2020 жылдың 27 наурызында Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білімді дамыту Мемлекеттік бағдарламасы аясында ЖОО студенттері мен магистранттары арасында «Математика және оның ғылым мен техникадағы қолданысы» тақырыбында ғылыми жұмыстардың (проектілердің) III Республикалық конкурсын өткізеді.
Келесі жұмыс секциялары жоспарланған:
- Секция 1. Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Секция 2. Қолданбалы математика
Өткізілу орны: ҚарМТУ, 1-ші корпус, «Жоғары математика» кафедрасы.
Өткізілу уақыты: 27 наурыз 2020 ж.
Өткізілу түрі: күндізгі/онлайн (қашықтықта)
Қатысу үшін өтінімді және материалдарды 2020 жылдың 25 наурызына дейін келесі электрондық мекен-жайға жіберу керек: zhurvitv@yandex.ru.
Өтінім формасы
Аты-жөні (авторлардың) | Проек атауы | Мамандвқ (шифр, атауы) | Курс | Ғылыми жетекші (Аты-жөні) | Секция | Ұялы телефон номр. | E—mail |
Конкурс кураторы:
Журов Виталий Владимирович,
тел.: 87771865507
E—mail: zhurvitv@yandex.ru
Конкурсқа келесі материалдар ұсынуға болады
- Мультимедиалық материалдар, бағдарламалық өнімдер, шығармашылық жобалар және ғылыми жұмыстар.
- Жұмыстың сипаттамасы машинкамен басылған 2-3 беттен тұратын, онда өзектілігі, жаңалығы, маңыздылығы және пайдалану перспективасы баяндалады.
- Орындалған жұмыстың дербестік дәрежесі ғылыми жетекшінің пікірі. (еркін нысанда).
Конкурстық материалдарды ресімдеуге қойылатын талаптар
- Конкурсқа материалдар электронды (жоғарыда көрсетілген электрондық мекен-жайға өтініммен бірге жіберіледі) және қағаз (бір дана) нұсқаларда ұсынылады.
- Сипаттамасы (3-тармақ) жоғары оқу орнының, факультеттің, кафедраның, академиялық топтың атауы, жұмыстың атауы, жоба авторларының және олардың басшыларының тегі мен аты-жөні көрсетілген титулдық парақтан тұрады.
- Сипаттаманы ресімдеу келесі параметрлерді ескере отырып жүргізіледі:
- сол жақ өрісі-2,5 см, оң жақ өрісі-1,5 см, колонтитулы-2,0 см;
* Times New Roman 14 қаріп өлшемі;
* жоларалық интервал-дара;
* абзацтық шегініс (бірінші жолдың шегінісі) – 1,25 см.