Мемлекеттік рәміздер күні!


4 маусым 1992 жылы тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері бекітілді.  Бұл күн мәңгілікке ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздердің туған күні ретінде қалады және ұлттық бірлікті, қазақстандықтарды патриоттыққа тәрбиелеуді нығайтуға септігін тигізетін мемлекеттік мереке ретінде екінші онжылдық бойы тойланып келеді.

Мемлекеттік рәміздер- кез келген елдің міндетті белгілері. Олар тарихтың бейнесін, қазіргі құндылықтарды, елдің болашақ жоспарын көрсетеді. Қазақстанның Туы, Әнұраны, Елтаңбасы- Республикамыздың әлемдегі танымалдылығының бір себебі.Әлемнің түкпір- түкпірінде алтын күн мен қалықтаған қыраны бар көк байрағымыз желбіреп, әнұранымыз төрт көл дүниеге танымал болсын.

Еліміздің мемлекеттік рәміздерін құрметтеңіздер, оларды мақтан тұтыңыздар!

Без рубрики