Мамандықтар


БӘД кафедрасы келесі мамандықтар бойынша дайындайды:

5В010400 – «Бастапқы әскери дайындық».Тек кана біздің Университетімізде ғана осы мамандық бойынша студенттер әскери кафедрада білім алады және «сержант» әскери шенін тағайындайды, егер әскерде іс-тәжірибеден өтсе онда «лейтенант» шені беріледі.

Берілген бағыт бойынша білім беру бағдарламасының мақсаты жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау; Отан алдындағы борышын өтеуге құлшынысын және патриоттық, саяси өсуге тәрбиелеу болып табылады.

5В010400 – Бастапқы әскери дайындық мамандығы бойынша бакалавриат түлектеріне бастапқы әскери дайындық бакалавры деген академиялық дәреже беріледі (оқу мерзімі 4 жыл).

Бітіруші түлектердің кәсіптік қызметінің саласы болып білім және ғылым саласы болып есептеледі.

Кәсіби қызметінің нысандары:

  • орта білім беру орны: жалпы білім беретін орта мектептер, мектеп-интернаттары;
  • гимназия және лицейлер;
  • бастауыш және орта кәсіптік оқу орындары;
  • жоғарғы оқу орындары;
  • білім берудің әкімшілік органдары

Мамандық түлектерінің кәсіби қызметінің негізгі бағыттары:

  • оқу процесін жоспарлау мен орындау;
  • әскери-патриоттық тәрбиені ұйымдастыру және басқару;
  • спорттық-жаппай шараларды ұйымдастыру және өткізу;
  • азаматтық қорғаныс жұмысын ұйымдастыру;
  • әскери-техникалық үйірмелер мен секциялардың жұмысын басқару.

«Бастапқы әскери дайындық» мамандығының түлектері қауіпсіздік қызметінде нұсқаушы болып, ал Қазақстан Республикасында көші-қон іс-шаралары жүргізілген уақытта алдыңғы қатардағы офицерлік қызметті атқара алады.

Без рубрики