Македония ЖОО-ларында оқу


Безымянный

Македония Республикасының үкіметі Охрид қаласындағы Ақпараттық ғылым және технологиялар университетінде (университеттің ресми сайты: www.uist.edu.mk) 2014-2015 жж.бакалавриат бағдарламасы бойынша оқуға стипендия бөледі.

Стипендия жасы 22-ден аспаған, жоғары үлгерімімен студенттерге арналған.

Ақпараттық ғылым және технология университетінде келесі факультеттер бар:

—     байланыс желілері және қауіпсіздік факультеті;

—     Компьютерлік ғылымдар мен инженерия факультеті;

—     ақпараттық жүйе, визуализация, мультимедиа және анимация факультеті;

—     ақпараттық және коммуникация байланыстарының факультеті;

—     бизнес — информатика бағдарламаларын зерттеу факультеті;

—     Қолданбалы машина және робототехника факультеті.

Стипендия келесі шығындарды өтейді:

—     оқу ақысы және кампуста тұру;

—     виза шығындары;

—     тамақтану

Өтінім беру мерзімі 2014 жылдың 1-ші тамызына дейін.

Қосымша ақпарат алу үшін

Халықаралық байланыс бөліміне хабарласыңыз (бас ғимарат, каб.309а).

Байланыс телефоны: 567598, ішкі 2048

ХББ жұмыс сағаты: 8.30-дан 17.30-ға дейін (түскі үзіліс: 12.30-дан 13.30-ға дейін)

Сонымен қатар қосымша ақпаратты: www.stipendii.mon.gov.mk/foreign-students сайтынан білуге болады

Без рубрики