Мемлекет басшысы Тоқаев Қ.Қ. Жарлығымен 2020 жылдың 14 қыркүйегінен бастап магистрант гр. МСМ-20-2, Қарағанды техникалық университетінің «Жас Орда» жастар қауымдастығының төрағасы Смайлов Ильяс Элнарұлы «Халық алғысы» мерекелік медалімен марапатталды.
«Халық алғысы» медалі – Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Қ. Тоқаевтың 2020 жылғы 8 маусымдағы Жарлығына сәйкес Covid-19 індетіне қарсы күресте ерекшеленген Қазақстан Республикасының азаматтарына беріледі.
Смайлов Ілияс «Сарыарқа жастары» жедел штабының жұмысына, дәрі-дәрмектерді, бұйымдар мен қорғаныс құралдарын жеткізуге, сондай-ақ азаматтарымыздың әлеуметтік осал санаттарына басқа да қажетті көмек көрсетуге волонтер ретінде белсенді қатысты.
Қарағанды техникалық университетінің ұжымы жастар көшбасшысын жоғары марапатымен құттықтайды! Жаңа жетістіктер мен табыстар тілейміз!