Машина жасау факультеті мен Жас Орданың бірігіп ұйымдастырған ұлттық ойындар бойынша жарысы.


Машина жасау факультеті «Жас Орда» кәсіподақтық ұйымымен бірігіп «Наурыз» мейрамына арналған ұлттық ойындар бойынша сайыс ұйымдастырды. Сайысқа барлық факультеттердің студенттері қатысты. Ол спорттың 3 түрінен өткізілді. Атап өтсек:

—         «Қазақша күрес» — жеке сынақ;

—         «Арқан тарту» — факультет аралық;

—         «Кір тасын көтеру» — жеке сынақ.

Жарыс жоғары дәрежеде өткізілді. Жеке сынақ бойынша сайыс жүлдегерлері I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды. Сол сияқты «Арқан тарту» сайысының жүлдегерлері де I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды. Жүлделі орын алған командаға студенттер мен магистранттар кәсіподағы «Жас Орданың» ауыспалы кубогы табыс еділді.

Без рубрики