«MAKER» ЖШС ҚҚМЗ-ДА ӘБІЛҚАС САҒЫНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРТУ-ДЫҢ 70 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ АЯСЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ


31 наурызда «Maker» ЖШС ҚҚМЗ зауытында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің алдағы 70 жылдық мерейтойына арналған «Қазақстанның машина жасауы: жаңа уақыттың сын–қатерлері» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге «Атамекен» ӨКП, «Қазақстан машина жасаушылар одағы» ЗТБ, «Қазақмыс» ЖШС, «Инкар-1» ЖШС, «РММЗ» ЖШС, «Теміртау Қазмеханомонтаж» ЖШС, «Қарағанды түсті прокат зауыты» ЖШС, «Құрылысмет» ЖШС, «Eurasian machinery» ЖШС, «Шұбаркөл көмір» АҚ, «ASIA FERROALLOYS» ЖШС кәсіпорындарының басшылары, сондай-ақ оқу орындарының өкілдері қатысты: Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті және Қарағанды машина жасау колледжі.

Дөңгелек үстел «Maker» ЖШС ҚҚМЗ кәсіпорнының аумағында өтті, ол студенттерді оқыту процесінде техникалық көмек көрсете отырып, дуальды білім беру элементтерін жоғары деңгейде қамтамасыз етеді, кәсіпорында «Технологиялық жабдық, машина жасау және стандарттау» (ТЖМжС) кафедрасының филиалы болып табылатын оқу сыныбын құрады, сондай-ақ студенттерге сабақ өткізу үшін кәсіпорынның жетекші мамандарын ұсынады.

Дөңгелек үстел модераторы Қарағанды құю-машина жасау зауытының басқарма төрағасы Жәнібек Алтынбекұлы Байғабелов өзінің құттықтау сөзінде Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Қарағанды өңірінің машина жасау саласының қалыптасуы мен дамуындағы көрнекті рөлін атап өтіп, машина жасау кәсіпорындарын жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету міндеттерін шешуге қосқан баға жетпес үлесі үшін ЖОО өкілдеріне алғысын білдірді. Университет атынан атқарушы директор, т.ғ. д., профессор, Әл-Фараби атындағы ғылым және техника саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Исағұлов Аристотель Зейнуллинович сөз сөйлеп, кафедра филиалында сабақ өткізуде, ғылыми зерттеулер, өндірістік практикалар, ПОҚ тағылымдамаларын өткізуде кәсіпорынның жоғары рөлін атап өтті. «Maker» ЖШС Корпоративтік университетінің мүшесі бола отырып, ТЖМжС кафедрасына оқу жоспарын жетілдіруге, оқу-әдістемелік әдебиеттерді әзірлеуге, демеушілік қызмет пен кафедраның материалдық-техникалық базасын жаңғыртуға көмектеседі. Сонымен қатар, дөңгелек үстелде кафедра меңгерушісі, PhD докторы Василий Викторович Юрченко «Модельдік жабдықтарды өндіру үшін аддитивті технологияларды қолдану» және «Машина жасау» саласы бойынша өңір үшін кадрлар даярлаудың өзекті мәселелері» атты шолу баяндамасын жасады.

Аймақтың ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарының өкілдерімен бірлесіп, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің профессорлық-оқытушылар құрамы 70 жылдық мерейтойы аясында машина жасау және құю өндірісі саласындағы ғылыми-практикалық қызметке қатысты маңызды мәселелерді талқылады. Өндірісте туындайтын өзекті мәселелер және өңірдің машина жасау кәсіпорындарының өндірістік саласында оларды практикалық іске асыру мүмкіндігімен ЖОО ғалымдарының келешектегі әзірлемелері мынадай тақырыптар бойынша қаралды:

  • Қарағанды құю-машина жасау зауытының базасында кадрлар даярлау жүйесі – Бижанова Динара Балкеновна — Қарағанды құю-машина жасау зауытының персонал жөніндегі менеджері;
  • «Нанотехнология және металлургия» кафедрасының ғылыми қызметінің нәтижелері мен мүмкіндіктері – Куликов Виталий Юрьевич – т.ғ.к., профессор, «Нанотехнология және металлургия» кафедрасының меңгерушісі;
  • Қарағанды құю-машина жасау зауытының құю өндірісі мәселелері – Харитонов Александр Валерьевич – Қарағанды құю-машина жасау зауытының бас технологы;
  • «КОРМС» ИБСЗ ғылыми қызметінің нәтижелері мен мүмкіндіктері – Андреященко Виолетта Александровна – PhD, қауымдастырылған профессор;
  • Қарағанды құю-машина жасау зауытының дәнекерлеу өндірісі саласындағы жетістігі – Қалижар Нұрханұлы Серкебаев — Қарағанды құю-машина жасау зауытының бас дәнекерлеушісі;
  • Машина жасаудағы дәнекерлеудің перспективалық әдістері – Бартенев Игорь Анатольевич – «Технологиялық жабдық, машина жасау және стандарттау» кафедрасының т.ғ.к., доценті.

ҚҚМЗ өкілдері кәсіпорынның негізгі жоғары автоматтандырылған өндірістік цехтарына экскурсия өткізді, оның барысында қонақтар өндірістің жоғары техникалық деңгейімен танысты.

Дөңгелек үстел қорытындысында келесі ұсыныстар шығарылды. «Атамекен» ӨКП, «Қазақстан машина жасаушылар одағы» ЗТБ бірлесіп, инженерлік-техникалық кадрларды даярлау мерзімдерін төрт жылдан бастап бес жылға дейін ұлғайту туралы ерте кәсіптік бағдарлау (бастауыш сыныптардан) мәселесін қарастыру. «Maker» ЖШС басшылығының бастамасымен ҚҚМЗ «Машина жасау» білім беру бағдарламасының үздік студенті үшін жыл сайынғы дербес стипендия бөлінді. Бұл бастаманы «Maker» ЖШС Басқарма Төрағасы ҚҚМЗ Байгабелов Жәнібек Алтынбекұлы мырза дөңгелек үстелдің барлық қатысушыларына қолдау көрсетуді сұрады. Сондай-ақ, «Maker» ЖШС ҚҚМЗ басшылығы жастар арасында машина жасау өндірісі мен инженерлік білім беруді насихаттау үшін техникалық бейіндегі олимпиадалар мен жарыстар өткізуді ұсынды. Ал «Қазақмыс» ЖШС өкілдері оқу процесінде тәлімгерлікті қамтамасыз ете отырып, бірінші курстан бастап жоғары оқу орнының студенттерін өнеркәсіптік кәсіпорындарға жетекшілік ету идеясын қолдады.

Без рубрики