Макатов Дархан докторлық диссертациясын қорғау туралы


«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ 6D070700 – «Тау-кен ісі» мамандығы бойынша PhD философия докторы дәрежесін алу үшін Макатов Дархан Кайратовичтің «Оңтүстік Кемпірсай массивінің хромит кен орнының геологиялық құрылымы, заттық құрамы, түзілу шарттары және барлау әдістемесі» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғау өтеді.

Докторлық диссертацияны қорғау тілі – орыс тілінде.

Диссертациялық жұмыс «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ «Геология және пайдалы қазбалар кен орынын барлау» кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

  1. Ақылбек Жүнісов Асыраркулович – геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, профессор, «Қ.И. Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институтыны» ЖШС-нің бас ғылыми қызметкері, Алматы қ.;
  2. Байбатша Әділхан Бекділдаұлы – геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің «Инновациялық геология-минералогия лабораториясының» меңгерушісі, Алматы қ.;

Ғылыми кеңесшілер:

  1. Портнов Василий Сергеевич – техника ғылымдарының докторы, КеАҚ «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» кафедрасының профессоры, Қарағанды қ.;
  2. Савельев Дмитрий Евгеньевич — геология-минералогия ғылымдарының докторы, Ресей ғылым академиясының, Уфа федералдық ғылыми-зерттеу орталығындағы Федералдық мемлекеттік бюджеттік ғылыми мекемесінің — Геология институтының жетекші ғылыми қызметкері.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері

  1. Бекботаева Алма Анарбековна – доктор PhD, Қ. Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ ісі институтының «Пайдалы қазбалар кенорындарын геологиялық түсіру, іздеу және барлау» кафедрасының меңгерушісі, Алматы қаласы.
  2. Суйекпаев Ертлек Серикханович – доктор PhD, жобаның жетекші кеңесші-геологы ТОО «Mine Database Company», Алматы қаласы.
  3. Тогизов Куаныш Серикханович – доктор PhD, профессор, Қ.И. Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институтының сирек және сирек жер металдары зертханасының меңгерушісі, Алматы қаласы.

Онлайн қорғау 2023 жылдың 10 шілдесінде, сағат 14.00-де «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ өтеді.

Мекен-жайы: 100027, Қарағанды қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 56, 2 корпус, 302 аудитория.

Сілтеме: https://us05web.zoom.us/j/81064413882?pwd=a1NoN21jRloyYzNEWnhacFo3T1BYdz09

Конференция идентификаторы: 810 6441 3882

Кіру коды: L9yHTF

e-mail: mdk_geo@mail.ru

Без рубрики