Маркетинг және келісім-шарт қатынастары орталығы


КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ

Студенттер мен магистранттар контингентінің сапалы қалыптасуын қамтамасыз ету, кәсіптік бағдар беру жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында ректораттың бастамасымен Маркетинг және келісім-шарт қатынастары орталығы құрылды. Университет бойынша 2014 жылғы 07 қарашадағы №752 бұйрығымен МжКҚО кәсіптік бағдар беру орталығы (КББ орталығы) болып қайта құрылды.

НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ

  • студенттер контингентін қалыптастыру кезінде талапкерлермен кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізуде ЖОО бөлімшелеріне жәрдемдесу;
  • әлеуетті талапкерлерді хабардар ету үшін көрмелерге қатысу;
  • ҰБТ пәндері бойынша талапкерлерге дайындық курстарын өткізу және жүзеге асыру;
  • талапкерлер үшін ақпараттық-анықтамалық және жарнамалық материалдарды дайындау, басып шығару;
  • жалпы орта білім беретін мектептердің (лицейлердің, гимназиялардың), кәсіптік орта білім беретін мекемелердің түлектері, Корпоративтік университет қызметкерлері арасында кәсіптік бағдарлау жұмысын жүргізу;
  • жалпы орта білім беретін мектептердің, лицейлер мен колледждердің түлектері арасында кәсіптік бағдарлау жұмысын жүргізу үшін профессорлық-оқытушылар құрамның шығуын ұйымдастыру

СЕРІКТЕСТЕР

Орталық ҚР барлық өңірлерінің білім басқармалары мен бөлімдерімен, оқушылармен, мектеп және колледж түлектерімен, сондай-ақ Корпоративтік университет кәсіпорындарымен («Шұбаркөл Көмір» АҚ, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ КД, «ERSAI» ЖШС, «Жәйрем КБК» АҚ, «Nova Цинк» ЖШС, «Азимут Геология» ЖШС, «Лад Көмір» ЖШС, «Пархоменко атындағы Қарағанды машина жасау зауыты» АҚ, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, «Нәтиже» Сүт фабрикасы» ЖШС, «KAZPROM AVTOMATIKA» ЖШС, «Қазақтелеком» АҚ ОТД, «Қарағанды-Жарық» ЖШС және т. б.) тығыз қарым-қатынас жасайды.

ҚЫЗМЕТІ

  • дарынды жастармен жұмыс бағдарламасын құруға және іске асыруға қатысу;
  • тыңдаушыларды дайындық курстарына қабылдау, сабақтарды ұйымдастыру;
  • жалпы орта білім беру бағдарламалары негізінде ҰБТ пәндері мен шығармашылық емтихандар бойынша бітіруші сыныптардың оқушылары мен колледж бітірушілері үшін тегін консультациялар ұйымдастыру, ҰБТ-ға дайындықтарын, білімдерін арттыруға ықпал ететін жоғары оқу орнына дейінгі дайындық бойынша оқу процесін ұйымдастыру;
  • университетке түсуге дайындық бойынша анықтамалық-ақпараттық және оқу-әдістемелік материалдар әзірлеу;
  • 11 сынып оқушылары мен колледж түлектері арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілген немесе жүргізілетін Қарағанды қ., Қарағанды облысы және ҚР қалаларының жоғары оқу орындарына дейінгі оқу орындары, сондай-ақ Корпоративтік университет кәсіпорындары бойынша деректер базасын қалыптастыру
Без рубрики