Ұлттық тестілеу орталығы (ары қарай-ҰТО) 2016 жылы магистратура, адъюнктура, резидентура және докторантураға түсу емтихандарына дайындыққа арналған шетел тілдері бойынша (ағылшын, неміс,француз) оқу- әдістемелік құралдарын шығаруды жоспарлауда.
ОӘҚ –дар тестке дайындық бойынша ұсыныстар, тест үлгілері және дұрыс жауап кодтарынан, тесттердің бірінші бөлігіне арналған мәтіндердің аудио жазбаларынан, және де құрал соңында аудиожазбалар, сонымен қатар ұсынылған әдебиттертізімінен тұрады. Әр тіл бойынша ОӘҚ құны- 2250 тг.
Өтініш беру үшін Сіздерді 2016ж. 19 қаңтарға дейін WEB- қосымшасының автоматтандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуіндегі http://prob.ncgsot.kz/ump/ сайтында берілген «Шетел тілдері бойынша оқу-әдістемелік құралға өтініш» үлгісін толтыруларыңызды сұраймыз