2015 ж. 10 ақпан энергетика және телекоммуникация факультетінің кәсіп бюросы «МЕГАМОЗГ» интеллектуалдық ойынын өткізді.
Аталмыш іс-шара «Армандастар Ордасы» студенттер үйінің жиын залында өтті. 24 адам, 8 топ ең ақылды, білімді және жасампаз атағын алу үшін күресті. Ойын 4 кезеңнен тұрды. Бірінші кезең- топпен таныстыру; екінші- сұрақ- жауап; үшінші- шығармашылық және қорытынды кезең- «физикалық құбылыстар». Жарыс нәтижесі бойынша «Мегамозг» атағын»триада» тобы иеленді: Әділхан Кусаинов, Аян Айнабеков және Таня Талалайкина. Ойын қатысушыларға да, көрермендерге де қызықты болды.
Авторы: Кусбекова Манара