«Мамандығым мақтанышым!»


2016 жылдың 8 сәуір күні ҚарМТУ бас ғимаратының 337 аудиториясында «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» — «Серпін — 2050» жобасының арнайы грант иегерлерінің арасында, жастардың бәсекеге қабілеттіліктерін арттыру, өзара тәжірибе алмасу, талантты жастарды анықтау, отансүйгіштігін және азаматтық белсенділігін арттыру мақсатында факультетаралық шығармашылық «Аламан» фестивалінің кезекті факультетаралық «Мамандығым мақтанышым!» байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты:

  • «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» — «Серпін — 2050» әлеуметтік жоба бойынша оқитын грант иегерлерінің өз мамандықтарын насихаттау;
  • Техникалық сала мамандықтарының атағын шығару;
  • Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің мамандықтарды дайындаудағы жетістіктерін көрсету;
  • Факультеттің және мамандықтың имиджін қалыптастыру.

Аталған Жоба қатысушылары ҚарМТУ – да 6 факультетте, 14 мамандық бойынша білім алып жатыр. Әрбір топ өзінің мамандығын барынша ең үздік екенін дәлелдеуге тырысты. Байқауда әр топ студенттері өзінің оқып жатқан мамандығын паш ету мақсатында түрлі бейне-фильмдер, көрініс, өздері шығарған өлең жолдарын дайындады. Сәулет және құрылыс факультетінің студенттері отырған қауымды керемет көрінісімен таңқалдырса, энергетика, автоматика және телекоммуникация факультеті ұшқыр идеялары және терең пайымдауларымен ерекше көзге түсті.

Әділқазылар алқасын:

  1. Тәрбие ісі жөніндегі Проректор- Алпысбаева Назым Амангазиевна
  2. Ақсақалдар кеңесінің мүшесі, профессор, экономика ғылымдарының кандидаты —Тоғайбаев Каден Бариевич
  3. Ақсақалдар кеңесінің мүшесі, доцент, техника ғылымдарының кандидаты —Айдарова Мария Абдрахмановна
  4. Ақсақалдар кеңесінің мүшесі, аға оқытушы — Жарылкасынова Ария Каргуловна
  5. Ақсақалдар кеңесінің мүшесі, профессор, экономика ғылымдарының кандидаты- Ким Юрий Моисеевич
  6. Кураторлар Кеңесінің төрайымы — Смагулова Нұрбибі Абсадыковна
  7. «Жас Орда» ҚарМТУ студенттер кәсіподағының төрағасы — Бузяков Рустам Равильевич құрады.

Аталмыш байқау жоғары деңгейде өтті. Іс-шара аяғында әділқазылар алқасы қорытындысын шығарып, өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Нәтижесінде «Мамандығым мақтанышым!» байқауында үшінші дәрежелі дипломмен машина жасау факультетінің «материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мен «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» марапатталса, екінші дәрежелі дипломмен энергетика, автоматика және телекоммуникация факультетінің «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» және сәулет және құрылыс факультетінің «құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» мамандықтары марапатталды және энергетика, автоматика және телекоммуникация факультетінің «Электр энергетикасы» мамандығы топ жарып шығып, өздері оқып жатқан мамандықтарын мақтан ететінін толықтай дәлелдей алып,  бірінші орынды иеленді.

Без рубрики