«Пайдалы қазбалар кен орындарын өңдеу» кафедрасы
Бакалавриат
өндірістік-технологиялық қызмет: – тау-кен және жарылыс жұмыстарына, сондайақ тау-кен өндірісінің жабдықтары мен техникалық жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарға техникалық басшылықты жүзеге асыруға; тау-кен, жарылыс жұмыстарын, сондай-ақ жабдықтарды пайдаланумен байланысты жұмыстарды орындау тәртібін регламенттейтін нормативтік құжаттарды әзірлеуге, келісуге, жұмыс өндірісіне техникалық құжат талаптарының, қолданыстағы нормалардың, ережелер мен стандарттардың орындалуын қамтамасыз етуге; тау-кен өндірісінің экологиялық қауіпсіздігін арттыру жөніндегі іс-шараларды; тәжірибелік қызметте жер қойнауының кешенді георесурстар әлеуетінің принциптерін басшылыққа алу; тау-кен өндірісінің техникалық жағдайын жетілдіру және арттыру, қазіргі экономикалық жағдайларда ұйымның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды іске асыру; объектілердің кеңістіктік-геологиялық жағдайын анықтау; пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде технологиялық процестерді тиімді және қауіпсіз іске асыруды қамтамасыз ету жабдықтары мен техникалық құралдарын пайдалану; таукен өндіру кәсіпорындарын, жер бетіндегі және жер астындағы әр түрлі объектілерді салу және пайдалану кезінде өндірістік процесті ұйымдастыру; жобаларға, техникалық талаптарға және қауіпсіздік ережелеріне сәйкес тау-кен және құрылыс жұмыстарын орындауды қамтамасыз ету.
Ұйымдастыру-басқару қызметі: – қазіргі заманғы әдістердің, басқару принциптерінің, озық тәжірибенің, техникалық, әлеуметтік және жеке факторлардың негізінде ұжымдағы өз еңбегі мен еңбек қатынастарын ұйымдастыру; қызметкерлердің жеке кәсіби деңгейі мен білімін арттыру, оларды нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес оқыту және аттестаттау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; Сапа, орындау мерзімдері және экологиялық тазалығы талаптарын ескере отырып, жұмыстарды орындау кезінде оңтайлы шешімдерді іздеу. Жобалау-конструкторлық қызмет: – технологиялық процестерді, жұмыстарды кешенді механикаландырудың техникалық құралдарының өнімділігін, тау-кен кәсіпорындарының көлік жүйелерінің өткізу қабілетін есептеуді орындау, жұмыстарды ұйымдастыру кестесін құру, қажетті техникалық құжаттарды әзірлеу, тау-кен және бұрғылау-жарылыс жұмыстарының төлқұжаттарын құру; жобалық шешімдерді әзірлеуге тапсырма дайындау.
келесі кәсіби қызметтерді атқара алады:
өндірістік-технологиялық қызметі: – кәсіби қызметінің мәселелерін шешу; — мұнай, мұнай өнімдері мен газды көлікпен және сақтаумен тікелей айналысатын кәсіпорындарда;
ұйымдастыру-басқару қызметі: — өндірістік және техникалық шешімдерді шешу және ескеру үшін техникалық, қаржылық, психо-логиялық факторларды ескере отырып, команда және басқару жұмысын ұйымдастыру қабілеті; — мұнай өнеркәсібі кәсіпорындарында, компанияларында және ұйымдарында белгілі өндірістік жұмыс тәжірибесі болған жағдайда;
жобалау–конструкторлық қызметі: — тиісті магистратура аяқталғаннан кейін мұнай мен газды тасымалдау мен сақтауға арналған процестерді, технологиялар мен жабдықтарды жобалаумен айналысатын жобалау-конструкторлық институттарда, бюролар мен ұйымдарда;
ғылыми-педагогикалық қызметі: — ғылыми және білім беру ұйымдарында жұмыс істеу.
Түлектердің кәсіби қызметінің негізгі функциялары мыналар болып табылады: — мұнай-газ кешендерін ұйымдастыру, жобалау, өндіру және пайдалану; жұмыстарды жүргізудің қауіпсіз жағдайларын, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету.
Кәсіби қызмет салаларына мыналар кіреді: мұнай өнімдерін қайта өңдеу және өндіру бойынша кәсіпорындарда, мұнай-газ саласының сервистік және мердігерлік ұйымдарында, жобалау ұйымдарында, Төтенше жағдайлар министрлігі органдарында, мемлекеттік техникалық қадағалау, табиғатты қорғау және бақылау ұйымдарында, консалтингтік ұйымдарда.
білім беру бағдарламасы бойынша келесі кәсіби қызмет түрлерін орындай алады:
өндірістік-технологиялық қызмет: — тау-кен және жарылыс жұмыстарына, сондай-ақ тау-кен өндірісінің жабдықтары мен техникалық жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету жұмыстарына техникалық басшылық жасауды жүзеге асыру; тау-кен, жарылыс жұмыстарын, сондай-ақ жер асты құрылыстарын салу мен пайдалануға, жабдықтарды пайдалануға байланысты жұмыстарды орындау тәртібін реттейтін нормативтік құжаттарды әзірлеу, келісу, жұмыстарды жүргізуге техникалық құжаттама талаптарының, қолданыстағы нормалар, ережелер мен стандарттардың орындалуын қамтамасыз ету; тау-кен өндірісінің экологиялық қауіпсіздігін арттыру жөніндегі іс-шараларды іске асыру; тәжірибелік қызметте жер қойнауының кешенді георесурстық әлеуетінің принциптерін басшылыққа алу; тау-кен өндірісінің техникалық жағдайын жетілдіру және арттыру, қазіргі экономикалық жағдайларда ұйымның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды іске асыру; объектілердің кеңістіктік-геологиялық жағдайын анықтау, қажетті геодезиялық және маркшейдерлік өлшеулерді орындау, олардың нәтижелерін өңдеу және түсіндіру; пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде, сондай-ақ әртүрлі мақсаттағы жер асты объектілерін салу және пайдалану кезінде технологиялық процестерді тиімді және қауіпсіз іске асыруды қамтамасыз ету жабдықтары мен техникалық құралдарын пайдалануға; пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде, сондай-ақ жер асты объектілерін салу және пайдалану кезінде аварияларды жою жоспарларын әзірлеуге; тау-кен өндіру кәсіпорындарын, жер бетіндегі және жер астындағы әртүрлі объектілерді салу және пайдалану; жобаларға, техникалық талаптарға және қауіпсіздік ережелеріне сәйкес тау-кен және құрылыс жұмыстарының орындалуын қамтамасыз ету.
ұйымдастыру-басқару қызметі – — қазіргі заманғы әдістер, басқару принциптері, озық тәжірибе, техникалық, әлеуметтік және жеке факторлар негізінде ұжымдағы өз еңбегі мен еңбек қатынастарын ұйымдастыру; нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес қызметкерлердің жеке кәсіби деңгейі мен білімін арттыру, оларды оқыту және аттестаттау бойынша жұмысты ұйымдастыру; Сапа, орындау мерзімі және экологиялық тазалық талаптарын ескере отырып жұмыстарды орындау кезінде оңтайлы шешімдерді іздеу.
жобалау-конструкторлық қызмет: – Технологиялық үдерістердің есебін, кешенді механикаландырудың техникалық құралдарының өнімділігін, тау-кен кәсіпорындарының көлік жүйелерінің өткізу қабілетін орындау, жұмыстарды ұйымдастыру кестесін құру, қажетті техникалық құжаттаманы әзірлеу, тау-кен және бұрғылау-жарылыс жұмыстарының төлқұжаттарын құру; жобалық шешімдерді әзірлеуге тапсырма дайындау.
Магистратура
7М07203 – «Тау-кен ісі» мамандығы бойынша «Техникалық ғылымдар магистрі» кәсіби қызметтің келесі түрлерін жүзеге асыра алады:
өндірістік-технологиялық қызмет: – тау-кен-жару жұмыстарына техникалық басшылықты, сондай-ақ тау-кен өндірісінің жабдықтары мен техникалық жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жүзеге асыру; тау-кен-жару жұмыстарын жүргізу тәртібін реттейтін нормативтік құжаттарды әзірлейді және келіседі.
ұйымдастырушылық-басқару қызметі: – заманауи әдістер, басқару принциптері, озық тәжірибелер, техникалық, әлеуметтік және жеке факторлар негізінде ұжымдағы жұмыс пен еңбек қатынастарын ұйымдастыру; нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес қызметкерлердің өз кәсіби деңгейі мен білімін арттыру, оларды оқыту және аттестациялау бойынша жұмысты ұйымдастыру; сапа, орындалу мерзімі және экологиялық тазалық талаптарына сәйкес келетін жұмыстарды орындау кезінде оңтайлы шешімдерді іздеу.
жобалау-конструкторлық қызмет: – технологиялық процестерді, жұмыстарды кешенді механикаландырудың техникалық құралдарының өнімділігін, тау-кен өндіруші кәсіпорындардың көлік жүйелерінің өткізу қабілетін есептеуді жүзеге асыру, жұмыс кестесін жасау, қажетті техникалық құжаттамаларды әзірлеу, тау-кен жұмыстарына паспорттар жасау және бұрғылау және жару жұмыстары; конструкторлық шешімдерді әзірлеуге арналған тапсырмаларды дайындау.
Пәндерд: Eco-Mining-тегі Геймификация // Тау-кен жүйелерін модельдеу (10 кредиттер), Eco-Mining үшін пайдалы қазбалардың қайта өндеуін жетілдіру // Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету (5 кредиттер), Минералды ресурстарды ұтымды пайдалану (10 кредиттер), Өндірістік қалдықтарды басқару,ресурстарды қалпына келтіру және қайта өңдеу технологиясы // Жер қойнауын пайдаланудағы өзгерістер (10 кредиттер), Проблемы и инновации в технологической цепочке минерально-сырьевых ресурсов // Актуальные проблемы в горном деле (10 кредиттер).
Докторантура
мамандығы бойынша PhD докторы кәсіби қызметтің келесі түрлерін орындай алады:
өндірістік-технологиялық қызмет: –пайдалы қазбалар кен орындарын игеру тәсілдерін жобалау, құру және пайдалану саласында қабылданатын шешімдерді бағалаудың техникалық, технологиялық, экономикалық, экологиялық және әлеуметтік өлшемдерінің жиынтығын негіздеу; тау-кен-технологиялық кешендер мен жүйелерді дамыту, тау-кен массивінің қасиеттері мен байланыстарын зерттеу, физикалық., геожүйе компоненттерін математикалық, имитациялық және компьютерлік модельдеу; тау-кен кешендері мен жүйелерін әзірлеу, құрылымдық және параметрлік синтездеу, оларды оңтайландыру, сондай-ақ тиімді басқарудың алгоритмдері мен техникалық құралдарын әзірлеу; әртүрлі тау-кен-геологиялық жағдайларда тау-кен техникалық кешендері мен жүйелерінің жұмыс істеу қабілеттілігі мен қауіпсіздігін зерттеу; пайдалы қазбалар кен орындарын игерудің технологиялық схемаларының сенімділігі мен үнемділігін арттыру, қауіпсіз т тиімді пайдаланудың әдістері мен құралдарын әзірлеу; тау кен ісіндегі құбылыстар мен процестерді физикалық және математикалық модельдеу әдістерін әзірлеу; газ тәрізді, сұйық, қатты және дисперсті күйдегі пайдалы қазбаларды өндіру технологияларын әзірлеу теориясы мен практикасын дамыту; өндірілетін шикізаттың физикалық, химиялық және механикалық сипаттамаларын зерттеу; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде білім беру және педагогикалық қызметті жүзеге асыру.
ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет – басқарудың заманауи әдістері, қағидаттары, озық тәжірибе, техникалық, әлеуметтік және жеке факторлар негізінде ұжымда өз еңбегі мен еңбек қатынастарын ұйымдастыру; қызметкерлердің өзіндік кәсіби деңгейі мен білімін арттыру, оларды нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес оқыту және аттестаттау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; жұмыстарды орындау кезінде оңтайлы шешімдерді іздеу сапа талаптары, орындалу мерзімі және экологиялық тазалық.
жобалау-конструкторлық қызмет – технологиялық процестерді, жұмыстарды кешенді механикаландырудың техникалық құралдарының өнімділігін, тау-кен кәсіпорындарының көлік жүйелерінің өткізу қабілетін есептеуді орындау, жұмыстарды ұйымдастыру кестесін жасау, қажетті техникалық құжаттаманы әзірлеу, тау-кен және бұрғылау-жару жұмыстарының паспорттарын жасау; жобалық шешімдерді әзірлеуге тапсырма дайындау.