Денсаулық сақтау пункті
ҚарМТУ дәрігерлік денсаулық сақтау пункті 01.09.2005 жылдан бастап жұмыс жасап жатыр. Мемлекеттік лицензия 16.09.2005 жылдан.
Денсаулық сақтау пункті ҚарМТУ студенттеріне, Технологиялық колледж, Техникалық лицей оқушыларына және университет қыметкерлеріне- жалпы саны 9500 адамға жедел медициналық көмек көрсетеді. Медициналық көмек келесі бағыттарда жүгізіледі: терапия, невропатология, отоларингология, физиотерапия.
Денсаулық сақтау пунктінде жұмыс жасайтын 6 қызметкердің 2-і жоғары білікті категория, 1- бірінші білікті категория иегерлері.
Денсаулық сақтау пунктінің құрамында емдеу кабинеті мен физиотерапия кабинеті бар. Соңғысы, сәулемен, электр тоғымен емдеуге, магнитотерапияға, ультрадыбыспен емдеу шараларына, ингаляцияға арналған аппаратурамен жабдықталған.
Дәрігерлерге келу саны жылына 7 мыңнан астам. Емдеу кабинетінде 300 адамға жуық, ал физиотерапия кабинетінде 500-ден астам адам емделеді.
Үлкен назар санитарлық-ағарту жұмысына аударылады. Денсаулық сақтау пункті келесі мекенжайда орналасады: Терешкова көшесі 40, № 1 жатақхана ғимараты, бірінші қабат, оң қанат.
Жастар арасында маскүнемдіктің алдын алу
Денсаулық сақтау пунктінің мекенжайы: Терешкова көшесі 40, № 1 жатақхана ғимараты, бірінші қабат, оң қанат. Тел. 56-51-85
Денсаулық сақтау пунктінің бас дәрігері — Вернер Олеся Васильевна