«Технологиялық жабдықтар, машинажасау және стандарттау» кафедрасы
«Машина жасау технологиясы» кафедрасында білім бағдарламасымен оқыту жүзеге асырылады:
– бакалавриат (оқу мерзімі 4 жыл) келесі мамандықтар бойынша:
а) 5В071200 – «Машина жасау» — білім беру кредиті 164;
б) 5В073200 – «Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша)» — білім беру кредиті 143;
в) 5В073400 – «Технологиялық машиналар және жабдықтау» – білім беру кредиті 164
– магистратура (ғылыми-педагогикалық – оқу мерзімі 2 жыл (білім беру кредиті 53), бағдарлы – оқу мерзімі 1,5 жыл (білім беру кредиті 41) келесі бағыттар бойынша:
а) 6М071200 – «Машина жасау»;
б) 6М073200 – «Стандарттау, және сертификаттау (сала бойынша)»;
в) 6М075000 – «Метрология»;
г) 6М073400 – «Технологиялық машиналар және жабдықтау»
– докторантура 6D071200 – «Машина жасау» мамандығы бойынша (оқу мерзімі 3 жыл– білім беру кредиті 66).
Бағдарламаға қабылдау бойынша талаптар
1. Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына (бұдан әрі — жоғары оқу орындары) жалпы орта, кәсіптік бастауыш (техникалық және кәсіптік), кәсіптік орта (орта білімнен кейінгі) және жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар қабылданады.
2. Жоғары оқу орындарында студенттер контингентін қалыптастыру бюджеттік қаржыландыру мамандар даярлауға мемлекеттік тапсырысты (білім беру гранты) орналастыру, сондай-ақ азаматтардың өз қаражаты мен басқа қаражат көздері есебінен оқуға төлеу арқылы жүзеге асырылады.
Білім беру гранты Қазақстан Республикасының азаматымен бірдей басқа мемлекет азаматы болып табылатын қазақ ұлтының өкілдеріне, Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ тұлғаларға, сондай-ақ Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының, Тәжікстан Республикасының және Қырғыз Республикасының азаматтарына беріледі.
Басқа шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ тұлғалар жоғары оқу орындарына (бұдан әрі — ЖОО) Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген, сондай-ақ Қазақстан Республикасында бекітілген халықаралық шарттарға сәйкес қабылданады.
3. Жоғары оқу орындарына азаматтарды қабылдау ұлттық бірыңғай тестілеудің (бұдан әрі — ҰБТ) немесе Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы (бұдан әрі — ҰТО) әзірлеген технология бойынша өткізілетін кешенді тестілеудің нәтижесі бойынша берілген сертификаттағы балдарға сәйкес конкурстық негізде азаматтардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.
4. ҰБТ ағымдағы жылғы жалпы орта білім беретін ұйымдардың бітірушілері үшін өткізіледі.
Кешенді тестілеу өткен жылдардағы жалпы орта білім беретін ұйымдардың бітірушілері, бастауыш және кәсіптік орта оқу орындарын бітірушілер (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі), ҰБТ-ға қатыспаған халықаралық оқушылармен алмасу желісі бойынша шетелде оқыған жалпы білім беретін мектепті бітірушілер, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын жалпы орта білім беретін мектепті бітірушілер, республикалық музыка мектеп-интернаттарының бітірушілері,сондай-ақ оқу орындарын шетелде бітірген азаматтар үшін өткізіледі.
5. Азаматтарды ақылы негізде оқуға қабылдауды жоғары оқу орындары жүзеге асырады.
6. Азаматтарды Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесінің комитетіне, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарына қабылдау 1-қосымшаға сәйкес кешенді тестілеудің немесе ҰБТ сертификатындағы балдарға сәйкес жүргізіледі.
7. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар азаматтарды жоғары оқу орындарына медициналық мамандықтардан басқа ақылы негізде қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға қабылдауды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.
Ұқсас мамандықтарға қабылдау бекітілген тізбеге сәйкес өткізіледі.
Кәсіптік жоғары білімі бар (жоғары) азаматтарды жоғары оқу орындарына ақылы негізде қысқартылған мерзімде оқуға қабылдауды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.
8. Екі немесе одан көп елдер арасында мемлекетаралық келісімдер бойынша құрылған халықаралық жоғары оқу орындарына мемлекеттік тапсырыс негізінде белгіленген квота бойынша шетел азаматтарын қабылдауды жоғары оқу орындары дербес түрде жүзеге асырады.
Шетел азаматтарын ақылы негізде шетел тілінде оқытуға қабылдау жоғары оқу орындары оқыту тілінде жүргізетін кешенді тестілеудің нәтижесі бойынша жүзеге асырылады.
9. Оқу орындарына оқуға қабылдау кезінде Техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 наурыздағы № 296 қаулысымен бекітілген қабылдау квотасы белгіленеді.
10. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша мемлекеттік құпиялармен жұмыс істеуді талап ететін жоғары білім берудің жекелеген мамандықтары бойынша оқуға қабылдауды ұлттық қауіпсіздік органдарының рұқсаты бар білім беру ұйымдары жүзеге асырады.
11. Азаматтарды арнаулы немесе шығармашылық дайындықты (бұдан былай — шығармашылық мамандықтары) қажет ететін мамандықтарға қабылдау арнаулы немесе шығармашылық емтихандар (бұдан былай — шығармашылық емтихандар) нәтижелерін ескере отырып жүзеге асырылады.
12. Кешенді тестілеуге қатысуға өтініштерді қабылдауды 20 маусым мен 9 шілде аралығында жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүргізеді.
Шығармашылық мамандықтарға өтініштерді қабылдауды 20 маусым мен 1 шілде аралығында ЖОО қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.
Шығармашылық мамандықтарға түсетін азаматтар тек қана бір шығармашылық мамандықты көрсетеді.
13. Шығармашылық мамандықтарға түсетін азаматтар өздері таңдаған ЖОО-ның қабылдау комиссиялары өткізетін шығармашылық емтихан тапсырады. Шығармашылық емтихандар саны — екеу.
Шығармашылық емтихан 2-7 шілде аралығында өткізіледі.
Шығармашылық емтихан бойынша ең жоғарғы балл саны — 25.
Шығармашылық емтихан бойынша 10 балдан төмен алған немесе емтиханға келмеген талапкерлер осы мамандыққа түсу үшін кешенді тестілеуге жіберілмейді.
Шығармашылық емтиханды қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.
Бағдарламаның бiлiм және кәсiби мақсаттары:
«5B071200– «Машина жасау» мамандығын тәмәмдаған бітірушілер «Машина жасау бакалавры» академиялық дәрежесіне ие болады.Әрі қарай олар жұмыс істей алады:
— өндірісті және бөлімдерді басқарушы;
— икемді автоматтандырылған өндірісте ілгері технологиялық үрдістерді өндеу бойынша инженер-технолог;
— автоматтандыру құралдарын, жаңа конструкторлық аспаптарды және технологиялық сынықтарды өңдеу бойынша инженер-конструктор;
— шағын ғарыш жабдықтарын құрастыру аймағында инженер-жобалаушы;
— машина жасау өндірісінде инновациялық технологияны құру бойынша инженер-зерттеуші.
«5В073200 – Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша)» мамандығындағы оқу бітірушілер «Стандарттау, сертификаттау және метрология бойынша бакалавр» академиялық дәрежесіне ие болады. Келешекте олар жұмыс истей алады:
— өндірісті метрологиялық қамтамасыздандыру инженері, сынау және өндірістегі тауарларды және жаңа техникаларды көшіру инженері;
— жарнамалық жұмыстар аймағындағы және некенің себебін талдау маманы;
-нормативті-техникалық базалардың метрологиялық сараптауды дайындау аймағындағы маманы;
— стандарттау, сертификаттау және шығарылған өнім сапасын басқару инженері.
5В073400 – «Технологиялық машиналар және жабдықтау» – білім беру кредиті 164
келесі траекториялық бойынша:
а) Тау-кен машиналары және жабдықтары;
б) Мұнай-газ өнеркәсібінің машиналары және жабдықтары;
в) Гидравликалық машина, гидрожетектер және гидропневмоавтоматика.
– магистратура (ғылыми-педагогикалық – оқу мерзімі 2 жыл (білім беру кредиті 53), бағдарлы – оқу мерзімі 1,5 жыл (білім беру кредиті 41) келесі бағыттар бойынша:
6М072400 – «Технологиялық машиналар және жабдықтау»
келесі траекториялық бойынша:
а) Тау-кен машиналары және жабдықтары;
б) Мұнай-газ өнеркәсібінің машиналары және жабдықтары.
Технологиялық машиналар және жабдықтау 5В072400
Кәсiби қызметтiң объектілерi
Бiтiрушiлердiң кәсiби қызметi әскери-өнеркәсiптiк кешен, басқарудың мемлекеттiк құрылымдары, жоба-конструкторлық және ғылыми зерттеу ұйымдары.
Кәсiби қызмет салалары
— технологиялық машиналар және жабдық; энергетикалық жабдық; жүрiс жабдығы; жұмыс жабдығы; машиналардың ерiксiз келтiруiнiң жүйелерi; қозғалыстың басқару жүйелерi; оператордың тiршiлiк қамтамасызының жүйелерi; барлық жиiрек машинаның орналастыру үшiн ортақ корпус; -конструкциялық және қолдану кезiндегi материалдар;
-жасау үшiн жабдық, сынау және технологиялық машиналардың тазартуы;
-техникалық қызмет көрсету және технологиялық машиналардың жөндеуi үшiн жабдық;
-жасау және машиналардың пайдалануы үшiн бақылау-өлшеу құралдар;
-машиналардың жұмыс процесстерiнiң автоматтандыруы үшiн жабдық;
-машиналарды жобалауы үшiн жабдық.
Кәсiби қызметтiң түрлерi
5B072400-Технологиялық машиналар және (салалар бойынша) жабдық мамандықтың бакалаврлары кәсiби қызметтiң келесi түрлерi орындай алады:
-есеп — жобалык;
— өндiрiстiк — технологиялық;
-эксперименталдi — зерттеу;
-ұйымдастыру — басқару;
-монтаждық — жөндеу;
-сервис — қолдану кезiндегi.
Бакалавриатта оқу бағдарлама бойынша күндізгі және сырттай үлгіде жүзеге асырылады, магистратура және PhD доктарантура бағдарлама бойынша- күндізгі үлгі бойынша.
Сырттай үлгідегі оқу мерзімі 3,5 жыл (сырттай қысқартылған) және 2,5 жыл (екінші жоғарғы білім).
Бакалавриат мамандығы үшін оқу құны 346.000 теңгені құрайды – күндізгі бөлім, 169.000 теңге – сырттай бөлім.
Мамандық бойынша магистратурада оқу құны 421.000 теңгені құрайды.
PhD доктарантурада оқу ақылы негізде жүзеге аспайды.