Мерейтоймен құттықтаймыз! «Пайдалы қазбалар кен орындарын игеру»кафедрасының профессоры, т.ғ.д. В.Ф. Демин 70 жаста


Техника ғылымдарының докторы, профессор В.Ф. Демин университетте 45 жылдан астам уақыт жұмыс істейді. Міне, осы жылдар ішінде ол өзіне тән күш-қуатымен және жігерімен инженерлік және ғылыми кадрларды даярлауға, ПҚКБ кафедрасының қалыптасуы мен дамуына белсене еңбек етті.

Владимир Федорович өзінің бар күшін, білімі мен біліктілігін өзі таңдаған ісіне қызмет етуге арнап келеді. Және оның мақтанарлық істері де жеткілікті. Бұл әріптестердің, студенттердің мойындауымен ғана емес, ғылыми-педагогикалық қызметінің тиімділігімен де дәлелденеді. Владимир Федорович Қазақстандағы тау-кен өнеркәсібінің дамуына зор үлес қосқан тау-кен саласының ірі маманы ретінде де танымал.

Ол өзінің барлық жетістіктеріне ерен еңбегінің, іске адалдығының, шығармашылық қабілеті мен жоғары кәсіпқойлығының арқасында қол жеткізді.

Владимир Федоровичтің өзі үшін ең жоғары марапат әрдайым әріптестерінің шынайы құрметі және өзі өмірге жолдама берген жүздеген түлектердің алғысы болып қала береді.

Владимир Федоровичті мерейтойымен құттықтаймыз! Зор денсаулық, бақыт, отбасылық амандық, жаңа еңбек жетістіктерін тілейміз!

 

Без рубрики