Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің 70 жылдығына арналған және Рухани келісім күні мен Қазақстан Республикасы күніне орайластырылған Қарағанды қаласының НЗМ оқушылары арасында эссе байқауы осындай атаумен өтті.
Эссе тақырыбы мектеп оқушыларының азаматтық сана-сезімін дамыту, олардың ел тағдыры мен болашағы үшін жауапкершілікке тәрбиелеу мақсатын көздеді.
Байқауды Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың «Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы ұйымдастырды.
Эссе байқауы 2023 жылдың 5 қыркүйегінде басталды. Бір ай ішінде оқушылар өздерінің конкурстық жұмыстарын дайындады. Қазылар алқасы олардың мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауында: «Бізде болашақтың айқын бейнесі бар: біз әділ Қазақстанды – тең мүмкіндіктер мен өркендеп дамыған ел құрып жатырмыз», — деп айтқан Республиканың бүгіні мен болашағы, әділ Қазақстанның құрылысындағы орны туралы көзқарасы ерекше маңызды болды:
Келесі күні Қарағанды қаласының НЗМ акт залында салтанатты жағдайда конкурстың қорытындысы шығарылды. Конкурстық комиссияның шешімімен жүлделі орындарға оқушылардың үздік жұмыстары ұсынылды.