Магистратураның «Таукен — металлургиялық машинажасау кешені» жаңа мамандығы бойынша жоғары білікті мамандарды даярлау


Қарағанды облысының ГПИИР-2 аумақтық кластерлерді жүзеге асыру мақсатында магистратураның «Таукен — металлургиялық машинажасау кешені» жаңа мамандығы бойынша жоғары білікті мамандарды даярлау, МТ кафедрасының алдында үлкен міндеттерді қояды.

Жаңа форматты мамандарды дайындау білім, ғылым және  өндіріс интеграциясының қажеттілігін айқындайды. Мұнда ірі өнеркәсіп тек қана жұмыс беруші ретінде ғана емес, мамандарды даярлау процессіне үлкен үлеспен  қатысады.

Осыған байланысты 29.01.2015ж. — 03.02.2015ж. аралығында МТ кафедрасының мұғалімдер ұжымы келесідей өндірістердегі техникалық мәжілістерге қатысты: ЖШС «КарГорМаш-М» (директор Жакенов С.А.), КФ АО «НаЦЭкс» (директор Жунусбеков  Т.К.), №2 Өнеркәсіп ЖШС «Құрылысмет» (директор Муратбекова М.С.), сонымен қатар РГП «КазИнМетр» (директор Ахмеров Р.М. ).

Мәжілістерде Қарағанды облысындағы ГПИИР-2 бойынша мамандарды дайындау жөніндегі серіктестік сұрақтарының перспективалары қарастырылып, техникалық жабдықталуы жағынан ары қарай серіптестікке қол жеткізді. Сонымен қатар жиналыста өнеркәсіптік проблемалар, инновациалық жобаларды біріге отырып өңдіру жайындағы  келісім шартқа қол жеткізді.

Оқу–әдістемелік жұмыс барысында «КазИнМетр», КФ АО «НаЦЭкс», «КарГорМаш-М» өнеркәсіптер негізінде және олардың жетекші мамандары мен материалды-техникалық қорларын тартумен зертхана-тәжірбиелік сабақтардың өткізілуі жайында келісім жасалды.

Оқу әдістемелік құралдар, монографиялар және ғылыми мақалалардың бірлесіп шығару жоспары келісілді.

Өнеркәсіптер ұжымы МТ кафедрасының зертхана базасын жанартуға мүлтекті өтеусіз  техникалық (демеушілік) көмек көрсету туралы шешім шығарды.

Техникалық жиналыстан кейін МТ кафедрасының ұжымы ҚарМТУ мамандықтары жайында видеоматериалдарды көрсетіп презентация ұсынды және екінші жоғарғы білімді  алу бойынша алдын ала келісімдер жасалды.

Без рубрики