МЕРЕЙТОЙҒА АРНАЛҒАН КІТАПТАРДЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ


Кітапхананың оқу залында 17-19 сәуір аралығында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің алдағы 70 жылдығына арналған кітаптардың тұсаукесері өтті.

Іс-шараға Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің атқарушы директоры, профессор, т.ғ.д. А.З. Исағұлов, Басқарма мүшелері, академиялық мәселелер жөніндегі проректор А.М. Темербаева, тәрбие ісі жөніндегі проректор А.К. Калыков, ғылым жөніндегі проректор А.К. Ракишев, мерейтойлық басылымдардың авторлары, факультет декандары, кафедра меңгерушілері, корпоративтік университет, оқытушылар, студенттер қатысты.

Басылымдардың авторлары мерейтойлық басылымдар цикліне енген монографияларды, оқу және ғылыми құралдарды жариялаудың өзектілігі мен белгілі бір құзыреттерді игеру үшін пәндік саланың маңыздылығы туралы айтты.

Презентация барысында қатысушылар университет және кітапхана тарихымен фотосуреттерде танысты; 1902 жылы шыққан «XIX ғасырдың сәулет энциклопедиясы» атты Қазақстандағы жалғыз раритет 7 томдық басылыммен танысты, оның авторы Барановский Гавриил Васильевич (1860-1920ж.) — сәулетші, сәулет тарихшысы, баспагер және сирек кездесетін «Миниатюралық кітаптардың» кітап жинағының иегері.

Сондай-ақ, көрмеде Тау — кен институтының кітапханасын құрған алғашқы кітаптар (20 кітап) 1902 — 1953 жж., ҚарПТИ 1953 – 2022 жж. монографиялары мен ғылыми еңбектері, университеттің 1970-2022 жж. бастап өз басылымдары (оқулықтар, оқу құралдары), ҚарПТИ ректоры Ә.С. Сағыновтың авторлық басылымдары; университеттің 70 жылдығына (40 атау) жарық көрген кітаптар болды.

Тұсаукесер студенттердің де, профессорлық-оқытушылар құрамының да үлкен қызығушылығын тудырды, олар университеттің кітап қоры мен оның жалпы тарихы туралы жаңа фактілермен танысты.

Без рубрики