Маркетинг және PR департаменті

Маркетинг және кәсіптік бағдар беру жұмысы бөлімі

Қоғаммен байланыс бөлімі

Департамент директоры

МАРКЕТИНГ ЖӘНЕ PR ДЕПАРТАМЕНТІ ТУРАЛЫ  ҚАҒИДА 

 

Маркетинг және PR департаменті «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының құрылымдық бөлімшесі болып табылады және жоғары оқу орны туралы  жаңалық, талдамалық және көркем-публицистикалық ақпаратты жедел басқару жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру арқылы университет имиджін нығайту үшін құрылған. Университет қызметінің әртүрлі қырлары, оның өкілдері, білім беру, ғылыми, өндірістік және шығармашылық салалардағы жетістіктері туралы ақпараттық-публицистикалық материалдарды одан әрі бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жариялау үшін дайындайды;

  • республикалық, өңірлік баспа БАҚ және ақпараттық агенттіктермен ынтымақтастықты дамыту;
  • «Политехникалық білімі үшін» жалпы университеттік баспа басылымын шығару арқылы корпоративтік мәдениетті дамытуға және ішкі коммуникацияларды ұйымдастыруға жәрдемдесу;
  • баспа бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жарияланымдар үшін мақалаларды редакциялау;
  • мекемелер мен ұйымдардың баспасөз орталықтарымен корпоративтік байланыстарды кеңейту.