Мерейтойлық іс шаралар аясында Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ базасында Халықаралық маркшейдерлік форум өткізілді


Форум университеттің 70 жылдығына және университеттің жетекші кафедраларының бірі – Маркшейдерлік іс және геодезияға арналған. Кафедра құрметпен және жоғары жауапкершілікпен осы бөлімшенің негізін қалаушы — ҚР ҰҒА корр-мүшесі И.И. Поповтың есімімен аталады.

Форум тақырыбы: 1Геодезия, маркшейдерия және геомеханикадағы геокеңістіктік цифрлық инженерия1.

Бұл оқиғаның ауқымдылығы қатысушылардың құрамын, олардың арасында бірқатар ірі компаниялардың, Қазақстанның, ЕО және Ресей елдерінің ғылыми мекемелерінің басшылары, бас мамандары бар екенін атап көрсетеді. Олардың қатарында Leica Geosystems RZ (Швейцария) директоры М.А. Кочетова, Бойт институтының профессоры (Германия), т.ғ.д. Б.Е. Резник, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ Маркшейдерлік іс және геодезия кафедрасының профессоры, т.ғ.д., Қазақстан Ұлттық тау-кен ғылымдары Академиясының және Ресей тау-кен ғылымдары академиясының академигі М.Б. Нұрпейісова, С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ факультетіннің деканы, т.ғ.к., асс. профессор Төлеубекова Ж.З., «Геостройизыскания» ЖШС Бас директоры Кузнецов Д.А. және т. б.

Форумның пленарлық отырысына қатысушыларға атқарушы директор, т.ғ.д., Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ профессоры А.З. Исагулов құттықтау сөз сөйледі.

— Біз Сіздермен кездескенімізге қуаныштымыз, біздің университет өзінің 70 жылдығы қарсаңында «Қазақстан маркшейдерлер одағы» қоғамдық бірлестігінің қатысуымен Маркшейдерлік іс және геодезия кафедрасының базасында бұл кездесуді 9-шы рет ұйымдастырып отыр, — деді ол. — Қазіргі уақытта Қазақстанда пайдалы қазбалардың жаңа ірі кен орындарын одан әрі игеру жүріп жатыр. Мұндай жағдайларда геомеханикалық қызметтерді ашу және маркшейдерлік-геодезиялық өлшеу технологиялары мен бағдарламалық геоақпараттық жүйелерді цифрландыруды енгізу арқылы тау-кен жұмыстарын жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету талап етіледі. Университет ұжымы біздің базамызда жұмыс істейтін «Корпоративтік университет» инновациялық-білім беру консорциумы арқылы тау-кен өндіру кәсіпорындарымен байланыстарды нығайтуға және дамытуға бағытталған, оның құрамына Қазақстанның тау-кен металлургия кешенінің негізгі кәсіпорындары, әртүрлі кәсіптік одақтар мен қауымдастықтарды қолдау мен өнеркәсіптік компаниялармен және ғылыми орталықтармен тығыз халықаралық ынтымақтастықты дамыту кіреді. Бұл байланыстар біздің бакалаврлардың, магистрлердің және PhD-докторлардың дайындық сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Аристотель Зейнуллаұлы өзінің қысқаша сөзін аяқтап, форум жұмысына сәттілік тіледі.

Қазақстан Маркшейдерлер одағының президенті, т.ғ.д., профессор, Қазақстанның Ұлттық тау-кен ғылымдары академиясының академигі Ф.К. Низаметдинов Қазақстан Республикасында тау-кен өнеркәсібін дамытудың қазіргі кезеңі туралы, кәсіпорындардың техникалық қайта жарақтандырылуы мен қуаттылығының артуы туралы, ақпараттық технологияларды, жаңа электрондық және сканерлеуші лазерлік жабдықтарды және спутниктік технологияларды енгізуге байланысты жаһандық өзгерістер туралы айтып берді.

Пленарлық және секциялық отырыстарда баяндама жасаған жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындардың, техникалық университеттер мен ғылыми орталықтардың өкілдері өздері жүргізіп жатқан жұмыстар, жаңа қызықты әзірлемелер, лазерлік жабдықтар мен спутниктік технологияларды енгізу туралы айтып берді. Бүгінгі таңда заманауи жабдықтардың, жаңа буын құрылғыларының көмегімен қателікпен бір миллиметрге дейін есептеулер жүргізуге болады, ал 450 метрлік өндіріс көлемін анықтау үшін тек 15 минут қажет.

Санкт-Петербург тау-кен университеті, Ислам Каримов атындағы Ташкент мемлекеттік техникалық университеті өкілдерінің онлайн-баяндамалары үлкен қызығушылықпен тыңдалды.

Пленарлық отырыста сөз сөйлеген форумға қатысушылардың барлығы Қазақстан маркшейдерлер Одағынан алғыс хаттар алды. Ал Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Маркшейдерлік іс және геодезия кафедрасының ардагерлер тобына «Маркшейдерияны дамытуға сіңірген еңбегі үшін» медальдары табысталды.

Форум геодезия, маркшейдерия және геомеханикадағы геокеңістіктік цифрлық инженерияны одан әрі дамыту перспективалары туралы қарар қабылдаумен аяқталды.

Без рубрики