Максималды пайдамен


2022 жылдың 27-30 маусым аралығында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің аға оқытушысы, п.ғ. к., доцент Готтинг В.В. Қонаев қ. «КНАУФ Гипс Қапшағай» ЖШС іссапарға жіберілді.

Бұл іс-сапар «Стратегиялық альянс: құрылыс мамандықтарындағы техникалық және жоғары кәсіби білім» халықаралық жобасы аясында жүзеге асырылды.

Готтинг В.В. КНАУФ және GIZ (халықаралық ынтымақтастық бойынша Германия қоғамының өкілдігі) бірлескен халықаралық жобасына сәйкес «Құрғақ құрылысты оқыту» тренингіне белсенді қатысты.

Тренинг осы жобаның қатысушыларына үздік тәжірибелерді зерттеу, жаңа құзыреттер алу және тәжірибе алмасу тұрғысынан үлкен пайда әкелді.

Без рубрики