Ғ. Мұстафиннің 120 жылдығына арналған «Ақын жырлаған жер» мастер-класы өткізілді


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенттері кәсіби құзыреттілікті игеріп қана қоймай, білімі ауқымды, мәдениетті адам болуға тырысады. Әрине, біздің студенттерге Ғабиден Мұстафиннің кім екенін түсіндірудің қажеті жоқ. Бірақ ол туралы білімді кеңейту мен тереңдету және оның шығармаларын еске түсіру, елдің тарихи өткені мен мәдениетіне деген қызығушылықты ояту артық болмайды. Өйткені, оның жазғандарының бәрі өз Отанына деген сүйіспеншілікке, патриотизмге толы, адамның қоғам өміріндегі белсенділікке шақырады.

Осыған байланысты, «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасының міндеттерін іске асыру аясында АРХ-22-5 тобының кураторы С.А. Иванова Ғ. Мұстафиннің 120 жылдығына арналған «Ақын жырлаған жер» атты шеберлік сыныбын өткізді.

Студенттер мастер-класс ұйымдастыруға белсенді қатысты. Олар «Ғабиден Мұстафин — Қазақстанның Халық жазушысы» атты презентация дайындап, әдеби шолу жасады. Жазушының «Қарағанды» және «Куәгер» шығармаларынан оқылған үзінділер көпшілікке өте ұнады. Сонымен қатар, студенттердің шығармашылық жұмыстары оның романдары негізінде суреттер түрінде дайындалды. Ал бірінші курс студенті Мұхтар Жақсылық «Ғабиден Мұстафин» атты  өзі шығарған өлеңімен жұртты таң қалдырды.

Сондай-ақ, студенттер Kahoot платформасында «Ғабиден Мұстафин: жарқын өмір, шығармашылық және халықтың махаббаты» викторинасын дайындадап өткізді, ол топтың барлық студенттерінің шынайы қызығушылығы мен белсенді қатысуын тудырған кураторлық сағат тақырыбы бойынша 20 сұрақтан тұрады.

Мұның бәрі мастер-класты қызықты әрі есте қаларлықтай етуге мүмкіндік берді.

Без рубрики