кен ғылымдары академиясының академигі, Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың еңбек сіңірген қызметкері.
Университеттің түлегі. Біздің ЖОО-да 1976 жылдан бастап жұмыс істейді, жұмыс өтілі – 48 жыл.
Марапаттары: «Кеншілер даңқы» и «Еңбек даңқы» төсбелгілерінің барлық дәрежесі, «Өнертабыс және рационализация үздігі», «КСРО өнертапқышы», «ҚР жоғары оқу орнының үздік оқытушысы-2012», «ҚР ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін», «Тау-кен ғылымының үздігі», «Көмір өнеркәсібінің құрметті қызметкері» төсбелгілері, ҚР Білім және ғылым министрінің, университет ректорының құрмет грамоталары.
Құрметті Рымғали Құмашұлын мерейтойымен құттықтаймыз, ұзақ өмір, денсаулық, бақыт, еңбекте табыс тілейміз!